3.Қазақ тілі_3-сынып_3-бөлім_Уақыт_№4 сабақ_Сөздердің айтылуы мен жазылуы_Дидактикалық материал


Бөлімі: Уақыт

Сабақ тақырыбы: 4-сабақ. Сөздердің айтылуы мен жазылуы

Қосымша №1

Сөздерді жазылуы және айтылуы бойынша екі бағанға бөліп жаз.

Жанбай-Жамбай, Егінбай-Егімбай, Тоғанбек-Тоғамбек, Жанболат-Жамболат, Жаманбек-Жамамбек.

Үлгі:

Жазылуы Айтылуы

Жаңғожа Жанқожа

Қосымша 2

«Жұптас-топтас-бөліс»

Сұхбат құрастыр

1-топ. Кино – 16.00-17.30

2-топ. Үйірме жұмысы – 15.30-16.00

3-топ. Бос уақыт – 16.30-18.00

4-топ. Сабақ дайындау – 19.00-20.00

Үлгі:

- Сәлем, Әлия!

- Сәлем, Айнұр!

- Әлия, бүгін сабақтар нешеден нешеге дейін болады?

- Сағат сегізден екіге дейін болады.

Қосымша №3

Оператормен диалогті қалпына келтір.

- Қайырлы күн! Алматы ___________ Астана_________ ____________ пойыз қай күндері?

- Алматыдан Астанаға пойыздар _________ жүреді.

- Сағат ______________ ?

- Кешкі сағат (19.30) _________ жүреді.

Қосымша 4

Сағат нешеде? Сөйлемдерді толықтырып жаз.

«Жас режиссер» клубы (дүйсенбі-жұма, 10.00-14.00) – _______________________________

__________________________________

Менің анам (дүйсенбі-сенбі, 09.00-18.00) – _______________________________

__________________________________

Үлгі: «Байқоңыр» кинотеатры бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі күндері сағат 12-ден кешкі 6-ға дейін жұмыс істейді.

Қосымша №5

Ертегіні мұқият оқы. Ертегі бөлімдерін (басы, ортасы, соңы) анықтап, жақша ішіне жазып, төртбұрыш ішіне мәтін бөліктерінің ретін нөмірлеп шық.

Сөйтіп, шұбар әтеш қасындағы сұр әтешті қайта-қайта шұқып, жем жегізбей, мазасын алады. Ақырында сұр әтеш ызаланып, шұбар әтешті шоқып қалады. Осыдан соң екі әтеш жүндері үрпиісіп, төбелесе кетеді. Екеуінің де үсті-басы жұлым-жұлым болады. (...)

 Ертеде бір кемпір-шалдың екі әтеші болған екен. Олар қолдарына түскен жемдерін сол әтештеріне беріп асырапты. (...)

 Бұлар таласып жатқанда, көрші үйдегі тауықтың балапандары келіп, жемді түк қалдырмай жеп кетеді. «Таласқанға тас та жоқ» деген мақал осыдан қалса керек. (...)

 Бір күні кемпір құстарына жем шашады. Қарындары ашқан әтештер жүгіріп келеді. Шұбар әтеш қасында жүрген сұр әтештен жемді қызғанып, бергісі келмейді.

 «Шіркін, мына жемнің бәрін өзім жеп, бір тойсам-ау» деп ойлады. (...)

Оқушыларға талқылауға қойылатын сұрақтар:

- Ертегіні тез түсінуге не кедергі болып тұр?

- Ертегі қалай басталады?

- Әтештердің төбелесу себебі неде?

- «Таласқанға тас та жоқ» дегенді қалай түсінесің?

Қосымша №6

 Ертегі

  Баяғы бір заманда бір билеуші он екі жылды бір мүшел деп бөліп алып, әрбір жылға жер бетіндегі хайуанаттардың атын бермек болады. Бұл хабарды естіген есті айуандар қуанып, жыл басынан дәмелі болады. Егер бұл сыйлы орынға ие болса, он екі жылда бір айналып келетін «Жыл басы» деген құрметті атаққа қол жеткізіп, үлкен даңққа бөленіп, мәртебесі артады екен. Сондықтан барлығы оған иек қышытып, іштей көңілдері құлай құмартыпты. Межем сәт туғанда бәрі бір жерге жиналып, жылдың келуін күтіпті. Қалған бәсекелестерінен бойы биік түйе өзінің «Жыл басы» болатынына аса сенімді болыпты. Анда-санда мойнын созып, жыл келетін еңселі белдің арғы жағына қарап қояды екен. Бір кезде желдей есіп жыл келіпті. Бірақ «Жыл басы» деген мәртебелі орын түйеге емес, түйенің табанынан да келмейтін тышқанға бұйырыпты. Бұған түйе аң-таң қалыпты. Сөйтсе жер бауырлаған қу тышқан жыл келетін сәтте жүгіріп ойсыл қараның құлағына шығып алған екен. Жыл алдымен соны көріп, соған тоқтапты. «Түйе бойына сеніп, жылдан құр қалыпты» деген тәмсіл содан қалыпты. Бұл жайды күн өткен соң білген түйе қатты ашуланыпты. Тышқанға зығырданы қайнапты. Тышқанның інін көрсе, жынын шашып, жүгіріп барып, таптап тастағысы келіп тұратыны содан қалыпты.

  Кейін мүшелге кірген жануарлар кеңесіп, Үркерді жерде ұстап тұрмақ болады. Себебі Үркер жерге түскен мезгіл – мамыр, маусым айлары мал жанға жайлы, ал көкке көтеріліп кететін күз, қыс маусымы тиімсіз екен. Содан алғашқы кезек «Жыл басынікі» болғандықтан, тышқан бір ай бойы басып отырыпты. Кезек екінші орындағы сиырға келгенде, Зеңгі баба оқыралап кетіп, Үркерден айрылып қалыпты. Соның салдарынан Үркер жерде қырық-ақ күн тұратын болып, қыс ұзарып кетіпті дейді.

 («Балдырған» журналынан)

 

 

 Ертегі бойынша тапсырма.

 1. Ертегіге сәйкес тақырып таңда

 А) Жыл аттары

 Б) Жыл басы

 В) Жылдың келуі

 С) Тышқан – жыл басы

 2. Ертегіден басты тірек сөздерді тап.

 А) Межем сәт туғанда, жыл басы

 Б) зығырданы қайнапты, жүгіріп барып

 В) Жыл басы, мүшелге кірген жануарлар

 С) Үркер, тышқан

 3. Ертегіде жауабы бар сұрақты тап

 А) Жыл басы болу деген не?

 Б) Жыл аттары қалай анықталды?

 В) Түйе қалай жыл басы болды?

 С) Сиыр қалай жыл басы болды?

 4. Ертегіге сәйкес нұсқаны анықта

 А) Он екі ай

 Б) Түйе жыл басы

 В) Сиыр жыл басы

 С) Жыл басы

 5. Ертегінің негізгі ойын анықта

 А) Тышқан мен түйенің достығы туралы

 Б) «Жыл басы» деген мәртебесіне ие болу

 В) Бір билеуші он екі жылды бір мүшел деп бөліп алыпты

 С) Әрбір жылға жер бетіндегі хайуанаттардың атын бермек болады

 

Қосымша №7

Әр оқушы болшаққа жоспарын кестені толтырып құр

Аты-жөніңіз:

1

Өзіңіз туралы айтыңыз (қай мектепте оқисыз, сүйікті пәніңіз, қызығушылығыңыз, жетістіктеріңіз)

2

Бір жылдан соң қол жеткізгіңіз келетін жағымды мақсатты ойланыңыз. Кім болғыңыз келеді?

3

Осы мақсатқа жету үшін сіз не істеу керексіз? Ол үшін қандай қадамдар жасау қажеттігін сипаттаңыз.

4

Сіз өз мақсатыңызға жеткеніңізді елестетіңіз, сезініңіз және сол тәжірибені сипаттаңыз. Өзіңізге сырт көзбен қараңыз. Нәтижеге көңіліңіз тола ма? Өзіңізді сырттай көргеніңізге бақыттысыз ба?

5

Осы мақсатқа жетуге не кедергі келтіреді? (уақыт жоқтығы, жалқаулық, адамдар)

6

Өз мақсатыңызға жету үшін бұрынғы мәселелерден қалай құтыласыз? 

7

Сіздің мақсатыңызға жетуге не көмектеседі? (мұғалімдер көмегі, достар)

8

Сіз мақсатқа жеткеніңізді қалай білесіз?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу