2_Қазақ тілі_3 сынып_2 бөлім_Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен_№25 сабақ_Ф дыбысы_ПРЕЗЕНТАЦИЯ


«Қазақ тілі» пәні

3-сынып

2-бөлім «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»

25-сабақ

Тақырыбы: Ф дыбысы

(«Қазақ тілі» оқулығы 3-сынып.Жұмабаева Ә.Е., Алматы «Атамұра», 2018 ж.)

Құрастырған Абдрасилова Г.

Оқу мақсаттары

э, ф, в, ц әріптері бар сөздерді сауатты жазу;

берілген тақырып/сұрақ бойынша түрлі дереккөздерден (мәтін/сөздік/сызба/кесте/карта) алынған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау;

мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер/фото/диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау

Бағалау критерийлері

- ф әрпі бар сөздерді сауатты жазады;

- жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы анықтай алады;

- мәтіннің тақырыбы мен берілген сурет бойынша мәтіннің соңын болжай алады.

Сөзжұмбақ шешу

Үй тапсырмасы ретінде құратсырған сөзжұмбақтарын топтар өзара алмасу.

шешу

Ф дыбысы туралы не білесің?

Ф дыбысы сөздің қандай бөлігінде кездеседі?

Назар аудар!

Ф – қатаң дауыссыз дыбыс. Ф дыбысы сөздің барлық буынында кездеседі. Өзге тілден енген жалпы есімдерде жазылады.

Өзге тілден енген сөздер Ф әрпі араб, парсы тілдерінен енген жалқы есім мен жалпы есімдерде жазылады. Мысалы: Файзолла, Фатима, Мұстафа, Фархад, саф.

Есте сақтау диктанты

1. Өлеңді іштей оқу.

2. Өлеңнің тыныс белгілеріне назар аудару.

3. Өлеңді жаттау (1-2 минут).

4. Жатқа жазу

5. Жазған өлеңді тексеру

Жаңа сөздердің мағынасын түсіндірме сөздіктен анықтау

Фойе – негізгі бөлменің алдындағы дем алып, тыныстайтын зал

Фестиваль – қоғамдық мереке

Флейта - ағаштан жасалған, үрлемелі музыка аспабы, сырнай.

«1 минуттық жазу»

Құрамында ф дыбысы бар сөздерді жазу.

Асфальт

фабрика

фестиваль

ферма

физика

фильм

Фирма фигура

флейта фото

фойе фонарь фотокамера фотоаппарат

футбол буфет

телеграф факс

телефон смартфон

саф шкаф

кафе кофе

цифр целлофан

Жазған сөздеріңді тексер

Әл-Фараби

Әлфия

Фархад Фатима

Файзолла Сейфолла

Фарида

Фариза

Фаузия

Фазыл

Мұстафа

Мұзафар

Марфуға

Гүлнафиса

Гүлзарифа

Земфира

Зүлфия

Сафура

Көзге арналған тренажер

https://www.youtube.com/watch?v=lfyPXUs3C3c

Болжау: бұлардың қандай байланысы болуы мүмкін?

Мәтінмен жұмыс

- Мәтіннің тақырыбы неліктен «Доп ойнаймын» деп аталған?

- Осы мәтіннен өзің үшін қандай қорытынды жасар едің?

- Өзенбайға кешіріммен қарауға 2 дәлел келтір.

- Өзенбайға кемшілігін жою үшін кеңес бер.

Мәтіннің соңын болжау

Нұсқалар:

1. Қараңғы түсіп кетсе де қорықпады.

2. Бұзауды іздемеді, себебі қараңғыда қорықты.

3. Анасы оған ренжіді.

4. Бұзау өзі келді, анасы оған ренжімеді. т.с.с.

Егер сен автор болсаң, оқиғаны қалай аяқтар едің?

Неліктен?

«Өзіңді бағала»

Үй тапсырмасы

Өзенбайдың іс-әрекетін отбасы мүшелері қалай бағалайды екен?

Отбасында мәселені талқылап келу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу