3.Қазақ тілі_3- сынып_3-бөлім_ Уақыт_№10.Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша_ Дидактикалық материал
3-тарау.Уақыт
Дидактикалық материалдар
Сабақ тақырыбы:№10. Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша.
Қосымша №1
Төрт мезгіл (ертегі ) Ерте,ерте, ертеде атақты Жыл ақсақалдың Қыс, Күз дейтін екі ұлы, Көктем, Жаз дейтін екі қызы болыпты.Ұлдары мен қыздары есейгеннен кейін, Жыл ақсақал оларды алдына шақырыпты.— Ұлдарым мен қыздарым! Ақылдарың толысты, буындарың бекіді. Енді мен сендерге үлкен сенім артып, зор міндет жүктегелі отырмын. Қалай көресіңдер?– деп, ол ұлдары мен қыздарына сынай қарапты.— Мен дайынмын!-дейді қызуқанды Қыс қатулы қабағымен сүзе қарап.— Мен де, – депті Көктем сұлу қасын керіп.— Мен де, – депті көңілшек Күз аузын бұртитып.— Мен де, – депті жадыраған Жаз.Жыл ақсақал оларға риза болады.— Ендеше, мен сендерге он екі Айды үш-үштен теңдей бөліп, енші бергім келіп отыр, – деп, Жыл ақсақал денесін тіктеп алады да, — мына әр қағазға ай аттары жазылған.Әрқайсысың үш-үштен алатын болыңдар,–деп ораулы он екі қағазды шашып тастайды…Ұлдары мен қыздары шашылған қағаздарды таласып- тармасып алып жатады.— Сонымен сендер кезекпен үш ай жұмыс істейтін боласыңдар.Ал жолдарың болсын! Бірақ бір ескертерім сол, әрқашан халық үшін, адамдар үшін қызмет ететіндеріңді ұмытпаңдар,–дейді де Жыл ақсақал кетуге ыңғайланады.Содан бері жылдың төрт мезгілі – көктем, жаз, күз, қыс адамдарға қалтқысыз қызмет етумен келеді. |
Қосымша №2
Рефлексия
|
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?