4.Қазақ тілі_3-сынып_1-бөлім_Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен_№19 сабақ_Қаратпа сөз_Әдістемелік нұсқау


 Мұғалімге әдістемелік нұсқау

Бөлім: Жанды табиғат

Сабақ тақырыбы: 19-сабақ. Қаратпа сөз. Жақсы мен жаманды айыра білемін

Сабақ мақсаттары:

3.3.7.1 қаратпа, қыстырма сөздерді ажырату және тыныс белгілерін дұрыс қою;

3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;

3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету.

Ресурстар: Тақырыпқа қатысты суреттер, кестелер, смайликтер, түсіндірме сөздік, бейнежазба, флипчарттар, маркерлер, түрлі түсті қарындаштар т.б.

Қауіпсіздік және денсаулық сақтау: оқушылардың сынып ішінде қозғалысын дұрыс ұйымдастырып, қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет. Оқушылардың оқу әрекеті түрлерін алмастырып отыру, шаршамауын қадағалау.

Сабаққа қажетті теориялық материалдар

Қаратпа сөз – біреудің назарын аударту үшін айтылатын сөз.

Қаратпа сөз сөйлем басында келсе, одан кейін үтір қойылады.

- Балам, әрқашан әдептілік сақтауды ұмытпа.

Қаратпа сөз сөйлем ортасында келсе, үтір екі жағынан үтір, қойылады.

- Әрқашан, балам, әдептілік сақтауды ұмытпа.

Қаратпа сөз сөйлем соңында келсе, алдынан үтір қойылады.

- Әрқашан әдептілік сақтауды ұмытпа, балам.

Сабаққа қатысты ескертпелер

 Шығыс базары. Оқушыларға тапсырманың мақсаты мен уақыт ескертіледі. Оқушыларға сыныптағы бос бөлікте еркін қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беріледі.

Мақсаты: аз уақыт ішінде қарым-қатынас жасау барысында өз есімі жазылған қағаздарды жинап алу. Оқушылар 4 қағазға немесе стикерге өз есімдерін жазып, бүктеп қорапқа салады. Қорап ішінде араластырылған соң, әркім 4 қағаздан алады. Өз есімі жазылған қағаз түспеуі қадағаланады. Сынып бөлмесінде еркін қозғалып жүріп, бір-бірімен сөйлесіп, жақсы сөздерге өз есімдерін айырбастап ала алады. Тапсырманы таладу үлгісі:

  • Сауда жасауда қандай қиындықтар кездесті? Неліктен?
  • Сатушының назарын аудару үшін қандай сөздер қолдандың?

Қаратпа сөздер туралы қорытынды жасаумен аяқталады.

 1-жаттығу. Сөйлемдер «Венн диаграммасы» әдісімен салыстырылады.

Оқушылар жұпта сөйлемдердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын диаграммаға түсіреді. Ол үшін сөйлемдерде «Арайлым», «әже», «қызым» сөздерін түсіріп оқы. Не байқадыңдар? Бұл сөздер қандай қызмет атқарып тұр?

Әр жұп өз идеяларын айтып, бірін-бірі толықтырады. Мұғалім тақта диаграммаға түсіріп тұрады.

Ұқсастықтары: сөйлем, тыныс белгілері сақталған, сөздерден тұрады, т.с.с

Айырмашылықтары: сөз саны әртүрлі, мағыналық айырмашылық бар, үтір қолданылған, т.с.с.

Қаратпа сөзі бар сөйлемдердің сызбасын сызу. Қаратпа сөздерді басқа қандай сөздермен алмастырып, айтуға болатыны туралы іздену жұмысы ұйымдастырылады.

