4.Қазақ тілі_3-сынып_3-бөлім_Уақыт_№2сабақ_Сөздердің айтылуы мен жазылуы_Әдістемелік нұсқаулық
Мұғалімге әдістемелік нұсқау
Бөлім: Уақыт
Сабақ тақырыбы: №2. Сөздердің айтылуы мен жазылуы
Сабақтың мақсаттары:
3.1.5.1 аудио-бейнежазба мазмұны бойынша айтылған өзгенің пікіріне (келісу/келіспеу себебін ) өз көзқарасын білдіру;
3.1.7.1 сөз ішінде қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуін сақтап айту (сенбі – сембі, Жангүл –Жаңгүл);
3.3.6.1.кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету.
Тірексөздер: уақыт, сөздердің айтылуы мен жазылуы
Ресурстар: жұмыс парақтары, бейнежазба.
Қауіпсіздік және денсаулық сақтау
Сыныпта оқушылар ережелері еске түсіріледі. Сергіту сәті ұйымдастырылады.
Сабаққа қажетті теориялық материалдар
Түбірдің соңғы –н- дыбысы –б-п- дыбыстарының алдынан келсе, -н- дыбысы айтуда өзгеріп, -м- дыбысына айналады, бірақ жазуда ескерілмейді. Мысалы: сен+бі – сембі, жексен+бі – жексембі, Жан+болат – Жамболат т.б.Түбірдің соңғы –н- дыбысы –к-қ-г-ғ- дыбыстарының алдынан келсе, айтуда –н- дыбысы өзгеріп, -ң- дыбысына айналады, бірақ жазуда ескерілмейді. Мысалы: түн+гі –түңгі, сән+қой – сәңқой, Аман+гүл – Амаңгүл т.б.
Сабаққа қатысты ескертпелер
Мақсаты: сабаққа жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру. Ол үшін «Апталық тілек» ойыны ұйымдастырылады.
Сабақтың басында оқушылардың қолдарына аптаның күндері жазылған №1 жұмыс парағы таратылады. Ол параққа әр күнге өздеріне деген тілектерін бір сөзбен жазады. Бұл парақты арнайы қабырғаға жапсырып қояды. Келесі тілекпен қатар орындалғаны туралы + немесе – деген белгіні қояды.
Апталық тілек
Оқушының аты ___________________________________________________
Апта атаулары | Тілек | Орындалу белгісі (+ немесе - ) |
Дүйсенбі | ||
Сейсенбі | ||
Сәрсенбі | ||
Бейсенбі | ||
Жұма | ||
Сені | ||
Жексенбі |
«Уақыт бірлігін өсу ретімен орналастыр» тапсырмасы уақыт кеңістігінің бірліктерін меңгерулерін пысықтау мақсатында ұйымдастырылады.
Секунд, минут, сағат, тәулік, апта, ай, бір тоқсан, жарты жыл, жыл, ғасыр, мың жылдық.
Жұмыс парағын әр оқушы толтырады. Тапсырманы орындауға 2 минут уақыт беріледі. Оқушылар жұптасып, тапсырманың дұрыстығын тақтада берілген дұрыс жауаппен салыстырады. Мұғалім жұптардың жауаптарды тексеру процесін қадағалайды.
Ықтимал дұрыс жауап
Секунд | ||||||||||||||||||||
Минут | ||||||||||||||||||||
Сағат | ||||||||||||||||||||
Тәулік | ||||||||||||||||||||
Апта | ||||||||||||||||||||
Ай | ||||||||||||||||||||
Бір тоқсан | ||||||||||||||||||||
Жарты жыл | ||||||||||||||||||||
Жыл | ||||||||||||||||||||
Ғасыр | ||||||||||||||||||||
Мың жылдық |
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
«Жұбыңды тап» ойыны арқылы байырғы заман өлшемдері мен қазіргі заман өлшемдерін салыстырады. Берілген сөздің жұбын тауып, өз жауаптарын дәлелдейді.
Алдын ала сөздер жазылған қима қағаздар дайындалады: «түнеугүні», «алдыңғы күні», «кеше», «бүгін», «ертең», «арғы күні», «дүйсенбі», «сейсенбі», «сәрсенбі», «бейсенбі», «жұма», «сенбі», «жексенбі», «қас қағым сәт», «1 секунд», «сүт пісірім уақыт»,
«5-10 минут», «ет пісірім уақыт», «2-2,5 сағат», «сәске», «күннің бойы көтерілген мезгіл», «екінті», «күн батуға жақындаған мезгіл», «ақшам», «күн батып, шам жағар мезгіл», «биыл», «осы жылы», «былтырғы (өткен) жылы», «1 жыл бұрын», «бұрнағы жылы», «2 жыл бұрын», «одан арғы жылы», «3 жыл бұрын», «бұрынғы жылдар», «бірнеше жыл бұрынғы жылдар». Сөз жұптарының дұрыс сәйкестендірілуі қадағаланады.
Ықтимал жауаптар:
Ет пісірім уақыт - 2-2,5 сағат
Сүт пісірім уақыт – 5-10 минут
Сәске – күннің бойы көтерілген мезгіл
Екінті – күн батуға жақындаған мезгіл
Ақшам – күн батып, шам жағар мезгіл
Қас қағым сәт - 1 секунд
3.3.6.1 Өздік жұмыс сөз ішінде қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуін сақтап айтуын пысықтауға бағытталған.
«Дүйсенбі», «сейсенбі», «сәрсенбі», «бейсенбі», «сенбі», «жексенбі» сөздерінің айтылуы мен жазылуын салыстырады және жазады. Берілген сөздерді қатыстырып, сөйлем құрап жазады.
Мұғалім үлкен жазу жол дәптерінде бас әріп пен кіші әріп биіктігін және көлемін сақтап жазу қажеттілігін ескертеді.
Ықтимал жауаптар:
Бір айда төрт апта бар. Әр аптада жеті күн бар. Олар: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, сенбі, жексенбі.
Сергіту сәті. Бұл кезеңде мұғалім айтып тұрып, қимылдарды көрсетеді. Екі-үш рет қайталайды.
Іс-қимыл көрсеткен кезде партаның, орындықтың бұрышына соғылып қалмау керектігі ескертіледі.
3.1.5.1 «Қазақтың байырғы өлшемдері» танысу
http://balakai.kz/sen_bilesin_be/888-azaty-bayyry-lshemder.html сілтемесі бойынша бейнетаспаны көреді. Мұғалім №4 жұмыс парағын таратады. Оқушылар жұмыс парағында фильмде көрген өлшемдер бойынша (Елі, сүйем, сынық сүйем, қарыс, бір қарыс, сере, бір уыс, қос уыс) өлшеп, сәйкестігін параққа жазады. Мұғалім қағаздағы өлшемдерді көрсетілген өлшемдерге келтіріп жасайды. Мұғалім жұмыс парағының орнына түрлі өлшемдегі жіптер немесе оқу құралдарын да өлшеуді ұсына алады. Дұрыс жауабын көрсетеді.
елі | ||||
Сынық сүйем | ||||
Қарыс | ||||
Сүйем | ||||
Оқушыларға талқылауға қойылатын сұрақтар:
- Байырғы заманда ұзындықты өлшегенде қандай өлшем бірліктері қолданылған?
- Байырғы заманда заттың салмағын өлшегенде қандай өлшем бірліктері қолданылған?
- Сөздердің айтылуы мен жазылуы бірдей бола ма?
- Не себепті кейбір сөздердің айтылуы мен жазылуы бірдей емес деп ойлайсың?
Ықтимал жауаптар:
- Елі, сүйем, сынық сүйем, қарыс, бір қарыс, сере,
- Бір уыс, қос уыс
- Кейбір сөздердің айтылуы мен жазылуы бірдей болмайды.
- Өйткені, қатар тұрған дауыссыз дыбыстар бір біріне ықпал етеді.
3.1.7.1 (МК)
Мұғалім оқушыларға бірнеше сөздерді береді, оқушылар бұл сөздердің неге бұлай жазылғандарын түсіндірулері керек.
Төмендегі сөздерді салыстырып, айырмашылығын айту керек.
Сенбі – сембі, жексенбі – жексембі, сәнқой – сәңқой.
Ықтимал жауаптар:
Ортасындағы бір дауыссыз дыбыстары әр түрлі. Естілуі мен жазулуы әр түрлі.
Мұғалім презентация арқылы оқушыларды ережемен таныстырады.
Түбірдің соңғы –н- дыбысы –б-п- дыбыстарының алдынан келсе, -н- дыбысы айтуда өзгеріп, -м- дыбысына айналады, бірақ жазуда ескерілмейді. Мысалы: сен+бі – сембі, жексен+бі – жексембі, Жан+болат – Жамболат т.б.Түбірдің соңғы –н- дыбысы –к-қ-г-ғ- дыбыстарының алдынан келсе, айтуда –н- дыбысы өзгеріп, -ң- дыбысына айналады, бірақ жазуда ескерілмейді. Мысалы: түн+гі –түңгі, сән+қой – сәңқой, Аман+гүл – Амаңгүл т.б.
Сөздерді жазылуы және айтылуы бойынша екі бағанға бөліп жазу. Ережені бекіту мақсатында орындалатын тапсырма. Оқушылар алдымен өзбетінше орындап, содан соң бір оқушы тақтаға шығып сөздерді жазады. Қалғандары орындарында отырып тексереді.
Жыланбалық-жыламбалық, қашша-қазша, ағүрпек-ақ үрпек, ақ жолақ-ағжолақ, құнамбәйге-құнан бәйге, бағбаңға-бағбанға, ата кәсіп-атагәсіп, ала-құла-алағұла.
Ықтимал жауаптар:
Жазылуы Айтылуы
тұтанбау тұтамбау
Сөздерді сәйкестендіру.
Оқушылар көрсетілмеген жыл мезгілінің атын тауып, дұрыс айтады. Кестедегі сөздермен сөйлемдер құрады.«Адасқан әріптер» ойынынында отырған топ ішінде берілген әріптерден сөздер құрап, дыбыстық талдау жасайды.
Жауабы: Жанболат, Сәрсенбай, Бейсенбай
Сабақ бойынша рефлексия (кері байланыс)
Оқушыларға кері байланыс алу үшін мына кестені таратып беруге болады. Оқушылар кестені толтыру арқылы сабақтың ұнаған және қиналған тұстарына, тағы да нені меңгергісі келетіні туралы пікірлерін жаздыртуға болады.
Оқушылардың әр тапсырманы орындау барысындағы жетістіктерін мадақтауға назар аудару.
Бағалау критерийлері | Қолымнан келеді | Көмек қажет етемін |
Өз көзқарасымды білдіре аламын | ||
Сөз ішінде қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуін сақтаймын | ||
Үлкен жазу жол дәптерінде бас әріп пен кіші әріп биіктігін және көлемін сақтап жазамын |
Мұғалім кестемен танысқан соң, оқушылардың «Көмек қажет етемін» бағанын толтырылғаны сәйкес келесі сабақта қайталауды қажет ететін материалды ескеруі қажет.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?