3. Қазақ тілі_3-сынып_2-бөлім Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен_№1-сабақ Жақсы мен жаманды айыра білемін_Дидакт.м.
Қосымша № 1
Бос торкөздерге сандардың тұсындағы әріптерді орналастыр.
1 2 3 4 5 6 7 8
Ж М С Е Қ А Н Ы
1 | 6 | 5 | 3 | 8 | 2 | 4 | 7 | 1 | 6 | 2 | 6 | 7 | ||
Қосымша № 2
Жақсы мен жаман
- Жақсы деген немене?
- Әдеп пенен өнеге:
Үлкендерді сыйлауың,
Ақыл сөзін тыңдауың.
- Жаман деген немене?
- Жаман деген жақсы емес,
Жей қоятын тәтті емес:
Жақсы істерді көрмеуің,
Кішіге көмек бермеуің.
Абдрахман Асылбеков
Қосымша № 3
Мәтінді тыңдау, мағынасын түсінбеген сөздерін түртіп алу.
Данышпанның жауабы
Данышпан Конфуцийдің Гун, Лун, Чжон деген үш шәкірті болыпты.
Бір күні ел кезуші дәруіш қариядан:
– Шәкіртіңіз Гун туралы не айтасыз? -деп сұрайды.
Қария:
- Оның ақылына тіпті ғалымдар да қайран қалады.
- Ал Лунның қандай қасиеттері бар?
- Оның батылдығы даңқты жауынгердің ерліктерінен де асып түседі.
- Үшінші шәкіртіңіз ше?
- Чжонның еңбексүйгіштігін мақтаныш етемін.
Қарттың сөзіне таңданған дәруіш:
- Егер Гун сондай ақылды, Лун сондай батыл, Чжон тамаша еңбексүйгіш болса, сізден олар енді не үйренулері керек? – деп сауал қояды.
- Гун ақылды, бірақ еріншек; Лун батыл, бірақ даңғойлау; Чжон еңбексүйгіш, бірақ күншіл. Гун еріншекті ақыл баққа жеткізе алмайтынын білмейді. Лун көзсіз ерлік апатқа ұшыратынын, Чжон қуаныш қызғаншақтықпен сыйыса алмайтынын аңғармайды. Осы ақиқаттарға көздері жеткенше, мен оларға ұстаздық етуім керек, ал олар тілалғыш шәкірт болуға міндетті, – депті данышпан.
(Балдырған журналынан)
Қосымша № 4
Шығармашылық диктант.
Көп нүктенің орнына б-в, п-ф әріптерінің тиістісін қойып жаз.. Оқушылар соңында дәптерлерін алып өзара тексереді.
1.Аулада …онтан бар. 2. Бұл – темір жол …окзалы. 3. …арида …ерғанада тұрады.4. Аяқ киім …абрикасы қала шетіне орналасқан. 5. Менің анам …ермада істейді. 6. Сендер …елосипедтің қандай түрлерін білесіңдер?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?