2.Қазақ тілі_3-сынып_3-бөлім_Уақыт_№5 сабақ_Сөйлем мүшелері_Презентация
Қазақ тілі 3-сынып
3-бөлім: Уақыт
Сабақ тақырыбы:
Сөйлем мүшелері
(«Қазақ тілі» оқу жоспары. 2018-2019 оқу жылы. НЗМ ДББҰ)
Оқу мақсаты
сөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш) және тұрлаусыз мүшелерін ажырату
кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету.
түрлі дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, карта) берілген тақырып/сұрақ бойынша алған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау
Бағалау критерийлері
сөйлем мүшелерін ажыратып, сөйлемдер құрастырады;
кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазады,
анықтамалық материалдарды пайдалана алады.
«Жүгіртпе» жаттығуы
«Сөйлем» тақырыбына кластер
СӨЙЛЕМ
Мәтінді оқып, көшіріп жаз
Анам ерте тұрады. Ол таңғы ас әзірлейді. Біз тамақтанамыз.
Әрбір сөйлемде неше сөз барын анықта. Сөздің үстіне оған қойылатын сұрақты жаз.
Кім? Қашан? Не істейді?
Үлгі: Анам ерте тұрады.
Ереже
Сөйлем құрамындағы нақты сұраққа жауап беріп тұрған толық мағыналы сөздерді сөйлем мүшелері дейміз:
Кім? Қайда? Не істеді?
Ілияс тақтаға жазды.
Екі сөзден жасалған сөйлемдерді оқы. Тиісті сөздерді қосып, әр сөйлемдегі сөйлем мүшелерінің санын арттырып жаз. Сөйлем мағынасында болған өзгерісті аңғар.
Серік келді. Дина ойнады. Сиыр ішті. Балалар терді.
Керекті сөздер: сабақтан, су, доп, жидек
Қане, сапты түзейік,
Тіземізді бүгейік.
Ыршып алға түсейік,
Ыршып артқа түсейік.
Бір, екі, үш, төрт,
Шегірткедей ыршийық,
Ыршып-ыршып, тыншиық.
https://www.youtube.com/watch?v=bfqqMECoYn
Талқылау сұрақтары:
«Уақыттың қадірі» дегенді қалай түсінуге болады?
Ертеде адамдар уақытты қалай ажыратқан?
Сағаттың қандай түрлері пайда болды?
Неге күн арқылы уақытты анықтау қиын болды?
Мектептегі қоңыраулар мен шырылдауық сағаттардың ерекшеліктері қандай?
Кестені толтыру
Топтық жұмыс
1-топ:таныстырушы
2-топ: толықтырушы
3-топ: сұрақ беруші
4-топ: талдаушы.
Уақыт хронологиясы
1-топ: «Құм сағаты»
2-топ: «Су сағаты»
3-топ: «Қазіргі заманғы сағаттар»
4-топ: «От сағаты»
Бағалау критерийлері
Үй тапсырмасы
«Менің отбасымның тарихи кезеңдері» хронологиясын жасау
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?