Қазақ тілі және әдебиеттік оқу. 3 сынып. 2-бөлім. Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен. Кейіпкерлерді сомдаймыз.Қысқа мерзімді жоспар


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2-бөлім. Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Мектеп: Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Нукербаева А.К.

Сынып: 3

Қатысқандар: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Кейіпкерлерді сомдаймыз. Адам досымен мықты.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)

3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап диалогке қатысу;

3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;

3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету.

 Сабақ мақсаттары

сөзді жүйелеп, әдеп сақтап сөйлей алады; мәтіннің тақырыбын анықтап, негізгі ойды

тұжырымдауды үйренді; көркем жаза алады.

 Жетістік критерилері

сөзді жүйелеп, әдеп сақтап сөйлейді;

мәтіннің тақырыбын анықтап, негізгі ойды тұжырымдайды көркем жазады;

 Тілдік мақсаттар

 

Айбат шекті, айырып алу, тұтылу

 Құндылықтарды дарыту

Ақпараттарды салыстыруды үйренеді, сұрақтарға жауап беруге дағдыланады, қажетті тілдік норманы пайдалануға дағдыланады.

 Мектеп миссиясы мен мектеп пайымдауы және жаһандық азаматтықтың

 іске асуы

Оқушылар тақырып бойынша ойды жалғастырып, сөйлеу дағдыларын жетілдіреді. Ойларын ортаға салып, пікірлеседі.

 Пәнаралық байланыстар

Әдебиеттік оқу, өзін­ өзі тану пәндері

Алдыңғы меңгерілген білім

Әңгімелердегі «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» (Жарық пен қараңғы) зерттейді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтажоспарланғаніс-әрекет

Ресурс тар

Сабақтың басы

(0-5 мин)

Ұйымдастыру.

Оқулық: 54–55 беттер Жұмыс дәптері: 27­бет

(Ұ) Психологиялық ахуал орнату.

Шаттық шеңберіне шақырамын.

Дос болайық бәріміз,

Жарасып тұр әніміз.

Тыныштықты сақтаймыз,

Атсын күліп таңымыз.

Сабақтың ортасы

(5-35 мин)

Ойланайық, пікірлесейік.

Тапсырманы оқушылар алдымен жеке орындайды. Кейін жұбымен ой бөліседі.

Тапсырманы оқушылар жұпта орындайды. Мұғалім тапсырманың орындалу ережесін түсіндіреді. Оқушылар тапсырмадағы сөйлемдерді басшылыққа ала отырып, жұптық әңгіме жасайды. Оны жанындағы жұбына таныстырып береді. Бір­бірінің сұрақтарына жауап береді.

Жұптық жұмыс аяқталған соң мұғалім бірнеше оқушының пікірін тыңдайды. Достардың бір­біріне көмек бергені және ол көмекке қарайтындықтары сұралады.

Оқиық!

Бұл тапсырмада оқушылар қарамен жазылған тірек сөздердің мағынасын түсінеді, ақпараттарды салыстыруды үйренеді,сұрақтарға жауап беруге дағдыланады.

Тапсырманы оқушылар жеке орындайды. Кейін жауабын сыныппен бөліседі.

Тапсырма мазмұны бойынша оқушылар кейіпкерлердің жағдайымен танысады. Оқушылардың жауаптарын дәлелді түрде жауап беруі қадағаланады. Қарамен жазылған сөздермен жұмыс жүргізіледі.

Тапсырмадағы мәтінді оқиды. Мұғалімнің жетелеуші сұрақтарына жауап береді. Мәтін мазмұны, оқиға желісі туралы пікірлерін айтады. Мәтіндегі қарамен жазылған сөздердің не үшін ерекшеленіп тұрғанын болжайды.

Сахналайық.

Рөлдік ойынға түсуді үйренеді. Мақсатқа сай сөйлеу үшін қажетті тілдік норманы пайдалануға дағдыланады.

Тапсырма топта орындалады. Оқушылар рөлдік ойын жасайды. Сыныптан бірнеше оқушы сарапшы рөліне еніп, топтың жұмысын бақылап отырады. Тапсыраманың соңында сарапшы пікірі, бағалауы тыңдалады. Кейіпкерлердің рөлін сомдауда сахнаны дайындау да оқушыларға қызығырақ болады. Әр топтан 3 бала сахналауға дайындалып жатқанда, қалған топ мүшелері сахнаның көркемдік жағын ойластырып жасайды.

Мәселен, біреу ағаштың суреті, келесі топ иттің суреті, үшіншісі Ақселеу ұстайтын шыбықты дайындайды. Бұл жерде топқа бөлінбей балалар қабілеттеріне қарай бірге жұмыс істеулеріне болады.

Сабақ басында топ оқушылары әңгімені сахналауға, сахна артын безендіруге дайындалады. Кейіпкердің сезімін көрсетуге талпынады. Соңында 2 тілек, 1 ұсыныс айтады.

Жазайық.

Мәтіндегі негізгі ойды тауып, дәптерлеріне көшіріп жазып алады.

Тапсырманы оқушылар алдымен жеке түсінеді.

Мәтіндегі негізгі ойды тауып, бірнеше рет оқу арқылы есте сақтайды, негізгі ойды жатқа жазуға дайындалады.

Негізгі ой. Мен қашсам, сен алысқа жүгіре алмайсың, сен тұтылып, мен құтылатын едім. Сені қорғап қалу үшін әдейі қашпадым. Жатқа жазылған негізгі ойды оқулықтағы нұсқамен тексереді.

Көмекті қажет ететін оқушыларға жауаптарын нақтылауға қолдау көрсетіледі.

Бірге орындайық.

Бұл тапсырма в, ф, ц, э әріптерінің емлесін бекітуге негіз болады.

Тапсырманы сыныппен орындайды.

Мұғалім тапсырманың орындалу жолын түсіндіреді. Берілген сурет- тің орнына тиісті сөзді қойып, сөйлемді дәптерге көшіріп жазады.

Жаттығуды орындау кезінде оқушылар тарапынан жазудың гигиеналық талаптарын сақтауы қадағаланады. Әріптерді біркелкі әрі көркем жазу қажеттігі ескертіледі.

Дифференциация.

Сабақта э,ф,в, ц әріптері бар сөздерге суретті жұмбақтар, сөзжұмбақтар алуға болады. Мәселен, Бос торкөздерді э дыбысынан басталатын сөздермен толтыр.

Оқушылардың қаншалықты түсінгенін тексеру.

Ол үшін 7­9 бетте орналасқан «Кіріспені» қарап, тиесілі бағалау стратегиясын таңдауы керек.

стикер, маркер лер,

А3 қағаз дары, бағалау қағазда ры

Сабақтың соңы

(35-40 мин)

Сабақта не ұнады? Нені үйрендім? Не қиын болды?

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз

Дифференциациялық тасырма. Оқушыларға өздеріне орындай алатын тапсырманы таңдауға мүмкіндік беріледі.Әр бала өз деңгейіге сай тапсырманы орындайды.

Сабақтың басындығы көңілдерің неге ұқсайтынын естідік, ал енді көңіл күйлеріңді неге теңейсіңдер?

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекеттүрлері.

Сабақ бойынша рефлексия

Оқудың шынайы мақсатын / мақсатының мақсаттары ма еді?

Барлық оқушылар Ортақ мақсатқа жетті ме?

Егер жоқ болса, неге?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізіле ме?

Сабақтың уақыттық сатылары болды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды және неге?

Сабақты көрсету үшін осы бөлімді пайдаланыңыз. Сол бағандағы сабақ туралы ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы рейтинг

Сабақтың қандай екі қыры жақсы өтті (оқыту мен оқуды ойлап көріңіз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не көмектесе алады (оқыту мен оқуды ойлау керек)?

1:

2:

Сабақ туралы сабақта не жеке оқушылардың жетістіктерімен / қиындықтарымен нені көрсеттім, кейінгі сабақтарда не іздеймін?

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2-бөлім. Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Мектеп: Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Нукербаева А.К.

Сынып: 3

Қатысқандар: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Кейіпкерлерді сомдаймыз

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)

2.2 Мәтіндегі лексикалық бірліктер, әдеби көркемдеуіш құралдардың қолданылуын түсіну және анықтау

 Сабақ мақсаттары

3.2.8.1 кейіпкердің портретін сипаттау, оның іс-әрекеті мен мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалау

3.1.6.1 интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды (қимыл, ым-ишара), қаратпа сөздерді қолдана отырып, тақырыпқа тыңдарманның назарын аударту

 Жетістік критерилері

Мұғалімнің көмегімен мәтіннің негізгі ойын анықтай алады. Грамматикалық ерекшеліктерді ажырата алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Тақырыпқа қатысты сөздер мен сөз тіркестерімен танысады, оларды сөйлеу барысында қолданады. Сауатты жазып, ойын тиянақты жеткізуге дағдыланады.

 Құндылықтарды дарыту

Еңбекқор, адал болуға және әр істі жауапкершілікпен орындауды үйренеді.

 Мектеп миссиясы мен мектеп пайымдауы және жаһандық азаматтықтың іске асуы

Өмірде кейіпкерлерді сомдай алады.

 Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, сурет, АКТ

Алдыңғы меңгерілген білім

Кейіпкерді сипаттау, мәтін кейіпкерін анықтап, оған мінездеме бере алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурс тар

Сабақтың басы

(0-5 мин)

(Ұ) Психологиялық ахуал орнату.

Жақсылықтан үйреніп,

Боламыз біз жақсы адам.

Жамандықтан жиреніп,

Үлгі аламыз жақсыдан.

Сабақтың ортасы

(5-35 мин)

Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Автор: Баяғы бір заманда өз істеріне өте шебер, алты елдің алты ұстасы бірігіп, өте мықты, өте өткір қылыш жасапты. Өте өткір болып жасалынған бұл қылышқа көз алартып қарайтындар да көп еді. Тіпті елдің тыныштығын бұзатын сұм мыстандар да күміс қылышқа ие болғысы келеді.ешбір соғыста жеңіліс көрмеген бұл қылыштың ең бірінші егесі Айдар хан деген батыр болыпты. Сол уақыттарда таудың арғы бетінде берекесі мол, бірлігі жарасқан Бексұлтан есімді ханнның елі болған кқрінеді. Халық ешқандай уайым- қайғысыз өмір сүріп жатады. Ескен нәзік самалда әрдайым ауызбіршілікте болған Бексұлтан ханның еліне арқау болғандай.

Ел батырлары да ел тыныштығы үшін жаны беруге әзір еді. Елдің мақтанышына айналған Қайсар атты батыр мен Аймеңді есімді сұлу қыз өмір сүріпті. Қайсар батыр ешкімнен, ешнәрседен қорықпайтын хас батырдың өзі болған екен. Ал Аймеңді сұлудың сұлуы, қараса көз тоймайтындай қыз болған. Аймеңді сұлуға барша жұрт қызыға да қызғана да қарайтын. Батыр әрдайым сұлудың көңілін көтеру мақсатта сыбызғымен әуен ойнап беретін. Оны Аймеңді сұлу құмарлана, құшарлана тыңдайтын.

Осылайша Бексұлтан ханның елі қуанышта, бақытта өмір сүріп жатырған кезде..............

Хабаршы: Жау шапты,жау шапты! О ,халайық елімізге жау шапты, елімізге жау шапты!

Бексұлтан хан: О, елім менің, халқым менің, елімізге , жерімізге жау шапты! Елге қауіп төніп тұр, жау жағада тұр! Біздің тыныштығымызды, елімізді, жерімізді, халқымызды жаудан сақтайық! Батырлар,жауынгерлер бар үміт өздеріңде, мен сендерге сендім! Алла жар болсын!

Автор: Көп ұзамай бұл хабарды сұм мыстандар да естиді.

Қарға: Қожайын, елге жау шапты! Батырлардың бәрі соғысқа кетті.

Кіші мыстан: Қойшы, рас айтасың ба?

Қарға: Қайсар батыр да сол соғысқа кетті

Үлкен мыстан: Біз мұндай жағдайда бірнәрсе ойластыруымыз керекпіз. Егерде біз Аймеңді сұлуды ұрлап әкететін болсақ, Қайсар батыр оралған бетте оны іздеп бізге келеді. Сол мезетте Аймеңді сұлуды алғың келсе, бізге Айдархан батырдың күміс қылышын алып кел деп шарт қоямыз.

Кіші мыстан: Қайсар батыр сұлуын құтқару үшін бәрін жасайды. Ал Айдархан батыр болса қартайған. Демеек, Айдархан батырға Қайсар батырдың күші жетеді. Қайсар батыр бізге күміс қылышты алып келіп беретін болса, біз жалдамалы қарақшыларды жалдап, бүкіл әлемді жаулап аламыз. Алтындарын алып, сұлуларын қамап қоямыз. (бірге айтып, күледі)

Автор: Мыстандар осылайша армандап,арам ниетін жүзеге асырмақ мақсатта, түрлі айла-амалдар ойластырады. Әдемі бір тал гүлді алып, осы гүлді иіскеген адам ұзақ жылдар бойы ұйқыға кететіндей етіп, у қосып дайындайды. Уланған гүлді Аймеңді сұлуға бермек болады. Қайсар батырдың соғыста жүргенін пайдаланып, әжейдің киімін киген мыстан Аймеңді сұлудың ауылына келеді.

Үлкен мыстан: Уф, су беретін жан барма мына маңайда. Шаршадым, шөлдедім су беретін жан барма мына маңайда.

Аймеңді сұлу: Амансыз ба ,әже? Әже үйге кіріңіз.

Үлкен мыстан: Жоқ рахмет қарағым, ары қарай жол жүру керекпін. Су берсең жеткілікті.

Аймеңді сұлу: Су әкелейін бе, әлде қымыз әкелейін бе ?

Үлкен мыстан: Су әкеле ғой....

Аймеңді сұлу: Қазір әже.... Мінекейіңіз әже.

Үлкен мыстан: Мына гүлді саған тарту етемін.

Аймеңді: Мына гүлдің сондай әдемісін- ай. Рахмет әже! (гүлді иіскеп, ұйықтап қалады)

Автор: Аймеңді сұлудың жоғалғанын білгеннен кейін, ауыл- ел, үй-іші әбігерге түсіп іздейді.

Қарлығаш: Аймеңді сұлу ,Аймеңді сұлу қайдасың?

Әкесі: Қызым Аймеңді, қызым Аймеңді.... қызымды көрдіңдер ме?

Автор: Осылайша сұлудың жан құрбысы Қарлығаш, Аймеңдінің жоғалып кеткендігін, және оны ешкім таба алмай жатқандығын батырға жеткізуді өтінеді. Хабаршы көп ұзамай, батырға қарай жолға аттанады

Хабаршы: Қайсар батыр, елден сізге жайсыз хабармен келдім!

Қайсар батыр: Иә, айта бер бауырым , не хабар алып келдің?

Хабаршы: Мені Аймеңдінің досы Қарлығаш жіберді. Ауылдың сұлуы жоғалды. Елдің ең соңғы үміті сізде....

Қайсар батыр: Неге бұл хабарды маған ертерек айтпағансыңдар?

Автор: Осы ашумен, Қайсар батыр қаншама күндер, қаншама айлар бойы жеңе алмай жүрген жауды жеңіп,еліне қарай асығады. Осы жеңіспен ханның алдына барады.

Бексұлтан хан: Қайсар батыр, жеңістеріңмен батырым! Ел сенімін ақтадыңдар... Жарайсың Қайсар батыр!

Қайсар батыр: О, хан ием, бұл біздің борышымыз, елімізді, Атамекен жерімізді әрдайым қорғауға дайынбыз!

Бексұлтан хан: Батырым, сен жақсылап деміңді бас, сені алда үлкен жорық күтіп тұр!

Қайсар батыр: Жоқ, Хан ием жорыққа бүгін шыға берсем деп едім, рұқсат етіңіз

Автор: Қайсар батыр Аймеңді сұлуды іздеуге ауылдан шығып кетеді. Күндер өтіп, айлар өтіп Қайсар батыр Аймеңді сұлуды іздеп табады.

Қайсар батыр: Аймеңді сұлу, Аймеңді сұлу, Аймеңді сұлу, Аймеңді сұлу

Аймеңді сұлу: Қайсар, Қайсар, Қайсар батыр, Қайсар батыр.....

Қайсар батыр: Бұл Аймеңді сұлудың даусы емес пе? Аймеңді сұлу, Аймеңді сұлу. Аймеңді сені ақыры таптым-ау... Аймеңді сұлу сені кім бұл жерге тығып қойған.

Аймеңді сұлу: Білмеймін Қайсар батыр, мен неге бұл жердемін.

Қайсар батыр: Ел- жұрт айтуынша, сені сұм мыстандар алып кетіпті. Сенің жоғалғаныңа бірнеше айлардың жүзі болыпты.

Аймеңді сұлу: Қайсар батыр, Қайсар батыр

Қайсар батыр: Аймеңді сұлу, сені сыртыңнан құлыптап қойыпты, мен мыстандрды тауып, кілтті қолыма түсіруім керек.

Аймеңді сұлу: Қайсар батыр тез оралшы, мен бұл жерде жалғыз қорқамын.

Қайсар батыр: Сабыр сақта! Әй мыстандар, сендер ме Аймеңді сұлуды алып кеткен, мен оны алып кетуге келдім. Маған үңгірдің кілтін беріңдер.

Кіші мыстан: А, Қайсар батыр ақыры келдің бе? Мына Айдаһарды көрдің бе? Оны ешқандай қылыш та кеспейді, садақ та өтпейді. Сен сұлуыңды құтқаруға келсең,біздің бір шартымыз бар.

Қайсар батыр: Айта беріңдер, не ойлағандарың бар тағы.

Үлкен мыстан: Мына таудың арғы жағында бір ауыл бар. Сол ауылда Айдархан деген батыр тұрады. Сол батырдың күміс қылышы бар, сол қылышты әкеліп берсең, үңгірдің кілтін саған береміз.

Автор: Амалы қалмаған, Қайсар батыр Айдархан батырдың ауылына қарай жолға шығады да, Айдархан батырдың үйіне келеді.

Қайсар батыр: Ассалаумағалейкум!

Айдархан батыр: Уағалейкумассалам балам! Аты- жөнің кім? Қай елден боласың?

Қайсар батыр: Бексұлтан ханның елінен , есімім Қайсар

Айдархан батыр: Мммм, Бексұлтан ханның еліненсің бе?

Қайсар батыр: О, Айдар хан батыр, мен сізден көмек сұрауға келдім, сұм мыстандар ауылымыздың сұлуын ұрлап үңгірге тығып қойды. Оны шығарайын десем, сіздің күміс қылышыңызды алып кел деп шарт қойды. Көмектесіңіз маған.

Айдархан батыр: Мен бұл қылышты тек батырларға ғана сыйға тартамын!

Қайсар батыр: Айдархан батыр мен мақтанышпен ақталмай-ақ қояйын, бірақ елімнің сенімін ешқашан жерге тастамағанмын.

Айдархан батыр: Қайсар батыр, өзің қайтпас қайсар екенсің. Бұл қылышты 6 елге белгілі 6 ұста 60 күн, 60 түн таза күмістен құйып жасаған. Бұл қасиетті сайман енді сенікі, ала ғой батырым!

Қайсар батыр: Сізге ризашылығымды білдіремін, рахмет сізге!

Айдархан батыр: Сен бұл қылышты мыстандарға берме! Бұл қылыштың жүзі сол айдаһарға өтеді. Жолың болсын, батырым!

Қайсар батыр: Әй,мыстандар, міне сендердің қол жеткізе алмай жүрген қылыштарың!

Үлкен мыстан: А, батыр ақыры келдің бе? Күміс қылышты алып келіпсің ғой, кәне оны бізге бер!

Қайсар батыр: Жалпы бұл қылыш өзіме де ұнап қалды.

Кіші мыстан: Сен қылышқа емес сұлуға келген жоқ па едің?

Қайсар батыр: Оның рас, мен сұлуды да алып кетем,қылышты да алып кетем.

Үлкен мыстан: Қайсар батыр бізбен ойнаймын деп, өзіңе ор қазба! Мына айдаһар тұрғанда сен ешқайда да кете алмайсың!

Қайсар батыр: сенің айдаһарыңнан қорқып тұрған ешкім жоқ!

Мыстандар: Батыр бізге тиісе көрме, біз саған үңгірдің кілтін береміз.....(қорқып)

Қайсар батыр: Мен сендерді бұл жолы кешіремін, және бір нәрсені бүлдіріп жүрсеңдер, мен қайта ораламын

Автор: Міне, осылай Қайсар батыр Аймеңді сұлуды еліне құтқарып әкеліп, бақытты да баянды ғұмыр кешеді.

Дәптермен жұмыс:

Ертегідегі кейіпкерлер: Бексұлтан хан, Айдархан батыр, Қайсар батыр, Аймеңді сұлу, кіші мыстан, үлкен мыстан, қарға,

Дифференциация

Кейіпкерлердің бірін сомда.

Сурет-

тер.

Бейнема-

териал көрсету.

Дәптер

Сабақтың соңы

(35-40 мин)

Сабақта не ұнады?

Нені үйрендім?

Не қиын болды?

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз

Дифференциациялық тасырма. Оқушыларға өздеріне орындай алатын тапсырманы таңдауға мүмкіндік беріледі.Әр бала өз деңгейіге сай тапсырманы орындайды.

Сабақтың басындығы көңілдерің неге ұқсайтынын естідік, ал енді көңіл күйлеріңді неге теңейсіңдер?

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекеттүрлері.

Сабақ бойынша рефлексия

Оқудың шынайы мақсатын / мақсатының мақсаттары ма еді?

Барлық оқушылар Ортақ мақсатқа жетті ме?

Егер жоқ болса, неге?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізіле ме?

Сабақтың уақыттық сатылары болды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды және неге?

Сабақты көрсету үшін осы бөлімді пайдаланыңыз. Сол бағандағы сабақ туралы ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы рейтинг

Сабақтың қандай екі қыры жақсы өтті (оқыту мен оқуды ойлап көріңіз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не көмектесе алады (оқыту мен оқуды ойлау керек)?

1:

2:

Сабақ туралы сабақта не жеке оқушылардың жетістіктерімен / қиындықтарымен нені көрсеттім, кейінгі сабақтарда не іздеймін?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу