4. Қазақ тілі_3-сынып_3-бөлім_Уақыт_ №4сабақ_Сөздердің айтылуы мен жазылуы_ Мұғалімге әдістемелік нұсқау
Мұғалімге әдістемелік нұсқау
Бөлім: Уақыт
Сабақ тақырыбы: №4. Сөздердің айтылуы мен жазылуы
Сабақ мақсаттары:
3.1.7.1 сөз ішінде қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуін сақтап айту (сенбі – сембі, Жангүл –Жаңгүл);
3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап диалогке қатысу;
3.3.2.1 өзіндік іс-әрекеті баяндалған күнделік/өмірбаян жазу.
Ресурстар: үлестірме материалдар, А4 қағаз, фломастер.
Қауіпсіздік және денсаулық сақтау:
Сыныпта оқушылар ержелері еске түсіріледі. Сергіту сәті ұйымдастырылады.
Сабаққа қажетті теориялық материалдар
Өткен сабақта берілген теориялық материалдарды қайталайды:
Түбірдің соңғы –н- дыбысы –б-п- дыбыстарының алдынан келсе, -н- дыбысы айтуда өзгеріп, -м- дыбысына айналады, бірақ жазуда ескерілмейді. Мысалы: сен+бі – сембі, жексен+бі – жексембі, Жан+болат – Жамболат т.б.Түбірдің соңғы –н- дыбысы –к-қ-г-ғ- дыбыстарының алдынан келсе, айтуда –н- дыбысы өзгеріп, -ң- дыбысына айналады, бірақ жазуда ескерілмейді. Мысалы: түн+гі –түңгі, сән+қой – сәңқой, Аман+гүл – Амаңгүл т.б.
Сабаққа қатысты ескертпелер
«Жүгіртпе» жаттығуы.
Мұғалім жүгіртпе сұрақтарды қояды, бірінші болып қол көтерген оқушының жауабы тыңдалады. Ықтимал жауаптар жақшаның ішінде берілген. Ықтимал жауаптар мектеп оқушыларының бір мөлтек ауданда тұратындарын ескере отырып жазылды. Оқитын ауысымына байланысты Дұрыс болмаса басқа оқушы түзетеді:
1. Таңертең нешеде тұрасың? (сағат 07.00-де)
2. Таңғы асты нешеде ішесің? (сағат 07.20-да)
3. Мектепке нешеде келесің? (сағат 07.50-де)
4. Аптаның қай күндері үйірмелерге барасың? (дүйсенбі, бейсенбі)
5. Кезек соңын қалай сұрайсың? (Кезектің соңы кім?)
6. Киноға аптаның қай күні барасың? (жексенбі).
3.1.7.1 «Ойлан-жұптас-бөліс» тапсырмасы сөз ішінде қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуін сақтап айтуға және сол сөздерді орфография заңын сақтай отырып жазу мақсатында берілген.
Естілуінше жазылған сөздерді орфография заңы бойынша жазып, себебін түсіндіреді.
Жажса, сөшшен, шенше, Божжігіт, Ақпала, ұшқышшың, Дошшан, көб жер, көреге жоқ.
Ықтимал жауаптар:
Жасса, сөзшең, сенше, Бозжігіт, Ақбала, ұшқышсың, Досжан, көп жер, керегі жоқ
Сөздерді жазылуы және айтылуы бойынша екі бағанға бөліп жазу арқылы мұғалім оқушылардың сөздерді айтылу мен жазылуы арасындағы айырмашылығын білуін қадағалайды. Оқушылардың жауаптарын тыңдаған кезде сөз ішінде қатар тұрған дауыссыз дыбыстарға, олардың жазылуына назар аудартады, сол дыбыстардың анық айтылуын қадағалайды.
Жанбай-Жамбай, Егінбай-Егімбай, Тоғанбек-Тоғамбек, Жанболат-Жамболат, Жаманбек-Жамамбек.
Үлгі:
Жазылуы Айтылуы
Жанқожа Жаңғожа
Сабақ тақырыбы мен мақсаты хабарланады.
3.1.3.1 (Ж,Т) «Жұптас-топтас-бөліс». Сұхбат құрастыр тапсырмасы оқушыларда түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап диалогке қатысуын көздейді. Мұғалім оқушыларды төрт топқа әр топтағы оқушылардың білім деңгейлері бірдей болатындай алдын ала орындықтың артына түрлі қағаз түстерін жапсыру арқылы бөлуге болады. Оқушылар алдымен жұптасып, оны топ талқысына салады. Топ мүшелері ақылдасып, ең тиімді сұхбатты сыныпқа ұсынады. Оқушыларға сұхбаттың үлгісі беріледі.
( Ж). Оператормен диалогті қалпына келтір тапсырмасы жеке орындалады. Мұғалім оқушыларға берілген сызбалар бойынша диалогты дұрыс құруды ұсынады. Дұрыс жауапты бірнеше оқушы оқиды. Мұғалім оқушылардан жауаптың басқа нұсқалары бар ма екенін сұрайды.
Ықтимал жауап:
- Қайырлы күн! Алматыдан Астанаға пойыз қай күндері?
- Алматыдан Астанаға пойыздар қалай жүреді.
- Сағат нешеде?
- Кешкі сағат 19.30-да жүреді.
3.3.2.1 (Ж) Сағат нешеде? Сөйлемдерді толықтырып жазу тапсырмасы оқушылардың уақыт кеңістігін дұрыс бағдарлай алуын бақылауға бағытталады. Бірнеше оқушының жауабы тыңдалады. Жауап ерсі естілген жағдайда себебі сұралады. Алдын-ала үлгісі беріледі.
Сергіту сәті. Қауіпсіздік ережесі еске түсіріледі. Іс-қимыл көрсеткен кезде партаның, орындықтың бұрышына соғылып қалмау керектігі ескертіледі.
(Қ) Ертегімен жұмыс. Мұғалім оқушыларға №5 қосымша парақты таратып береді. Тапсырма оқушылардың оқиға барысын уақытқа қарай дұрыс бағдарлай алуына бағытталған.
1. Оқушылар жазылған ертегіні мұқият оқиды.
2. Ертегі бөлімдерін (басы, ортасы, соңы) анықтап, жақша ішіне жазып, төртбұрыш ішіне мәтін бөліктерінің ретін нөмірлеп шығады.
3. Оқушыларға талқылауға сұрақтар қойылады:
- Ертегіні тез түсінуге не кедергі болып тұр?
- Ертегі қалай басталады?
- Әтештердің төбелесу себебі неде?
- «Таласқанға тас та жоқ» дегенді қалай түсінесің?
- Осы әтештер сияқты мінез көрсететін оқушылар бар ма?
- Оларға қандай ақыл-кеңес бересің?
4. Оқушылардың жауаптары тыңдалады. Қоршаған ортада өзін-өзі ұстау мәдениетін сақтау мақсатында әтештердің мінезі талданады.
Сөздік жұмысы «Жыл басы» ертегісін оқып, тест тапсырмасын орындау алдында жүргізіледі. Дұрыс жауаптар төменде берілген.
Тест жауаптары:
1. Ертегіге сәйкес тақырып таңда
А) Жыл аттары
2. Ертегіден басты тірек сөздерді тап.
В) Жыл басы, мүшелге кірген жануарлар
3. Ертегіде жауабы бар сұрақты тап
Б) Жыл аттары қалай анықталды?
4. Ертегіге сәйкес жауапты анықта
С) Жыл басы
5. Ертегінің негізгі ойын анықта
С) Әрбір жылға жер бетіндегі хайуанаттардың атын бермек болады
Болашаққа жоспар құру тапсырмасы уақытты тиімді пайдалануға үйрену мақсатында кестені толтырып құрады. Оқушылар өз бетінше орындайды.
Сабақ бойынша рефлексия (кері байланыс)
Оқушыларға кері байланыс алу үшін мына кестені таратып беруге болады. Оқушылар кестені толтыру арқылы сабақтың ұнаған және қиналған тұстарына, тағы да нені меңгергісі келетіні туралы пікірлерін жаздыртуға болады.
Оқушылардың әр тапсырманы орындау барысындағы жетістіктерін мадақтауға назар аудару.
Бағалау критерийлері | Қолымнан келеді | Көмек қажет етемін |
Өз көзқарасымды білдіре аламын | ||
Сөз ішінде қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуін сақтаймын | ||
Үлгі негізінде өзіндік іс-әрекеті баяндалған күнделік жаза аламын |
Мұғалім кестемен танысқан соң, оқушылардың «Көмек қажет етемін» бағанын толтырылғаны сәйкес келесі сабақта қайталауды қажет ететін материалды ескеруі қажет.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?