1.Қазақ тілі_3-сынып_3-бөлім_Уақыт_№6сабақ_Сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелері _КМЖ


Пән: Қазақ тілі

Бөлімі:

Тарау: Уақыт

Сабақ тақырыбы: 6-сабақ.

Сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелері

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

3.4.2.7 сөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш) және тұрлаусыз мүшелерін ажырату

3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап диалогке қатысу

3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету.

3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру

Сабақтың

мақсаты:

Барлық оқушылар:

- үлгі негізінде сөйлем мүшелерін ажыратып, сөйлемдер құрастырады;

- сұхбаттасының айтқанын тыңдап, сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысады;

- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазады,

- мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтарға жауап береді, берілген сұрақтарды пайдаланып пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады;

Оқушылардың көбі:

- сөйлем мүшелерін ажыратып, сөйлемдерді құрастырады

- қызығушылықпен тыңдап, сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап сөйлейді;

- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі орта темппен жазады;

- мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және сұрақтарға жауап береді;

Оқушылардың кейбірі:

- сөйлем мүшелерін ажыратып, сөйлемдерді құрастырады

- түрлі жағдаяттарда жүйелі, сөйлеу мәдениетін сақтап сөйлейді;

- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазады

- мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және өз жауабын негіздеп жауап береді

Бағалау критерийлері

- сөйлем мүшелерін ажыратып, сөйлемдер құрастырады;

- сұхбаттасының айтқанын тыңдап, сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысады;

- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазады,

- мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтарға жауап бере алады,

- берілген сұрақтарды пайдаланып пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыра алады

Сөздік қор

Пәндік терминология мен тірек сөздер

Сөйлем мүшелері, бастауыш, баяндауыш, уақыт.

Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл:

Талқылау үшін сұрақтар:

- Бастауыш дегеніміз не?

- Сөйлемде бастауышты қалай табуға болады?

- Баяндауыш дегеніміз не?

- Сөйлемде баяндауышты қалай анықтауға болады?

- Егер біз сөйлесу барысында бастауыш пен баяндауышты қолданбасақ не болар еді?

Құндылықтар

Сөйлеу әдебін сақтау

Алдыңғы меңгерілген білім

Сөйлем мүшелері

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-5 минут

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі.

«Акросөз»

Сөйлем – сөзінің әріптері тігінен жеке-жеке жазылады. Әр бір әріптің қасына сол әріптен басталатын сөздерді жазады. Сөздер бүгінгі парталас көршісіне тілек түрінде жазылады, бір-біріне парақтарды сыйлайды.

С –

Ө -

Й –

Л –

Е –

М -

Қосымша №1

Сабақтың басы

Негізгі бөлім

2 минут

5-10 минут

10-25 минут

25-30 минут

30-35 минут

«Миға шабуыл» әдісі. Оқушылармен мақал-мәтелдері талдау.

- Уақыт тас екеш тасты да тоздырады.

- Жыл деген ат басын бұрғанша, Ай деген аунап тұрғанша.

- Уақытыңның босқа өткені - Өміріңнің бос кеткені.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

3.3.6.1 К,Ұ)

-Сызбаны қалай түсінесіндер?

Қарамен жазылған сөздердің астын сыз, оларға сұрақ қой. Бұл сөздер қимыл иесі болып тұрғанын байқа.

Мұғалім түсіндірді. Мұз қатты. Күн шықты. Кино көрді.

Ереже.

Қимыл, іс-әрекет иесін білдіретін сөзді бастауыш дейді. Бастауыштар кім?кімдер?не?нелер?кімі?несі? деген сұрақтарға жауап береді: Ауылдан келді. Боран соқты. Қаладан анасы келді.

Бастауыштың ісін, қимылын білдіретін сөздерді баяндауыш дейді. баяндауышқа не істеді?неғылды?қайтті? деген сұрақтар қойылады. Ілияс жүгірді.

Қарамен жазылған сөздердің астын сыз, оларға сұрақ қой. Бұл сөздер сөйлемнің қай мүшесіне қатысты екенін астын сызып көрсет.

Үлгі: Тамшылар тамады. Хат жаздық. Сурет салдық. Түйме қадады. Кеудеше тоқыды.

Кілем тоқыды. Жылқы қайырды.

Сөйлемдегі бастауыш, баяндауыштардан басқа сөйлем мүшелерін тұрлаусыз мүшелер деп атайды. Оларға қандай? кімге? неге? нені? қашан? қайда? т.б. сұрақтар қойылады.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,

Белімізді жазайық.

Жоғары-төмен қарайық,

Солға-солға түзу тұр.

Оңға-оңға түзу тұр,

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым,

Бойымызға күш жинап,

Жақсылап бір дем алайық.

3.2.3.1 (Ұ,Т) Топтарға суреттер таратылып беріледі. Әр сурет бойынша сөйлемдер құрастырып, 2 сұрақ қояды. Жазған сөйлемдеріңнен бастауыш пен баяндауышты табу.

Тірек сөздер: күз, алма ағашы, жаңбырлы күн.

Сөйлемдер құрастырудың критерилері:

- тірек сөздер қолданылған;

- сөйлемдер суреттерге сай құрастырады;

- сөйлемдерден бастауыш пен баяндауышты атайды;

- басқа топқа 2 сұрақ қояды.

Оқушыларға талқылауға қойылатын сұрақтар:

- Бастауыш дегеніміз не?

- Сөйлемде бастауышты қалай табуға болады?

- Баяндауыш дегеніміз не?

- Сөйлемде баяндауышты қалай анықтауға болады?

- Егер біз сөйлесу барысында бастауыш пен баяндауышты қолданбасақ не болар еді?

3.3.6.1 (Ө,Т) Мәтінді ары қарай жалғастыр. Сөйлемдердегі бастауыш пен баяндауышты тауып астын сыз. Топта құраған мәтініңді оқы. «Автор орындығы» стратегиясы бойынша топтан бір оқушы шығып өз мәтінін оқиды.

Ықтимал мәтін: Мұрат қарт атасымен баққа кірді. Мұраттың көзі кішірек алма ағашына түсті. Оның бір бұтағын ойнап жүргенде өзі сындырып алған еді.

3.1.3.1 (Ө,Ж) Төмендегі сөздерді қолдана отырып өз жұбымен «Телефонмен сөйлесу» тақырыбына бірнеше сөйлем құрастырып жаз.

Сәлеметсіз бе, өтінемін, мазалағаным үшін кешірім өтінемін, белгіленген уақыт, сау болыңыз.

(Т) Берілген тақырыптар бойынша іздену жұмысын ұйымдастыру. Постер жасау.

Оқушылардың топтық жұмысы ұйымдастырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Флипчарттар, маркерлер таратылып беріледі.

1-топ. Уақыт туралы мақал-мәтелдер іздеу.

2-топ. Уақыт туралы жұмбақтар іздеу.

3-топ. Уақыт туралы өлеңдер іздеу.

4-топ. Уақыт туралы әңгіме құрастыру.

Топтық жұмысты бағалау критерийі

  • сөйлеу барысында тақырыптан ауытқымау;
  • сөйлеу барысында берілген уақытты сақтау;
  • іздену жұмысына топтық барлық мүшелерінің қатысуы.

Презентация слайды

Қосымша №1

Презентация слайды

Қосымша №2

Презентация слайды

Қосымша №3

Презентация слайды

Қорытынды бөлім

35-40 минут

5 минут

Рефлексия

Бағалау критерийлері

Бағалау критерийлері

Қолымнан келеді

Көмек

қажет етемін

Сөйлем мүшелерін ажыратып, сөйлемдер құрастыра аламын

Диалогке қатыса аламын

Кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазамын

Берілген сұрақтарды пайдаланып пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыра аламын

Үйге тапсырма «Сағат» сөзіне бес жолды өлең құрастырып жазып келу

Қосымша ақпарат

Саралау

Бағалау – оқушылардың білімдерін қадағалауды қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланысматематика

  • Тапсырма көлемі бойынша саралау;
  • Деңгейлік тапсырмаларды орындату;
  • Бақылау негізінде қолдауды қажет ететін оқушыларды белгілеу
  • Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін оқылым тапсырмалары негізінде ұйымдастыру
  • Топтық, жұптық жұмыс барысында берілген мәтін, өлеңмазмұны бойынша тұжырым жасай алуы, сыпайы жауап бере білуге бағалау

Топта бірі-бірі тыңдау, сыйлау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Рефлексия

Сабақ мақсатына жеттім бе?

Оқушылар не үйренді?

Ынтымақтастық атмосферасы орнады ма?

Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма?

Жоспарланған уақытты ұстандым ба?

Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен?

Қорытынды бағалау

Сабақтың ең ұтымды кезеңдері.

1:

2:

Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі әдіс.

1:

2:

Келесі сабақты жоспарлауға септігін тигізетіндей осы сабақтан сыныптағы және жеке оқушылар жайлы не білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу