1. Қазақ тілі_3-сынып_2-тарау Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен_24-сабақ В дыбысы_ҚМЖ
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен Күні: Сынып: | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||
Сабақтың тақырыбы | 24-сабақ. В дыбысы (Әңгіме құрауды үйренемін) | ||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру; 3.4.1.1 э, ф, в, ц әріптері бар сөздерді сауатты жазу; 3.1.4.1 тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау. | ||||||||||
Сабақтың мақсаттары |
| ||||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||||
Сөздік қор |
| ||||||||||
Құндылықтар | Денсаулық сақтауға, денені шынықтыруға баулу. | ||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Дене шынықтыру, дүниетану. | ||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | - | ||||||||||
Бастапқы білім | Дауыссыз дыбыс түрлері | ||||||||||
Сабақтың барысы | |||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||
Сабақтың басы І. Бағдарлау-мотивациялық кезең (5 минут) | (Ө,Т) Фонетикалық ширату. «Кіру билеті» әдісі. Берілген сөздердің қатесіз нұсқасын анықта: електр-электр, эксковатор-ексковатор, эфир-ефир, екипаж-экипаж, эмблема-емблема, эрмитаж-ермитаж, експресс-экспресс, экспедиция-експедиция, экология- екология, енциклопедия-энциклопедия, эскалатор-екскалатор, эскимо-ескимо. Дескриптор:
Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін таныстыру. |
| |||||||||
ІІ. Операциялық-орындаушылық кезең (30 минут) мин | (Ұ; Ө; Қ) Жұмбақ құрастыру. Жұмыстарын топта жариялау. Оқушылар берілген тірек сөздердің көмегімен шешуі «велосипед» болатын жұмбақ құрастырып жазады. Жазған жұмыстарын топта жариялап оқиды. Тапсырма: велосипед сөзіне дыбыстық-буындық талдау жасау. Сөзді тасымалдау жолдарын көрсету. - В дыбысы – қандай дыбыс? В дыбысы қандай сөздерде жиі кездеседі? Неліктен? - Берілген қосымшаларды қандай сөздер құрамында кездестіруге болады? Қандай мағына білдіреді? -ов; -ова: - ев; -ева. Саралау: Қабілеті жоғары оқушыларға спортшылардың суреттерін беріп, аты-жөнін жазу ұсынылады. Қабілеті төмен оқушыларға үлестірме материал беру арқылы қолдау көрсету. Берілген тізімнен қандай ерекшелік анықтадың? Жақсылық Үшкемпіров Бекзат Саттарханов Бақтияр Артаев Эльмира Сыздықова Александр Винокуров Жазира Жаппарқұл 3.2.3.1 (МК; Ө, Ж,Т) Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастыру және жауап беру. 20-жаттығу. Мәтінді түсініп оқиды. Мәтіннің не туралы екені сұрақ-жауап әдісі арқылы анықтатылады. -Сен қалай ойлайсың? -... айтылған оймен келісесің бе? тіркестерін қолданып 2 сұрақ құрастырып жазу. Жұпта бір-бірінің сұрақтарына ауызша жауап береді. Пікір білдіруге бағытталған ұтымды сұрақты анықтап, жауабын дәптерге жазады. Шағын топта әр жұп өз сұрақтарын бір-біріне қояды, сұраққа ауызша жауап береді. Топтың ұтымды сұрағын белгілеп, жетілдіреді. Басқа топқа сұрақты қояды. Дескриптор:
3.4.1.1 (МК; Ө; Т; Қ) Мәтіннен в дыбысы бар сөздерді табу. Айтылу ерекшелігін байқау. Мәтіннен в дыбысы бар сөздерді теріп жазу: велосипед, автомобиль, трамвай, автобус. Артикуляциялық жаттығу. Айтылу ерекшелігін байқау. «1 минуттық жазу» әдісі негізінде құрамында «в» дыбысы бар сөздер жазу. Топта идея алмасу, сөз қатарын толықтыру. Сөздерді топтастыру. Сөз үлгісі: вагон, ваза, вальс, ванна, волейбол, аквариум, диван, паравоз, Көбеев, т.с.с. Таңдаған сөзіне дыбыстық талдау жасау. Саралау: «Дыбыс түрлері» кестесін қолдану.
(Ө) «Шығармашылық диктант». Көп нүктенің орнына б, в әріптерінің тиістісін қойып, көшіріп жазу. Клу..., Исмайло...а, ...акуум, шта..., ...агон. Дескриптор: - құрамында в дыбысы бар сөздерді біледі; - құрамында в дыбысы бар сөздерді қатесіз жаза алады; - сөздің дыбыстық құрамын ажырата алады. Сергіту сәті. Көз жаттығуларын орындату. (Ж,Т,Қ) Шығармашылық үзіліс. 23-жаттығу. «РАФТ» әдісі. «Велосипед – пайдалы көлік» тақырыбында әңгіме құрау үшін топта талқылап, өз ойларын ортаға салады. Тақырып аясында топ алдында сөйлеуге дайындалады. 1.Р - топтың рөлін белгілеу. 2.А - кімге арналады? (балаларға, ата-аналарға) 3.Ф- қандай формада? (жарнама, пайымдау мәтіні, хабарландыру) 4.Т- тақырып. 52-беттегі велосипед суретінде берілген тірек сөздерді (түрлері, көлемі, пайдасы, өйткені, себебі, сондықтан) басшылыққа алып, аудиторияға арнап, әңгіме құрау. Ықтимал рөлдер тізімі: - сату бөлімінің қызметкері; - үйірме жетекшісі; - велоспортшы; - жарнама менеджері. Жұмыстарын сынып алдында «кезекші микрофон» тәсілімен жариялау. Мұғалім оқушыларға топтық жұмысты қорғаудың мақсаты мен қойылатын талаптарын белгілейді және қағазға түсіріп, сынып қабырғасына іліп қояды. Үлгі: • тақырыптан ауытқымау; •берілген тақырыпқа сәйкес тірек сөздерді орынды қолдану; •интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану; •тыңдаушыны қызықтыратын сөздер мен қаратпа сөздерді қолдану; •сөйлеу барысында берілген уақытты сақтау. (Т; Ұ; Қ) Топтық жұмысты бағалау. «2 жұлдыз, 1 тілек» арқылы рефлексия жасау. Әңгіменің 2 ұтымды жағы мен бір жақсарту мақсатында ұсыныс жасау арқылы бағалайды.
| №1 жұмыс дәптері
Оқулық 51-бет
Оқулық
№1 жұмыс дәптері
№1 жұмыс дәптері
Оқулық
| |||||||||
Сабақтың соңы Рефлексиялық-бағалау кезеңі (5 минут) мин | (Ө; Қ) Бағалаудың шартты белгілеріне сәйкес өзін-өзі бағалау. Сабақтан игерген білімдеріне рефлексия жасату мақсатында жұмыс дәптеріндегі «Өз жұмысыңды бағала» тапсырмасы орындау. Нәтижелері топта жарияланады. Үйге тапсырма: 22-жаттығу. Саралау: құрамында в, э дыбыстары бар сөздерден сөзжұмбақ құрау. |
| |||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||
Ресурстар арқылы жүзеге асырылады. | Өзін-өзі бағалау, «2 жұлдыз, 1 тілек» | Белсенді оқыту әдістері дене қозғалысын қамтамасыз етеді. Көз жаттуғулары. | |||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | ||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?