2.Қазақ тілі_3-сынып_3-бөлім_Уақыт_№7 сабақ_Сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелері_Презентация


Қазақ тілі 3-сынып

3-бөлім: Уақыт

Сабақ тақырыбы:

Сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелері

Оқу мақсаты

мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер/фото/диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау

сөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш) және тұрлаусыз мүшелерін ажырату

түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап диалогке қатысу

Бағалау критерийлері

- сөйлем мүшелерін ажыратып, сөйлемдер құрастырады;

- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазады;

- сұхбаттасының айтқанын тыңдап, сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатыса алады.

«Дұрыс-бұрыс» ойыны

Венн диаграммасы

Сөйлемдерді оқы. Олардың қандай ұқсастықтары мен өзгешеліктері бар?

Жаңбыр жауды. Бүгін нөсер жаңбыр жауды.

- Бұл сөйлемдерде жаңбыр туралы, оның жауғаны туралы айтылып тұр. Екі сөйлем де жаңбыр туралы айтылып, оның жауғанын хабарлайды.

Жаңбыр жауды – сөйлемнің тұрлаулы мүшелері. Ол бастауыш пен баяндауыштан тұрады. Тұрлаулы мүшелер сөйлемдегі негізгі ойды білдіреді. Ал екінші сөйлемде бастауыш пен баяндауыштан басқа да сөздер қолданылған.

Ереже

Сөйлемдегі бастауыш, баяндауыштардан басқа сөйлем мүшелерін тұрлаусыз мүшелер деп атайды. Оларға қандай? кімге? неге? қашан? қайда? т.б. сұрақтар қойылады.

Сөйлемдерді оқып, тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерді екі бағанға бөліп жаз. Қарамен белгіленген сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талда.

Үлгі: Біз ұшаққа міндік.

Тұрлаулы Тұрлаусыз

Біз міндік ұшаққа

Сергіту сәті

Кел, балақан, балақан,

Шапалақта алақан.

Жай, жай, жай,

Шапалақта алақан,

Шапалақта алақан.

 

Қозғап барлық денеңді,

Қолды қатты соқ енді.

Сарт, сарт, сарт,

Қолды қатты соқ енді, 

Қолды қатты соқ енді. 

Мәтінге ат қой. Сөйлемдерді көшіріп жазып, сөйлем мүшелеріне талда.

Сабыр жылы киінді. Ол шаңғысын сыртқа алып шықты. Күн ашық. Аздап аязды жел соғады. Мұзды алаңда бір топ бала коньки теуіп жүр.

Сабыр жолдың жағалауымен сырғанай жөнелді. Лезде жазық далаға шықты. Осындай қарлы далаға шаңғы тепкен қандай қызық!

Суретті әңгімеле

Екі тілек, бір ұсыныс

Талқылау сұрақтары:

- Сөйлемнің тұрлаулы мүшесі дегеніміз не?

- Сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі дегеніміз не?

- Қалай ойлайсындар сөйлемде тұрлаусыз мүшелер қандай қызмет атқарады?

- Егер сөйлемде тек тұрлаулы мүшелерді қолдансақ қалай болар еді?

Өздік диктант

Данияр (үйірме) барды. Ол (үйірме) шахмат ойнады. (Үйріме) көп балалар қатысады. Кешке жақын (үй) қайтты.

Коллаж әңгіме

«Уақытыңды бағала»

Топтар бірін-бірі бағалайды.

- сөйлеу барысында тақырыптан ауытқымау;

- сөйлеу барысында берілген уақытты сақтау;

- жұмысқа топтың барлық мүшелерінің белсенді қатысуы.

Бағалау критерийлері

Үй тапсырмасы

Үлкендерге қалай көмектесетіндері туралы әңгіме жазып, тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелердің астын сыз



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу