Қазақ тілі және әдебиеті 3 сынып 2 бөлім Әңгімелердегі «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» Фильмдегі тарихи оқиғаларды баяндауда көлеңке қолдану ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: қазақ тілі және әдебиеті Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2-бөлім: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен. | Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||||||
Мұғалімнің аты-жөні: Иманбаева Н.З | ||||||||||||
Сынып: 3 | Қатысқаны: Қатыспағаны: | |||||||||||
Сабақ тақырыбы | Фильмдердегі тарихи оқиғаларды баяндауда көлеңке қолдану | |||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.2.8.1 Кейіпкердің портретін сипаттау, оның іс-әрекеті мен мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалау. | |||||||||||
Сабақ мақсаттары | Көлеңке арқылы кейіпкерлердің портретін сипаттау. | |||||||||||
Бағалау критерийлері | Көлеңке арқылы кейіпкерді сипаттайды және мінез-құлқын бағалайды. | |||||||||||
Сөздік қор
| Кейіпкерлерді сипаттауда оқушылардың сөздік қорлары молаяды. | |||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Көлеңке театрына қызығушылықтары артады. | |||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Өнер, дүниетану пәнімен байланыс көрініс табады. | |||||||||||
АКТ | АКТ-да көлеңке спектакльдерін қарастырады. | |||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Кейіпкерлерді сипаттап шағын мәтін жазып үйренді. | |||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||
Сабақтың басы 3 минут | (Ұ) Оқушылар ғылымға кіріспе пәні бойынша өткен көлеңкенің пайда болуы туралы пікірлеседі. |
| ||||||||||
Сабақ ортасы 35 минут | (МТ) Кейіпкерлерді сипаттау мақсатында символикалық мәндерді түсіндіру арқылы осы тақырыпты пайдалануға мүмкіндік беру. Көлеңке театры Қытайда 2.000 жыл бұрын пайда болған. Хан әулетінен шыққан Ву атты императордың сүйікті әйелі қайтыс болып, император көп қайғы кешті. Жұтқан қайғысы соншама, тіпті елді басқаратын ықыласы жоғалып кетіпті. Бір күні ел министрі қуыршақ ойнаған балаларды көріп, қуыршақтардың көлеңкелері ол үшін нанғысыз тірі болып көрінді. Осыны аңғарған зерек министрдің ойында бір идея пайда болыпты. Ол император әйелінің мүсінін мақтадан жасап, бояйды. Қас қарайғанда, ол императорды жарық түсіретін қуыршақ көрінісін тамашалауға шақырды. Императорға бұл көрініс ұнап, келешекте халыққа көрсетуді бұйырды. Осы оқиға тарихи кітапта көлеңке театрының пайда болған күні деп жазылды. Көлеңке театры халық жырлары мен тарихи оқиғаларды айту үшін және дін туралы мәлімет беру үшін қолданылған. Көлеңке қуыршақтарын жасау үшін өте жұқа тері қолданылған. Терінің ішіне жарық сәулелері, сурет экран арқылы өтетіндей етіп тесіктер жасалған. Бұл қуыршақтың келбеті мен киімін анықтауға көмек береді. Жалпы ұқсастықтар мыналарды қамтиды:
Айырмашылықтары:
(Ұ) Фильм көру. http://www.youtube.com/watch?v=Kku75vGDD_0 "Däumelinchen" by Lotte Reinige Теремок фильмін көрсету (Ұ) Көлеңкенің ғасырлар бойы әңгімелер жазуда жаман немесе бұрыс іс-әрекеттерді бейнелеу кезінде пайдаланылатынын түсіндіру. Көлеңке театрының қуыршақтары арқылы баяндайтын оқиғаны тамашалау. Түссіз, күңгірт және тұнық терминдерін оқушыларға ұсыну. Жасалынған бейнелерді оқушылармен талқылау. (Ұ) Фильмнен үзіндіні екінші рет көру. Оқушылардан фильмде өзгерістер қалай белгіленетінін сұрау, мысалы: қара экран, ақ экран, шымылдықтың ашылуы арқылы. (Ұ) Оқушылардан оқиға баяндаудың анимация, фильм, кітап сияқты басқа түрлері мен театрдағы көлеңкенің қолданылуын салыстыруды сұрау. Ұқсастықтары/айырмашылықтары қандай? Сендер осылардың ішінен қайсысын артық көресіңдер? (Ж) Кейіпкердің қарапайым іс-қимылдары (мысалы: басын қолымен ұстағаны қайғы мен үмітсіздікті білдіреді) белгілі бір әсер тудыратына назар аударту. Фильмді қайта көріп, маңызды сәттерде тоқтату. Балалардан фильмдегі кейіпкерлердің іс-қимылдарын/ әрекетін, көңіл-күйін байқауды және сол арқылы алған әсерлерін анықтауды сұрау. (Ұ) Әңгіме баяндауда көмектескен өзге әдістердің қолданылуын анықтау. (ТҚ) Көлеңке театрын ұйымдастыру. Өзге де құралдарды дайындау:
Тапсырмалар: Тарихи оқиғаларға байланысты. 1-топ. Бейбіт күн. 2-топ. Сұрапыл соғыс. 3-топ. Алынған хат. (Қ) Оқушыларға кейіпкерлердің мінез-құлқын бағалап, өз қорытындыларын кестеге жазуды ұсыну, мысалы:
|
http://www.youtube.com/watch?v=Kku75vGDD_0
| ||||||||||
Сабақтың соңы
| Рефлексия «Алған әсерім» Не үйрендім? ... Не ұнады?... Не ұнамады? ... |
| ||||||||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||
Әр оқушының жауабы мадақталады. Ұйымдастыру қабілеті жоғарылау оқушылар
| Оқушылардың - көлеңке арқылы кейіпкерді сомдауы; - мінез-құлқын бағалауы. | Сергіту сәті өткізіледі. Театр ұйымдастыру кезіндегі қауіпсіздік ережесі айтылады. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?