Қазақ тілі 3 сынып 2-бөлім Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен Таныс әңгімені баяндаймыз ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2-бөлім : Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Мектеп: Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні : Омарова А.Е.

Сынып: 3

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Таныс әңгімені баяндаймыз

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)

3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру

3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру

3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау

3.2.2.1 мұғалімнің көмегімен әңгімелеу, сипаттау, пайымдау мәтін түрлерін және құрылымдық бөліктерін анықтау

 Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар істей алады:

Диалогқа қатысады

Әңгімені тыңдағанда әуеннің көңіл-күйді жасайтынын байқайды

Оқушылардың көпшілігі істей алады:

Диалогқа белсене қатысады

Тиімді әңгіме техникаларын анықтайды

Кейбір оқушылар істей алады:

Диалогтағы хатшы, репортер, көшбасшы немесе бақылаушы рөлін орындауды

Әңгімеде қобалжушылық немесе шиеленіс жасайтын техникаларды таниды

 Жетістік критерилері

  • Тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап береді;
  • Мұғалімнің көмегімен әңгімелеу, сипаттау, пайымдау мәтін түрлерін және құрылымдық бөліктерін анықтайды;
  • Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап береді;
  • Өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтайды.

 Сөздік қор

 

Зат есім, етістік, сын есім, сан есім, сөз таптары.

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Достық қарым-қатынас, өзгелердің қызығушылығын ояту, назарын аудару үшін мәдениетті сөйлеу мәнерін дамыту

 Пәнаралық байланыстар

АКТ пәнімен байланыс: жауаптарды жазып алу үшін сандық камераны пайдалану

Алдыңғы меңгерілген білім

«Дос сөзі » ,ана тілі 34-37 бет.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

(0-10 мин)

(Ұ) Психологиялық дайындық

Жарқырап күн де ашылды,

Айналаға нұр шашылды.

Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз,

Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз.

Мақсатымыз - білім алу,

Міндетіміз - еңбектену

Еңбектену арқылы

“5 “- ке қолды жеткізу!

(Ұ) Ең үздік грамматик ойыны. Өткен сабақтарда өткен материалдар бойынша бірнеше сұрақтар қою. (сөз таптары, синоним, антоним,омоним сөздер, сөз құрамы,жай және жайылма сөйлем,ресми және бей ресми мәтіндер)

Үй тапсырмасын тексеру. 1-2 оқушыдан сұрау. Оқылған жұмыстарына өзіндік баға бергізу. Бірін-бірі бағалау жұмыстарын жүргізу.

(Ұ) «Ой қозғау»

1) Аяғы жоқ жүреді,

Аузы жоқ сөйлейді.(хат)

2) Сәлем алып, алыстан,

Туысыңнан, таныстан,

Келетұғын, хат - хабар

Қай әріптен басталар? ( х әріпі)

- Хат деген сөзде бірінші қай әріп естіледі? (х)

- Хор деген сөзде бірінші қай әріп естіледі? (х)

(Ж) Сөздік диктан.

Жиһангер,хат,кедей,нан,хоккей,айдаһар,гауһар,хабар,халық,бай,жақсылық,жамандық.

Бірін-бірі бағалау. Өзін-өзі бағалау.

Смайликтер ,жұлдызшалар

Презентация арқылы дұрыс жауаптарын тексеру. Дұрыс жауапқа + дұрыс емес жауапқа – қою. Бір сөзбен нұсқаулық жазу.

Сабақ ортасы

(10-35мин)

(Ұ) Жақсы мен жаманды айыра білемін.

(МК) Бір үзім нан

  • Тақырып бойынша мағынаны тану.
  • Негізгі ойды анықтау.
  • Тақтаға жазу.
  • Жанрдың қай түріне жатуы мүмкін?
  • Мәтіннің қай түріне жатуы мүмкін?

Оқушы жауаптарын тақтаға жазып тұру.

Бір үзім нан

(ертегі)

Баяғы бір заманда бай мен кедей көрші өмір сүріпті. Олардың араздығы сондай, бірін-бірі көргісі келмейді екен. Байдың үйі кең, әдемі болыпты. Іші толған – алтын мен күміс. Ал кедейдің үйі ағаштан жасалған, төбесін бұтамен жапқан қора екен. Алтын мен күміс түгілі, нанын әзер тауып жепті. Егін егіп, оны суарып, күтіп, орып, өз күнін өзі көріпті. Бір жылы көктемде алапат, су тасқыны болады. Бай алтынын көтеріп ағаштың басына шығып кетеді. Ал кедей болса, бір көмеш нанын қойнына салып, ол да ағаштың басына көтеріледі.

  • Ары қарай оқиға қалай өрбиді деп ойлайсыңдар?

Су тасқыны он бес күнге созылады. Бір күні қарны ашқан бай кедейге: - Әй, кедей, сен мына бір кесек алтынды ал да, маған бір үзім нан бер, - дейді. - Жоқ, алтының өзіңе, нан бере алмаймын, - деп жауап береді кедей. Екінші күні бай ...

  • Осы жолы оқиға қалай жалғасады деп ойлайсыңдар?

кедейден тағы да нан сұрайды. - Алтынымның жартысын берейін, - дейді ол бұл жолы. - Жоқ, бере алмаймын, - деп бұл жолы да кедей келіспейді. Ақыры, аштан өліп бара жатқан соң шыдамай, бай бір үзім нанға барлық алтынын айырбастайтынын айтады. Кедей бәрібір көнбейді. Бойынан күші кеткен бай басы айналып, суға құлап кетеді. Ал, келесі күні су тоқтап, кедей ағаштың басынан түседі. Халықтың: «Алтын, күміс - тас екен, арпа, бидай – ас екен» дейтіні осыған орай айтылған екен.

- Мәтін жанырдың қай түріне жатады екен? (Ертегі)

- Кімнің жауабы дұрыс болды?

(смайликтер)

-Ертегінің басты кейіпкерлері кімдер?

-Балалар ертегінің негізгі ой неде ? Қалай ойлайсыздар ?

(ЖЖ) Жұппен бір-бірімізге бұрылып, ертегі бойынша 3 сұрақ қояйық.

  • Басты кейіпкерлер кімдер?
  • Ертегінің негізгі ойы неде?
  • Ертегі авторы?

(Ж)Енді ертегіні зерде кестесіне салып көреміз. Ол үшін сіздерге мынадай критерийлерді ұсынғалы отырмын.

Ертегі тақырыбын.

Ертегі авторын .

Қай ақпарат көзінен алынғанын жазасыз.

Не туралы? Негізгі ойды.

(Ұ) Бірін-бірі бағалау. Егер .

-Ертегі тақырыбын жаза алады. «Бір үзім нан»

- Ертегінің авторын анқытай алады. Халық ауыз әдебиеті.

-Ертегінің негізгі ойын анықтай алады. «Алтын, күміс - тас екен, арпа, бидай – ас екен» немесе Жақсыдан үйрен жаманнан жирен.

Аудио материал

Зерде кестесі

Сабақтың соңы

(35-40мин)

Бірлесіп талқылау

Не білдім?

Не қызық?

Жаңа сөздер.

Не ұнады ,не ұнамады. .

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • Топта жұмыс жасатуарқылы дифференциациялау. Қабілеттері әр түрлі оқушыларды топтастыру оң нәтиже береді.
  • Топтық жұмыстарды ұйымдастыру үшін қабілеті жоғары оқушыларға көшбасшы рөлін беруге болады.
  • Оқушылардың ұжымдық талқылауы барысында олардың жауаптарын тыңдай отырып, ынта мен қызығушылық тудыру үшін әуен, тіл және дыбыс эффектілерінің рөлдерін түсінуін бағалау
  • Топтық тапсырмада жауаптарын бақылау арқылы оқушылардың диалогқа қандай дәрежеде қатысқанын бағалау. Осы деректер келесі талқылауларды жоспарлауда қолданылады.
  • Жұптық талқылауды тыңдау және тақталарда жауаптарды көру арқылы оқушылардың әңгімені баяндау тәсілдерін анықтай алатынын/ алмайтынын бағалау.

Сандық техникаларады қолдануда қауіпсіздік шараларын еске түсіру және сақтау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу