1.Қазақ тілі_3-сынып_3-бөлім_Уақыт_№10. Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша_ҚМЖ
Пән: Қазақ тілі Бөлімі: Уақыт Сабақ тақырыбы: №10.Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша. | Мектеп: | ||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Калимова З.Б. | ||||||||||||||||||
Сынып: 3 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||
Оқу мақсаты: | 3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау; 3.3.7.2 мұғалім көмегімен бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның орнын білу және қою; 3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, орфографиялық сөздік пен анықтамалық арқылы түзету; | ||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты: |
| ||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||||||||||||
Тірек сөздер | Пәндік терминология мен тірек сөздер Бастауыш, баяндауыш, сызықша Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл: Талқылау үшін сұрақтар:
| ||||||||||||||||||
Құндылықтар | Уақытты қадірлеп,тиімді пайдалана білу | ||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Әдебиеттік оқу, жаратылыстану | ||||||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша. | ||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||
Сабақтың басы 1-5 минут 5 минут
| І. (Ұ) Ұйымдастыру кезеңі. Топтарға бөлу. «Қағаз қиындылары»
Төрт жыл мезгілі туралы суреттерді топ құрамындағы оқушылар саны бойынша беске, алтыға қиып, оларды араластырып, оқушыларға таратып беру керек. Оқушылар қиықтарды құрастырып бүтін сурет шығарады. Сол арқылы топтарға бөлінеді. Әр топ жыл мезгілі туралы сөйлем құрастырады. Саралау І. Көктем - өмір бастауы. ІІ. Жаз- ең ыстық әрі ең көңілді мезгіл. ІІІ. Күз – молшылықтың, берекенің, байлықтың мезгілі. ІV Қыс – климаттық жағдайғаларға байланысты келетін мезгіл.
ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау. Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттары таныстырылады. Оқушыларға бағалау критерийі айтылады. |
| |||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 5-35 минут 5 минут
5-7 минут 1минут 10 минут | ІІІ. (МК, Ө) Көркем жазу Мұғалім сөйлемдегі сөздердің әріптерінің байланысып жазылуын еске түсіртеді. Күз – молшылықтың, берекенің, байлықтың мезгілі. -Мағынасын қалай түсінесіңдер? -Сөйлемдегі бастауыш пен баяндауыштың астын сыз. ІҮ. (Ө,Ұ,Т) 3.2.4.1 Бұл тапсырма «Күш-Әлсіздік-Мүмкіндік-Тәуекелдік» әдісі арқылы орындалады. Мәтінді мұғалім немесе оқушы мәнерлеп оқып береді. Мәтін кейіпкерлерінің көңіл-күйін келтіре оқу керек. Төрт мезгіл (ертегі ) Ерте, ерте, ертеде атақты Жыл ақсақалдың Қыс, Күз дейтін екі ұлы, Көктем, Жаз дейтін екі қызы болыпты.Ұлдары мен қыздары есейгеннен кейін, Жыл ақсақал оларды алдына шақырыпты.— Ұлдарым мен қыздарым! Ақылдарың толысты, буындарың бекіді. Енді мен сендерге үлкен сенім артып, зор міндет жүктегелі отырмын. Қалай көресіңдер?– деп, ол ұлдары мен қыздарына сынай қарапты.— Мен дайынмын!-дейді қызуқанды Қыс қатулы қабағымен сүзе қарап.— Мен де, – депті Көктем сұлу қасын керіп.— Мен де, – депті көңілшек Күз аузын бұртитып.— Мен де, – депті жадыраған Жаз.Жыл ақсақал оларға риза болады.— Ендеше, мен сендерге он екі Айды үш-үштен теңдей бөліп, енші бергім келіп отыр, – деп, Жыл ақсақал денесін тіктеп алады да, — мына әр қағазға ай аттары жазылған.Әрқайсысың үш-үштен алатын болыңдар,–деп ораулы он екі қағазды шашып тастайды…Ұлдары мен қыздары шашылған қағаздарды таласып- тармасып алып жатады.— Сонымен сендер кезекпен үш ай жұмыс істейтін боласыңдар.Ал жолдарың болсын! Бірақ бір ескертерім сол, әрқашан халық үшін, адамдар үшін қызмет ететіндеріңді ұмытпаңдар,–дейді де Жыл ақсақал кетуге ыңғайланады.Содан бері жылдың төрт мезгілі – көктем, жаз, күз, қыс адамдарға қалтқысыз қызмет етумен келеді. 1 –тапсырма: (Ұ,Ө) Қарамен жазылған сөздерді қатыстырып, сөйлемдер құрастырып жазу. Бастауыш пен баяндауыштың астын тиісті сызықтармен сызу. Саралау Жаз- жадыраған жайдарлы мезгіл. Күз-көңілшек, ақкөңіл – мезгіл. 2-тапсырма:
Бұл тапсырма «Ойлан, Жұптас, Пікірлес» әдісі арқылы жүргізіледі.Берілген сұрақтарға әрбір оқушы жекеше өз ойлары мен пікірін берілген уақыт ішінде (2-3мин) қағазға түсіреді.Содан кейін оқушы жұбымен жазғанын 3-4 минут талқылайды, пікірлеседі. Мұғалімнің 2-3 жұпқа өз пікірлерін бүкіл сыныпқа жариялауын сұрауына болады. Жасаған жұмыстары сыныптастары тарапынан бағаланады.
Дескриптор: - мәтіннің тақырыбын және негізгі ойды анықтай алады; Ү.Сергіту сәті. Қимыл қозғалыс арқылы жыл мезгілдерінің ауа- райын көрсетеді. Тынық күнде , бір мезет, Жел тұрады гуілдеп. Құлақ салып тыңдасаң, Дыбыстайды у- у- у деп. (қыс) Бұлт үйірілсе аспанда, Түнереді атырап. Жаңбыр жауса бір мезет, Дыбыстайды тырс – тырс – деп ( көктем) Күзгі орманда жапырақ, Жел тұрғанда шуылдап. Дыбыстайды ыш – ыш- ыш- деп ( күз) ҮІ. (Ө,Ұ,Т) 3.3.7.2, 3.3.5.1 Көру диктанты Оқушылардың көру, есте сақтау қабілеттерін дамыту, бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның орнын білу. Қара әріппен жазылған сөзге назар аудартылып, сөздің айтылуы мен жазылуына мән беру. Айдын мен Самат үшінші сыныпта оқиды. Олар бос уақытын бірге өткізеді. Қыстыгүні мұз айдынында коньки теуіп, таудан шаңғымен сырғанағанды ұнатады. Жазғытұрым жыл құстарына ұя жасап, ағашқа іледі. Олар – құстардың қамқоршысы. Ал күздігүні жаз бойы өсірген бақша өнімдерін жинайды. Одан аналары қысқа түрлі дәруменді тағамдар дайындайды. Олар -анасының көмекшісі. «Балдырған» журналынан Оқушылар тақтада берілген мәтінге қарап өзін-өзі тексереді. Дескриптор:
| Қосымша №1 Слайд №2 Слайд №3 Слайд №4 | |||||||||||||||||
Қорытынды бөлім 35-40 минут 5 минут | Рефлексия
|
Қосымша №2 | |||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||||||||
Саралау | Бағалау – оқушылардың білімдерін қадағалауды қалай жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздік | |||||||||||||||||
|
| Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?