 Мәтінмен жұмыс. Топтық жұмыс формасында ұсынылады. Оқушыларды шағын 4 оқушыдан топтастыру. Мәтінді рөлге бөліп оқу (1 рет) ұйымдастырылады. Тыңдау. Мәтінді сұраққа жауап табу мақсатында іштей оқу. Берілген сұрақтарға топ жауабын тұжырымдайды. Топ ішінде сұрақтарға жауаптар талқылау барысын мұғалім бақылап, жақсы идеяларын сұрақ қою барысында ескереді.

Проблемалық сұрақтар

- Нұржан қандай іспен айналысты?

- Бағбанның Нұржанға ескертуін тауып оқы. Айтылған оймен келісесің бе?

- Нұржанның әрекетін қалай бағалайсың?

- Бұл мәтінге қандай ат қоюға болады?

- Нұржан осы оқиғадан қандай қорытынды шығаруы мүмкін? Ал сен ше?

Мұғалім әр сұрақты бір топқа қояды. Топтың жауабын басқа топтар толықтыра алады немесе нақтылаушы сұрақтар қоюына болады. Топтарға сұрақтарға нақты, мәтіннен аргумент келтіре отырып жауап беру ескертіледі.

Қаратпа сөздерді қолдануға дағдыландыру мақсатында мәтіннен бағбанның сөзін қаратпа сөздермен толықтырып жазу ұсынылады.

 3-жаттығу. 1-тапсырма «Консенсус» әдісі бойынша ұйымдастырылады. Төрт оқушыдан шағын топ құралады. Оқушылардың сұрақтарды талқылауы үшін әр топқа қағаз таратылады. Оқушылар қағаздың шеткі бұрышына 1 минут ішінде әрқайсысы өз ойын қысқаша жазады. Жазып болған соң топ мүшелері жауаптарын талқылай отырып, қағаздың ортасына топтың ортақ пікірін жазады. Топ жұмысын сынып алдында таныстырады. Басқа топ мүшелері нақтылау үшін сұрақтар қоя алады немесе пікір айтуға мүмкіндік беріледі.

«Есік ашпаған» сөзтіркесінің мағынасын қалай түсіндіресің? (Бұған дейін келмеген)

- Бұл мәтіннен халқымыздың қандай дәстүрін байқадың? (алғаш келген қоныққа сыйлық)

- Мәтіннен үлгі аларлық қандай жақсы іс байқадың?

2-тапсырма: қаратпа сөздері бар сөйлемдерді теріп жазу, сөйлемнің сызбасын сызу өзіндік жұмыс ретінде ұйымдастырылады. Оқушылар жұптасып, бір-бірінің жұмысын тексеру мүмкіндігі беріледі. Өзара қатесіз жазылуын «белгі қою» арқылы бағалайды.

 Қаратпа сөздерді қорытындылау мақсатында топтарға қосымша тапсырма беріледі.

Топтық талқылау барысында берілген сөйлемдердің арасынан қаратпа сөзі бар сөйлемдерді тауып, кестеге топтастырады. Ол үшін алдын ала үлестірме материал таратылып беріледі. Мүмкіндік болмаған жағдайда тақтаның артқы бетіне жазып қою арқылы ұйымдастыруға болады.

 

Қаратпа сөз сөйлем басында

Қаратпа сөз сөйлем ортасында

Қаратпа сөз сөйлем соңында

2

5

3

 

1. Сабақты күнде оқуға дағдылан.

2. Нұржан, әрқашан кешірімді бол.

3. Жаман істен аулақ жүр, құлыным!

4. Өтірік айту жаман қасиет.

5. Әрдайым, балам, әдептілік сақтауды ұмытпа.

Қалыптастырушы бағалау

Оқушылардың әр тапсырманы орындау барысында қиналған тұстарында жетекші сұрақтар қою, идея тастау арқылы қолдау көрсетуді назарда ұстау. Қол жеткізген жетістіктерін критерийлерге сәйкес атап өту. Оқушылардың топтық жұмысты бағалауы, өзара тексеру, өзін-өзі бағалауы тапсрымалардан соң ұйымдастырлады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу