3.Қазақ тілі_3- сынып_3-бөлім_ Уақыт_№11. Жалаң және жайылма сөйлем_ Дидактикалық материал
Бөлім: Уақыт
Сабақ тақырыбы: №11. Жалаң және жайылма сөйлем
Қосымша №1
Мәтінді түсініп оқы.
Мен әр демалыс сайын ауылдағы атама барамын. Атам – орманшы. Өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігі туралы көп біледі.
Бірде атам екеуіміз орман ішін аралап жүріп, алаңқайға шықтық. Алаңқайда әртүрлі гүлдер жайқалып өсіп тұр. Атам бір гүлге қарап, сағаттың бес болғанын айтты. Мен таңғалдым. Атам маған әр гүлдің қай сағатта ашылып, қашан жабылатынын білсең, онда уақытты білу қиын емес екендігін айтты. Мен атамнан көп нәрсе үйрендім.
Жас натуралистер» кітабынан
Қосымша №2
Қарамен жазылған жайылма сөйлемдерді жалаң сөйлемдерге айналдырып жаз.
Маужырап күн еңкейді,
Ертіс кетті еңістеп,
Алтынданып, жарқылдап,
Су жыбырлап, жел жүріп,
Бетке салқын леп үріп,
Қалды іңір салқындай.
І. Жансүгіров
Қосымша №3
Сәйкестендір
Жай сөйлемдерді түрлеріне қарай сәйкестендір. Асты сызылған сөздерде жіберілген қателерді түзет.
Жалаң сөйлем Жайылма сөйлем | Күн салғындады. Ағаштың жапырағтары түсе бастады. Құстар жылы жаққа ұшұп барады. Күз мезгілі. Балалар серуенге шығты. Жанбыр сіркіреді. |
Қосымша №4
Рефлексия
Бағалау критерийі | Қолымнан келеді | Көмек қажет етемін |
мәтіннің тақырыбын және негізгі ойды анықтаймын | ||
жалаң және жайылма сөйлемдерді ажырата аламын | ||
жіберілген қателерді тауып, түзетемін |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?