4.Қазақ тілі_3-сынып_2-бөлім_Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен_№22 сабақ_Қыстырма сөз_Әдістемелік нұсқау


 Мұғалімге әдістемелік нұсқау

Бөлім: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Сабақ тақырыбы: №22. Қыстырма сөздер. Жақсы мен жаманды білемін

Ресурстар: Тақырыпқа қатысты суреттер, кестелер, смайликтер, түсіндірме сөздік, бейнежазба, флипчарттар, маркерлер, түрлі түсті қарындаштар т.б.

Қауіпсіздік және денсаулық сақтау: оқушылардың сынып ішінде қозғалысын дұрыс ұйымдастырып, қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет. Оқушылардың оқу әрекеті түрлерін алмастырып отыру, шаршамауын қадағалау.

Сабаққа қажетті теориялық материалдар

Сөйлемдегі ойға сөйлеушінің әр алуан көзқарасын (сену, мақұлдау, күмәндану т.б.) білдіретін сөздерді қыстырма сөздер деп атайды.

Сабаққа қатысты ескертпелер

Грамматикалық ширату.

 Тапсырма «Консенсус» әдісі негізінде ұйымдастырылады. Қатар тұрған парталарда отырған 4 оқушы топқа бірігеді. Берілген сөйлемдерде қолданылған сөздерді ерекшелігіне қарай топтастыру үшін әр топқа қағаз (А4) таратылады. Әр оқушы қағаздың шетіне өз нұсқасын жазуына шамамен 1 мин уақыт беріледі. Жазып болған соң топ мүшелері өз нұсқаларын ортаға салады. Оқушылар ақылдаса отырып, қағаздың ортасына топтың ортақ шешімін жазады. Топ жұмысын бір оқушы таныстырады. Басқа топ мүшелері таныстырушы топқа шешімдерін толық түсіндіру үшін сұрақтар қойып немесе пікір айта алды.

Қыстырма және қыстырма сөздерді салыстыру. «Венн диаграммасы» әдісі

 Оқушылар топта ақылдаса отырып Венн диаграммасын толтырады. Тапсырманы орындауға шамамен 2 минут уақыт беріледі. Оқушылар сәйкес шеңберге қаратпа және қыстырма сөздердің ерекшеліктерін және емлесіндегі ұқсастықтарын шеңбердің қиылысқан тұсына жазады. Салыстыру нәтижесін бір топ ортаға шығып қорғайды. Өз ойларын дәлелеп айтады. Басқа топтар өзара толықтырады, бағалайды.

«Ашық микрофон» тәсілі негізінде оқушылардың барлығына сұраққа жауап беру мүмкіндігі беріледі. Оқушылар қыстырма сөздерді қолдана отырып, сұраққа жауап беруге жаттығады.

- Өлеңде аталған жақсы істерді қаншалықты орындап жүрсің?

- Кішілерге көмек берген сәтіңді айтып бере аласың ба?

Керекті тіркестер:

Шынымды айтсам,....

Расында, ...

Менің ойымша, ....

Әлбетте, ...

 Жұпта «А» және «В» оқушысы бір-біріне сұраққа жауап айтады. Олар өзара жауаптарын бағалап, жауаптың бірін топқа ұсынады. Егер «А» оқушысының жауабын таңдаса, онда топта сол жауапты «В» оқушысы таныстырады.

Әр топта 6 оқушыдан немесе сыныптағы қатар саны бойынша үлкен 3 топқа бірігеді. Топ мүшелері ортаға жианалып, әр жұптың жауабын тыңдап, ақылдаса отырып топ атынан айтылатын жауапты белгілейді. Сынып алдында таныстырады.

 Басқа топ мүшелері ашық микрофонды қолданып нақтылаушы, пікірін айқындауға бағытталған сұрақтар қоя алады. Топтар бірін-бірі өзара бағалайды.

Есте сақтау диктанты

1. Мақалды оқу, 20 сек ішінде жаттау.

2. Жатқа жазу.

3. Түпнұсқамен салыстырып, тексеру.

4. Қатесіз жазуын бағалау.

 Мақал негізінде қыстырма сөзді қолданып, 2 сөйлем құрастырып жазу тапсырмасы оқушылардың айтылым дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Тапсырманы оқушылар өз бетінше орындайды.

«Ішкі және сыртқы шеңбер» (Карусель) әдісі

 Сынып оқушылары ішкі және сыртқы шеңберге орналасады. Талқылау сұрақтарын оқушыларға көрінетін етіп, тақтаға жазып қою.

Талқылау сұрақтары:

  • Бауыржанның мұндай әрекет жасауына не себеп блуы мүмкін?
  • Бауыржан сенің жан досың болса, оған қалай көмек берер едің?
  • Күнделікті өмірде осындай әрекеттерге куә болғанда, жағдайды шешуге қалай ықпал жасар едің?

  Мұғалімнің белгісі бойынша сытрқы шеңбердегі оқушылар талқылау сұрағының бірін қояды, ішкі шебердегі оқушылар жауап береді, 30-40 сек шамасында қайта белгі беріледі. Сыртқы шеңбердегі оқушылар сағат тілмен бір орын жылжып тұрады. Енді ішкі шеңбердегі оқушылар сұрақтың бірін қояды, сыртқы шеңбердегі оқушылар жауап береді. Мұғалім қоңырау, сылдырмақ немесе шапалақтау арқылы белгі беруіне болады.

 Оқушылардың дескриптор негізінде өзара кері байланыс беруін ұйымдастыруға болады. Ол үшін тапсырма соңында оқушылар өзіне қай жауап ұнағанын және неліктен ұнағанын айтады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу