Қазақ тілі және әдебиеттік оқу. 3 сынып. 2- бөлім. Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен. Кейіпкерлердің сипаттамасын жазу. Қысқа мерзімді жоспар
Пән: қазақ тілі және әдебиеті Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2-бөлім: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен. | Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Мұғалімнің аты-жөні: Нукербаева А.К. Қатысқаны: Қатыспағаны: | ||||||
Сынып: 3 | |||||||
Сабақ тақырыбы | Кейіпкерлердің сипаттамасын жазу. Айтар сөзімізді жоспарлаймыз. | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер/фото/диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау 3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру. | ||||||
Сабақ мақсаттары | Көпшілік алдында сөйлеуге тақырып анықтайды және сөзін жоспарлауды; қажетті мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтауды; тыңдалған материал бойынша сұрақтарға жауап беру дағдысын жетілдіреді. | ||||||
Бағалау критерийлері | •Тақырып пен суреттердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжайды •Кейіпкерлердің іс-әрекетіне сүйеніп, оқиғаның соңын болжайды •Мәтінге қатысты тірек сөздерді анықтайды •Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді | ||||||
Сөздік қор | көпшілік, сөйлеу талаптары, көркем сөз, ұлағатты сөз. | ||||||
Құндылықтарды дарыту | Оқушылар тақырыпқа байланысты мағлұматтар жинақтауға, дерек көздерін ұтымды пайдалана білуге, мұқият тыңдауға үйрету арқылы тыңдaлым дaғдылapы дaмиды. | ||||||
Мектеп миссиясы мен мектеп пайымдауы және жаһандық азаматтықтың іске асуы | Оқушылардың ойлау қабілетін, елестету деңгейін жақсартады. Оқушыларды жалпылама тақырыптардың ішінен жеке тақырыпты анықтауға үйренеді. Оқушылap мәтінді тыңдай отырып, тірек сөздерді жазады. | ||||||
Пәнаралық байланыстар | Әдебиеттік оқу, өзін өзі тану пәндері. | ||||||
АКТ | Көрсетілімдер | ||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Кейіпкерлердің сипаттамасын жазуды меңгерді. | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы 3 минут | Ұйымдастыру кезеңі. Оқулық: 74–75 беттер. Жұмыс дәптері: 37бет | ||||||
Сабақ ортасы 35 минут | Тыңдайық және оқиық. Тапсырма жұптa және топпен орындауға бағытталған. Мұғaлiм ұйымдacтыpу cәтiнeн кeйiн oқушылapғa тaпcыpмaның шapтын түciндipeдi: тыңдaлaтын мәтiннeн мазмұнды аша алатын тірек cөздepдi түpтiп aлу кepeк. Мәтiн eкi peт тыңдaтылaды. Алғашқы тыңдалым кезінде мұқият тыңдайды. Мына сұраққа жауап береді: -Жамбыл қандай тақырыпта сөз сөйледі? -Ол өзін көпшлік алдында қалай өзін ұстады?- деп ойлайсың? Екінші тыңдағанда тірек сөздерді жазады. Тыңдaлымнaн кeйiн oқушылap жұптapымeн жaзбaлapын тaлқылaйды: -Қaй cөз мәтіннің мазмұнын аша алады, қай сөз артық жазылған? Әр оқушы өз жауаптарын негіздей білулері керек. Oлap жұппен талқылайды, oдaн кeйiн тoптa ой бөлiciп, бipiнбipi тoлықтыpaды. Жамбыл айтқан нақыл сөздерді дәптерге көшіріп жазады. Олардың мағынасын түсіндіреді. Бірінші тыңдалымнан кейін оқушылар Жамбылдың ана тілін құрметтеу туралы сөйлегенін айтуы тиіс. Өзін қалай ұстағанын анықтау үшін мына бейнебаянды көрсету: Құрастырайық. Тапсырма топпен орындауға бағытталған. Мұғалім оқушыларды мына мәліметтермен таныстырады: Тыңдаушыға ойды сәтті жеткізе білуде 10% не жайында айтқанымызға, 4050%қалай айтқанымызға, 60%қалай көрсеткенімізге байланысты екен. Сондықтан көпшілік алдында сөйлеу кезінде неге көңіл бөлу керек? Осы туралы ойланып, постер құрауды тапсырады. Құрастырған постерлерін сынып алдында таныстырады. Саралау. Дифференциация. Суретке бейімі бар балалар, постердің суретін салуға, шешендік өнерге бейімі бар балалар сөзін құрастырады. Тапсырма топпен орындауға бағытталған. «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» бөлімінде өткен сабақтарға байланысты тақырып белгілейді.Тақырып жайлы, тыңдарманға не айтқысы келетінін ойланады. Саралау. Дифференциация. Оқушылар тақырыпты белгілеп болған соң, қабілеттеріне қарай музыкаға бейім оқушылар сөз сөйлеп тұрғанда қосып қоятын баяу ырғақты музыканы анықтайды, сурет салуға бейімі бар оқушылар өз сөздеріне дәлел ретінде, көрнекі сурет салуды ойластырады. Әртістік өнерге бейімі бар оқушылар өз сөздерін тыңдарманға әсерлі жеткізу үшін қи- мылмимикаларын көрсетіп жаттығады. Жоспарлайық. Тапсырма жеке орындауға бағытталған. Өздері белгілеген тақырып бойынша дерек көздерінен мәліметтер іздейді. Тапқан мәліметтерін іріктейді. Сол бойынша сөйлейтін сөзінің қысқаша жоспарын құрады. Саралау. Дифференциация. Қабілеті жоғары оқушылар мағлұматтарды іздеу барысында мұғалім бағытбағдар беріп отырады. Қабілеті төмен оқушыларға мағлұмат іздеуге көмектесу. Деректерді іздеу кезінде сынып бұрышындағы әдебиеттерді пайдаланғанда оқушыларға еркін жүруге рұқсат етіледі. Дифференциация. Оқушылар көпшілік алдында сөйлеуге байланысты алған білімдеріне сүйеніп, «Білемін, білгім келеді, білдім» кестесін толтырады. Оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін тексеру. Ол үшін 79 бетте орналасқан «Кіріспені» қарап, тиесілі бағалау стратегиясын таңдауы керек. ҚБ тапсырмасын орындайды. | Ват ман, фло-мастер лер https://www.youtube.com/watch?v=v1AOkHaN3xc https:// www.youtube.com/watch?v=v1AOkHaN3xc | |||||
Сабақтың соңы 2 минут | Рефлексия
| ||||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Әр оқушының жауабы мадақталады. Дифференциациялық тапсырмаға екі кейіпкердің кездесетін жерін жазу қабілеті жоғары оқушыларға жазуды ұсыну. Не болар еді? Бір-бірімен олар қалай сөйлесер еді? | Оқушылар жазған мәтіндерін оқыған кезде кері байланыс алады. . | Сергіту сәті өткізіледі. Жазу кезіндегі қауіпсіздік ережесі айтылады. |
Сабақ бойынша рефлексия Оқудың шынайы мақсатын / мақсатының мақсаттары ма еді? Барлық оқушылар Ортақ мақсатқа жетті ме? Егер жоқ болса, неге? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізіле ме? Сабақтың уақыттық сатылары болды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды және неге? |
| |
Жалпы рейтинг Сабақтың қандай екі қыры жақсы өтті (оқыту мен оқуды ойлап көріңіз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не көмектесе алады (оқыту мен оқуды ойлау керек)? 1: 2: Сабақ туралы сабақта не жеке оқушылардың жетістіктерімен / қиындықтарымен нені көрсеттім, кейінгі сабақтарда не іздеймін? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?