1. Қазақ тілі_3-сынып_2-тарау Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен_22-сабақ Қыстырма сөздер
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен Күні: Сынып: | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||
Сабақтың тақырыбы | 22-сабақ. Қыстырма сөздер | ||||||||||
Оқу мақсаттары | 3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, тілдік нормаларды сақтап сөйлеу; 3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру; 3.3.7.1 қаратпа, қыстырма сөздерді ажырату және тыныс белгілерін дұрыс қою. | ||||||||||
Сабақтың мақсаттары |
| ||||||||||
Бағалау критерийлері | - түрлі жағдаяттағы қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, тілдік нормаларды сақтай алады; - тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеп, ашық және жабық сұрақтарға жауап бере біледі; - қыстырма сөздерді ажыратады және тыныс белгілерін дұрыс қояды | ||||||||||
Сөздік қор |
| ||||||||||
Құндылықтар | |||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Әдебиеттік оқу, Өзін-өзі тану пәні | ||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | |||||||||||
Бастапқы білім | Сөйлеу мәдениеті, қаратпа сөздер. | ||||||||||
Сабақтың барысы | |||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||
Сабақтың басы І. Бағдарлау-мотивациялық кезең (5 минут) | (Ұ,Т) Грамматикалық ширату. «Консенсус» әдісі Берілген сөйлемдерде қолданылған сөздердің ерекшелігіне қарай топтастыру. Топтастыру себебін негіздеу. Қарағым, жаманмен дос болсаң, қаларсың ұятқа. Шынымды айтсам, сіздің әрекетіңізбен келісе алмай тұрмын. Гүлдерге су құй, балам. Кішілерге қамқор болу қажет екен, расында. Менің уайымдағаным да сенің жағдайың, күнім-ау. Құлыным, ешқашан ғайбат сөз сөйлеме. Әрине, соңғы шешімді өзің қабылдайсың? Көңіл қалса, өкінішке орай, қалпына келтіру қиын. т.с.с
Саралау. Мұғалімнің қолдауын қажет ететін оқушылар үшін қыстырма, қыстырма сөздердің астын сызып беру. Сабақ мақсатын хабарлау. Бағалау критерийлерін белгілеу. | 2-3слайд Қосымша №1 4-5 слайд | |||||||||
ІІ. Операциялық-орындаушылық кезең (30 минут) 4 минут 1 минут 5 минут 7 минут 5 минут 7 минут 3 минут | (МК, Т) Қыстырма және қыстырма сөздерді салыстыру. «Венн диаграммасы» әдісі. Қандай ұқсастығы мен ерекшеліктері бар? Дескриптор:
3.1.3.1 (МК; Ө, Т; Қ) Өлеңді тыңдау. Мәтін тапсырмасы: Өлең мазмұны бойынша тірек сөздерді белгілеу. Ашық және жабық сұрақтарға жауап беру. Өз көзқарасын білдіру білігін бағалау. 12-жаттығу. А.Асылбековтің «Жақсы мен жаман» өлеңі негзінде тірек сөздер мен сөз тіркестерді кестеге белгілеу
Тірек сөздер үлгісі: + әдеп, өнеге, үлкенді сыйлау, ақыл тыңдау;
Тірек сөздерді талқылау, идея алмасу. Ортақ тізім жасау. «Кезекші микрофон» тәсілі. Сұраққа қыстырма сөздерді қолданып жауап беру. Шынымды айтсам,.... Расында, ... Менің ойымша, .... Әлбетте, ...
Дескриптор:
3.3.6.1 (Ө; Қ, Т) Есте сақтау диктанты. 13-жаттығу. (10-15 сек. аралығында жаттау) Мақалды жатқа жазу. Қатесіз жазылуын тексеру. Қатемен жұмыс ұйымдастыру. Мақалдың мағынасына шағын топта талқылау. Мақал негізінде қыстырма сөзді қолданып, 2 сөйлем құрастырып жазу. Дескриптор:
Саралау:
Оқушылардың дәлелдеу жасауында «өйткені», «себебі», «сондықтан» көмекші сөздерін қолданып сөйлеуі қадағаланады. 3.1.3.1 (Ж,Т; Қ) Шығармашылық жұмыс. Берілген жағдаяттар аясында жоспарлы, жүйелі сөйлеу. «Ішкі және сыртқы шеңбер» (Карусель) әдісі. 15-жаттығу. Жағдаяттық тапсырманы оқып, топта талқылайды. Өз көзқарастарын топта жариялайды. Жағдаяттық тапсырманы ұсынбас бұрын оқушылардың бірін-бірі бағалау критерийлері таныстырылады. Талқылау сұрақтары:
Оқушылар берілген критерийлер бойынша бірін-бірі бағалайды. Дескриптор:
Ұсынылған бағалау критерийлері бойынша бірін-бірі бағалайды. | Қосымша №2 6-слайд 7-слайд 8-слайд 9-слайд | |||||||||
Сабақтың соңы Рефлексиялық-бағалау кезеңі (5 минут) мин | (Ө; Қ) Дұрыс жауапты белгілеу және толықтыру. Тақырып бойынша оқушылардың игерген білімдеріне рефлексия жасату мақсатында тестік жұмыс орындату. - Дұрыс жауапты белгілейді. - Сөйлемді тиісті сөздермен толықтырып жазады. (Ө; Қ) Бағалау критерийлеріне сәйкес өзін-өзі бағалау.
Үйге тапсырма: 14-жаттығу. ЭСКПО-2017 көрмесі туралы дереккөздер жинақтау. | №1 Дәптермен жұмыс
10-слайд | |||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||
Саралау қолдау көрсету арқылы жүзеге асырылады. 1. Сөздердің астын сызып беру. 2. Тақырып аясында мақал-мәтелдер беру. | Критерийлер бойынша өзін-өзі бағалау. «Сөйлемді жалғастыр» әдісі | «Ішкі және сыртқы шеңбер» (Карусель) әдісі оқушылардың қозғалыс жасауына мүмкіндік береді. | |||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | |||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?