2.Қазақ тілі_3-сынып_3-бөлім_Уақыт_№6 сабақ_Сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелері_Презентация


Қазақ тілі 3-сынып

3-бөлім: Уақыт

Сабақ тақырыбы:

Сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелері

«Қазақ тілі» оқу жоспары 2018-2019 оқу жылы

Оқу мақсаты

сөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш) және тұрлаусыз мүшелерін ажырату

түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап диалогке қатысу

кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету.

мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру

Бағалау критерийлері

сөйлем мүшелерін ажыратып, сөйлемдер құрастырады;

сұхбаттасының айтқанын тыңдап, сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысады

кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазады,

мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтарға жауап бере алады,

берілген сұрақтарды пайдаланып пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыра алады

«Акросөз»

С -

Ө –

Й –

Л –

Е –

М -

«Миға шабуыл» әдісі

- Уақыт тас екеш тасты да тоздырады.

- Жыл деген ат басын бұрғанша, 

Ай деген аунап тұрғанша.

- Уақытыңның босқа өткені -

Өміріңнің бос кеткені.

Сызбаны қалай түсінесіңдер?

Қарамен жазылған сөздердің астын сыз, оларға сұрақ қой. Бұл сөздер қимыл иесі болып тұрғанын байқа

Мұғалім түсіндірді.

Мұз қатты.

Күн шықты.

Кино көрді.

Ереже

Қимыл, іс-әрекет иесін білдіретін сөзді бастауыш дейді. бастауыштар кім?кімдер?не?нелер?кімі?несі? деген сұрақтарға жауап береді: Ауылдан келді. Боран соқты. Қаладан анасы келді.

Қарамен жазылған сөздердің астын сыз, оларға сұрақ қой. Бұл сөздер сөйлемнің қай мүшесіне қатысты екенін астын сызып көрсет.

Үлгі: Тамшылар тамады.

Хат жаздық. Сурет салдық. Түйме қадады. Кеудеше тоқыды. Кілем тоқыды. Жылқы қайырды.

Ереже

Бастауыштың ісін, қимылын білдіретін сөздерді баяндауыш дейді. Баяндауышқа не істеді? неғылды? қайтті? деген сұрақтар қойылады. Ілияс жүгірді

Ереже

Сөйлемдегі бастауыш, баяндауыштардан басқа сөйлем мүшелерін тұрлаусыз мүшелер деп атайды. Оларға қандай? кімге? неге? нені? қашан? қайда? т.б. сұрақтар қойылады.

Орнымыздан тұрайық,

Белімізді жазайық.

Жоғары-төмен қарайық,

Солға-солға түзу тұр.

Оңға-оңға түзу тұр,

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым,

Бойымызға күш жинап,

Жақсылап бір дем алайық.

Суретпен жұмыс

Талқылау сұрақтары:

- Бастауыш дегеніміз не?

- Сөйлемде бастауышты қалай табуға болады?

- Баяндауыш дегеніміз не?

- Сөйлемде баяндауышты қалай анықтауға болады?

- Егер біз сөйлесу барысында бастауыш пен баяндауышты қолданбасақ не болар еді?

Автор орындығы

Телефонмен сөйлесу

Сәлеметсіз бе, өтінемін, мазалағаным үшін кешірім өтінемін, белгіленген уақыт, сау болыңыз.

Постер жасау

1-топ. Уақыт туралы мақал-мәтелдер іздеу.

2-топ. Уақыт туралы жұмбақтар іздеу.

3-топ. Уақыт туралы өлеңдер іздеу.

4-топ. Уақыт туралы әңгіме құрастыру.

Топтық жұмысты бағалау

Ү л г і:

сөйлеу барысында тақырыптан ауытқымау;

сөйлеу барысында берілген уақытты сақтау;

іздену жұмысына топтық барлық мүшелерінің қатысуы.

Бағалау критерийлері

Үй тапсырмасы

«Сағат» сөзіне «бес жолды өлең» құрап жазып келу



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу