4.Қазақ тілі_3-сынып_3-бөлім_Уақыт_№6сабақ_Сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелері_Мұғалімге әдістемелік нұсқау
Мұғалімге әдістемелік нұсқау
Бөлім: Уақыт
Сабақ тақырыбы: №6. Сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелері
Сабақ мақсаттары
3.4.2.7 сөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш) және тұрлаусыз мүшелерін ажырату
3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету.
3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру
Ресурстар: үлестірме материалдар, А4 қағаз, фломастер.
Қауіпсіздік және денсаулық сақтау
Сыныпта оқушылар ержелері еске түсіріледі. Сергіту сәті ұйымдастырылады.
Сабаққа қажетті теориялық материалдар
Оқушыларға сызба көрсетіліп сұрақ қойылады. -Сызбаны қалай түсінесіңдер?
Ықтимал жауаптар:
Ілияс ойнады. Ілияс доппен ойнады.
Апам тікті. Апам кесте тікті.
Сызба арқылы бастауыш пен баяндауышты оқушылар естеріне түсіргенен кейін ережесі беріледі. Сонымен қатар сөйлемде тұрлаулы мүшелерден басқа тұрлаусыз мүшелер бар екеніне назар аударылады.
Сабаққа қатысты ескертпелер
«Акросөз»
Сөйлем – сөзінің әріптері тігінен жеке-жеке жазылады. Әр бір әріптің қасына сол әріптен басталатын сөздерді жазады. Сөздер бүгінгі парталас көршісіне тілек түрінде жазылады, бір-біріне парақтарды сыйлайды.
С – сенімді
Ө - өнімді
Й – икемді
Л – лайықты
Е – еңбекқор
М – мәдениетті
«Миға шабуыл» әдісі. Оқушылармен презентацияда берілген мақал-мәтелдер талданады.
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылады.
Қарамен жазылған сөздердің астын сызып, оларға сұрақ қояды. Бұл сөздер қимыл иесі болып тұрғанын байқайды.
Мұғалім оқушылардан бастауыш және баяндауыш туралы ережелерді сұрап, қайталайды. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері туралы ережені түсіндіреді. Үлгіде берілген сөйледердегі сөздердің қай сөйлем мүшесіне жататынын оқушылармен бірге анықтайды.
Сергіту сәті. Қауіпсіздік ережесі еске түсіріледі.
3.2.3.1 (Ұ,Т) Топтарға суреттер таратылып беріледі. Әр сурет бойынша сөйлемдер құрастырып, 2 сұрақ қояды. Жазған сөйлемдерден бастауыш пен баяндауышты табады.
Сөйлемдерде қолданылатын тірек сөздер: күз, алма ағашы, жаңбырлы күн.
Топтар бірін-бірі келесі критерийлер бойынша бағалайды:
- тірек сөздер қолданылған;
- сөйлемдер суреттерге сай құрастырады;
- сөйлемдерден бастауыш пен баяндауышты атайды;
- басқа топқа 2 сұрақ қояды.
Оқушыларға талқылауға қойылатын сұрақтар:
- Бастауыш дегеніміз не?
- Сөйлемде бастауышты қалай табуға болады?
- Баяндауыш дегеніміз не?
- Сөйлемде баяндауышты қалай анықтауға болады?
- Егер біз сөйлесу барысында бастауыш пен баяндауышты қолданбасақ не болар еді?
3.3.6.1 (Ө,Т) Оқушылар алдымен өз бетінше берілген мәтінді ары қарай жалғастырады. Құраған мәтіндерін топта оқып, өздері үздік деп таңдаған мәтінді сыныпқа «Автор орындығы» стратегиясы арқылы жариялап оқиды.
Ықтимал мәтін: Мұрат қарт атасымен баққа кірді. Мұраттың көзі кішірек алма ағашына түсті. Оның бір бұтағын ойнап жүргенде өзі сындырып алған еді.
3.1.3.1 (Ө,Ж) Оқушылар берілген сөздерді пайдаланып, өз жұбымен диалог құрастырып жазады.
(Т) Уақыт тақырыбына байланысты оқушылар іздену жұмысын ұйымдастырып жүргізеді. Әр топқа тапсырмалар таратылып, әдебиеттер беріледі (қазақ мақал-мәтелдері, жұмбақтар жинақтары). Оқушылар топ ішінде өзара жұмыстарды бөлісіп алып постерге түсіреді. Жасаған постерлерін «Галлереяны шарлау» стратегиясы арқылы қабырғаларға іліп топтар өзара критерий негізінде бағалайды.
Сабақ бойынша рефлексия (кері байланыс)
Оқушыларға кері байланыс алу үшін мына кестені таратып беруге болады. Оқушылар кестені толтыру арқылы сабақтың ұнаған және қиналған тұстарына, тағы да нені меңгергісі келетіні туралы пікірлерін жаздыртуға болады.
Оқушылардың әр тапсырманы орындау барысындағы жетістіктерін мадақтауға назар аудару.
Бағалау критерийлері | Қолымнан келеді | Көмек қажет етемін |
Сөйлем мүшелерін ажыратып, сөйлемдер құрастыра аламын | ||
Диалогке қатыса аламын | ||
Кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазамын | ||
Берілген сұрақтарды пайдаланып пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыра аламын |
Мұғалім кестемен танысқан соң, оқушылардың «Көмек қажет етемін» бағанын толтырылғаны сәйкес келесі сабақта қайталауды қажет ететін материалды ескеруі қажет.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?