1.Қазақ тілі_3-сынып_3-бөлім_Уақыт_39-сабақ_Тура және ауыспалы мағыналы сөздер_ҚМЖ


Қысқа мерзімді жоспар

Пән:Қазақ тілі

Бөлім:Уақыт

Сағаттың шығу тарихын зерттеймін

Сабақ тақырыбы

39-сабақ. Тура және ауыспалы мағыналы сөздер

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні: Каирова К. У

Күні:

Сынып:

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

3.2.2.1 тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын ажырата білу, сөйлеу барысында қолдану;

3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау.

3.3.6.1 бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын түсіндірме сөздік көмегімен ажырата біледі, сөйлеу барысында қолданады;
  • мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбын, ондағы негізгі ойды анықтай алады;
  • кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазады;

Оқушылардың көбі:

  • тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын контексте ажыратады, сөйлеу барысында қолданады;
  • мәтіннің тақырыбын табады, мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады;
  • кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі орта темппен жазады;

Оқушылардың кейбірі:

- тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын

ажыратады және оларды орнымен қолдана біледі;

- мәтіннің тақырыбын және ондағы негізгі ойды

анықтай алады;

  • кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазады;

Бағалау критерийлері

- тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын ажыратады, сөйлеу барысында қолданады;

- өз бетінше мәтіннің тақырыбын және негізгі ойды мұғалімнің көмегімен анықтайды;

- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазады;

Тілдік мақсаттар

Пәндік терминология мен тірек сөздер

Тура мағыналы сөз, ауыспалы мағыналы сөз

Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл:

Талқылау үшін сұрақтар:

Тіл сөзі қандай мағыналарда қолданылады?

Алтын уақыт деп неліктен айтады?

Тура және ауыспалы мағыналы сөздердің ерекшеліктерін айт.

Құндылықтарды дарыту

Уақытты текке зая кетірмей, пайдалы іске қолдана білуге баулу;

Оқушыларды уақытты бағасын білуге, оны қадірлей білуге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Жаратылыстану

Алдыңғы меңгерілген білім

Тіл және сөйлеу, мәтін, мәтін және оның түрлері, Мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажырата алады. Қаратпа сөздер және олардың емлесі туралы біледі. Қыстырма сөздер және олардың қандай мағына үстеп тұрғанын ажырата алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі.

(Ұ, Ж, қ) «Достармен кездесу уақыты» әдісі

Мұғалім оқушыларға осындай үлгідегі кеспе қағаз үлестіреді. Әр оқушы өзіне достар жинайды. Сағаттың кездесу уақытының тұсына оқушы аттарын жазады. 3 сағаттың тұсына аттарын жазып болған соң, уақыттары сәйкес келген оқушылар бір топқа бірігіп жұмыс жасау тапсырылады.(МК,Ө) «Бір қадам алға жылжы» әдісі.

Мұғалім сынып бөлмесіне кіргеннен бастап, өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қояды. Ал оқушылар жауап беріп отырады. Егер оқушы жауабы дұрыс болмаса мұғалім артқа шегінеді. Осылайша оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттырып, зейінін шоғырландырады.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылып, бағалау критерийлері оқушылармен бірге құрастырылады.

Өзара бағалау

Үлестірме қағаздар

3-слайд

Сабақтың ортасы

2 минут

4 минут

6 минут4 минут

6 минут

3 минут

5 минут

6 минут

3 минут

ІІ. Негізгі бөлім

3.3.6.1. (МК, Ө) Көркем жазу.

Кең жолды дәптерге жазу үлгісін көрсету.

Дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазады.

Әә ӘӘӘ әәә Әскербектің әтеші әдемі де, әсем.

3.2.2.1 (Ұ; Т; ОТ; Қ) Оқылым. Жұмбақты оқып, шешуін тап.

9-жаттығу. Жұмбақты оқып, шешуін табады: (сағат)

  • Жұмбақтағы қарамен берілген сөздерге назар аудар. Бұл сөздер нені білдіреді.
  • Тіл сөзі қандай мағыналарда қолданылады? (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі т. б), (тіл-дене мүшесі)
  • Сағат не үшін керек?
  • Суреттегі сағаттарға қара. Суреттер бойынша сағаттың шығу тарихын болжап көр.
  • Отбасы мүшелері қай сағат түрін пайдаланады? Сен өзің қай сағат түрін қолданасың?

Оқушылардың топтық жұмысы ұйымдастырылады. Суреттер бойынша сағаттың шығу тарихын болжап, ой тұжырым жасайды.

Бағалау дескрипторы:

- жұмбақты оқып, шешуін табады;

- сағаттың шығу тарихын болжайды; - сөздердің қандай мағынада қолданылатынын біледі.

3.2.4.1 (Ө, Т, Ж, қ) Сағаттың шығу тарихын білесің бе?

«Сағаттың шығу тарихын білесің бе?» туралы бейнематериалды көру. Оқушылар «Достармен кездесу уақыты» әдісі бойынша топқа біріктіріледі. Негізгі ойды анықтайды.

Қосымша 2. Дереккөздерден тақырып бойынша мәліметтерді жинақтап, сағат түрлері, олардың ерекшеліктерімен танысады.

1-топ: «Астанадағы күн сағаты»

2-топ: «Құм сағаты»

3-топ: «Су сағаты»

4-топ: «Қазіргі заманғы сағаттар»

Бағалау дескрипторы:

  • жаңа маңызды мәліметтермен танысады;
  • әрбір сәтті мәнді өткізу керек екендігін түсінеді;
  • сағат түрлеріне қызықты жарнама жасау;
  • бейнематериалдағы негізгі ойды анықтайды.

3.2.2.1 (Ө; Т, Ж) 10-жаттығу. Берілген сөздер тобын пайдаланып, сөйлем құрап жаз.

Тапсырманы оқиды. Берілген сөздер тобын пайдаланып, сөйлем құрап жазады. Оқулықта берілген жаңа ақпаратты түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылады.

  • Берілген сөздер тобында алтын сөзі қандай мағынада қолданылып тұр деп ойлайсың?
  • Алтын уақыт деп неліктен айтады?
  • Өзің уақытты қалай пайдаланасың? Осы сұрақтың жауабын топта талқылауға қатыс.

Жұппен жұмыс ұйымдастырылады. Бір-бірінің қатесін тауып, түзетеді. «Алтын уақыт» деп неліктен атайды? сұрағын топта талқылап, бір-біріне түсіндіреді, талқылайды.

Бағалау дескрипторы:

  • сөздердің тура және ауыспалы мағыналарын ажыратады;
  • уақытты тиімді пайдалану керектігін түсінеді.

Сергіту сәті. «Кім тез?» ойынын ұйымдастыру.

Айтылған іс әрекетті белгілі уақыт ішінде орындап болу ұсынылады.

3.2.2.1 (Ө; Ж, Ж) Шығармашылық үзіліс. «Сөздерді сәйкестендір!»

№2 жұмыс парағы

Оқушылар тапсырманы ақ параққа алдымен өз бетінше орындап, жұпта тексереді. Қате болса, түзетеді. Неліктен ауыспалы, тура мағына екенін бір-біріне дәлелдейді.

Бағалау дескрипторы:

  • сөздердің тура және ауыспалы мағыналарын ажыратады;
  • оларды дәлелдемелер арқылы түсіндіреді.

3.2.4.1 (Ж, Тж) Сағаты бар шортан.

Мұғалім мәтінді оқиды. Топтық жұмыс ұйымдастырылады.

Бірде жұмысшы шортан ұстап алды. Жұмысшы шортанды үйіне алып келді. Шортанның түсі суық екен. Әйелі балықты тазалады. Балықтың ішінен қол сағат шықты. Жұмысшы сағатты бұрады. Сағаттың тілі жүріп кетті.

«Балдырған» журналынан

  • Шортанның ішінде сағат қалай пайда болды? Осы сұрақтың жауабын топта ақылдасып, тап.

Оқушылар топта мәтіндегі қарамен жазылған сөздердің мағынасын анықтайды. Тура мағыналы сөздермен алмастырып, ойларымен бөліседі.

Бағалау дескрипторы:

  • мәтіннің негізгі ойын анықтайды;
  • сөздің тура және ауыспалы мағынасын анықтайды;
  • сұраққа түрлі болжамдар жасап, дәлелдейді.

№1 Дәптермен жұмыс

«Қазақ тілі» оқулығы 3-сынып. Жумабаева А., «Атамұра баспасы» 2018 ж.

4-слайд

https://www.youtube.com/watch?v=8_xTzjj9I4Y

интерактив

ті сағат

№1жұмыс парағы

5-слайд

№2 жұмыс парағы

Интерактив

ті тақта

6-слайд

қосымша 3

Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия: «Стикер» әдісі

  • Мен не үйрендім?
  • Маған не қиын болып көрінеді?
  • Не күрделі болды?
  • Мен енді нені үйренгім келеді?

«Табыс ағашы» арқылы бүгінгі тапсырмаларды қаншалықты меңгергендерін бағалау.

Үй тапсырма

сағат ұғымына қатысты дереккөздерге сүйене отырып, сөзжұмбақ құрастыру

7-слайд

8-слайд

Саралау– оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтық тапсырмаларды саралау бойынша беру.

Қабілеті жоғары оқушыларға одан әрі дамуы үшін көмек қажет ететін оқушыларға қайта түсіндіру арқылы қолдау көрсетіледі.

Қалыптастырушы бағалаулар дескрипторлар негізінде өзін-өзі бағалау, жұпта бағалау және мұғалімнің бағалауы арқылы жүзеге асырылады.

Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу