1.Қазақ тілі 3-сынып 2-тарау Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен 19-сабақ Қаратпа сөз


Пән: Қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Күні:

Сынып:

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

19-сабақ. Қаратпа сөз. Жақсы мен жаманды айыра білемін

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.3.7.1 қаратпа, қыстырма сөздерді ажырату және тыныс белгілерін дұрыс қою;

3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;

3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету.

Сабақтың мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

- кесте негізінде сөйлем құрамында қаратпа сөздің қызметін түсінеді, сөйлем сызбасы негізінде тыныс белгісін қолданады;

- мұғалімнің қолдауымен мәтіннің тақырыбын, ондағы негізгі ойды анықтайды;

- үлгімен салыстыра отырып жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді

Оқушылардың көпшілігі:

- сөйлем құрамында қаратпа сөздің қызметін түсініп, ажырата алады, сөйлем сызбасы негізінде тыныс белгісін қолданады;

- мәтіннің тақырыбын, мұғалімнің қолдауымен ондағы негізгі ойды анықтайды;

- жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді талдау негізінде тауып, түзетеді

Оқушылардың кейбірі:

- сөйлем құрамында қаратпа сөзді ажырата алады және тыныс белгісін қолданады;

- мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтай алады;

дереккөздер қолданып жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді

Бағалау критерийлері

  • қаратпа сөздерді ажыратады және тыныс белгілерін дұрыс қояды;
  • өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтайды;
  • жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзетеді.

Сөздік қор

Пәндік терминология мен тірек сөздер:

қаратпа сөз, назар аудару, тыныс белгі, үтір

Диалог пен жазу үшін пайдаланылатын сұрақтар:

Нұржанның әрекетін қалай бағалайсың?

- Бұл мәтінге қандай ат қоюға болады?

- Нұржан осы оқиғадан қандай қорытынды шығаруы мүмкін? Ал сен ше?

Құндылықтар

Қоршаған ортаны қорғау, қамқорлық жасауға баулу.

Пәнаралық байланыстар

Жаратыылстану, әдебиеттік оқу

АКТ қолдану дағдылары

-

Бастапқы білім

Тіл және сөйлеу, сөйлеу мәдениеті.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

(МК; Ұ) Жағдаятты шешу. «Шығыс базары» әдісі.

  • Оқушылар, қазір сендер ерекше базарда сауда жасайсыңдар. Сауда теңгемен емес, әдепті, жақсы сөздермен жасалады. Яғни есімің жазылған қағазды сыпайы сөздерге айырбастай аласыңдар. Сауда жасауға барлығы 3 минут уақыт беріледі. Сәттілік!
  • Сауда жасауда қандай қиындықтар кездесті? Неліктен?
  • Сатушының назарын аудару үшін қандай сөздер қолдандың?

Қаратпа сөздер туралы түсінік беру.

Сабақ мақсатын хабарлау. Бағалау критерийлерін бірлесіп белгілеу.

 Музыка: Ялла тобы әуені

Сабақтың ортасы

мин

3.3.7.1 ( МК,Ж,Ұ) 1-жаттығу. «Венн диаграммасы» әдісі. Кестедегі сөйлемдерді салыстыру. Интонациясын анықтау. Сол жақ бағандағы сөйлемдердің сызбасын сызу. Ой қорытындысын жасау.

«Арайлым», «әже», «қызым» қаратпа сөздерін басқа сөздермен («Күнім-ау», «әжетай», «балам-ау», «құлыным» т.с.с) алмастырып, осы сөздерді іс жүзінде қолдануға жаттығып көреді.

Сөйлемдерді салыстыру барысында не байқағанын айтып, ой қорытындылайды.

3.2.4.1 (Т; Ө, Қ) Мәтінмен жұмыс. Мәтіндегі негізгі ойды анықтап, ат қою.

2-жаттығу. Мәтінді іштей оқиды немесе мұқият тыңдайды.

- Нұржан қандай іспен айналысты?

- Бағбанның Нұржанға ескертуін тауып оқы. Айтылған оймен келісесің бе?

- Нұржанның әрекетін қалай бағалайсың?

- Бұл мәтінге қандай ат қоюға болады?

- Нұржан осы оқиғадан қандай қорытынды шығаруы мүмкін? Ал сен ше?

- Мәтіннен қаратпа сөзі бар сөйлемді тауып оқы.

Терме жазу: мәтіндегі бағбанның сөзін қаратпа сөздермен толықтырып жаз. Өзара тексеру. «Бас бармақ» әдісімен бағалау.

Дескриптор:

  • Мәтінге ат қоя алады;
  • Негізгі ойды тұжырымдай алады;
  • қаратпа сөздердің тыныс белгісін сақтайды;
  • жазба жұмысты тексеріп, қатені анықтай алады.

(МК; Ұ) Орфографиялық сөздіктен сұрақ бойынша ақпарат табу, талдау жасау білігін бағалау.

Орфографиялық сөздікпен жұмыс ұйымдастырылады.

Дің, бүлдірген сөздерінің жазылуын анықтайды. Сөздерге ауызша дыбыстық талдау жасалады.

Сергіту сәті: дене қимыл жаттығуы.

3.3.7.1 (Т; Ө; Қ) 3-жаттығу. Мәтінді мәнерлеп оқу.

1-тапсырма: Мәтінді талдау «Консенсус» әдісі:

- «Есік ашпаған» сөзтіркесінің мағынасын қалай түсіндіресің?

- Бұл мәтіннен халқымыздың қандай дәстүрін байқадың?

- Мәтіннен үлгі аларлық қандай жақсы іс байқадың?

Саралау: таңдаған сұрағына жауап жазу.

2-тапсырма: Қаратпа сөздері бар сөйлемдерді көшіріп жазу, астын сызу. Сөйлемнің сызбасын сызу. Сызба негізінде қаратпа сөздің тыныс белгісі туралы ой қорытындылау.

(Т, Ұ) Қаратпа сөздерді топтастыру. Берілген сөйлемдердің арасынан қаратпа сөзі бар сөйлемдерді тауып, кестеге топтастыру

 

Қаратпа сөз сөйлем басында

Қаратпа сөз сөйлем ортасында

Қаратпа сөз сөйлем соңында

 

Сабақты күнде оқуға дағдылан. Нұржан, әрқашан кешірімді бол. Жаман істен аулақ жүр, құлыным! Өтірік айту жаман қасиет. Әрдайым, балам, әдептілік сақтауды ұмытпа.

  • Қаратпа сөздің тыныс белгісіне назар аудару. Ой қорытындылау.

 

Сабақтың соңы

мин

Өзіндік рефлексия

+, - таңбаларын қолданып, өзіңді бағала.

үйрендім

сенімді емеспін

қаратпа сөздерді ажыратамын, тыныс белгілерін дұрыс қоямын

өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтайды

жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзетеді.

Үйге тапсырма: 4-жаттығу.

 

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Ресур арқылы қолдау көрсетіледі. Жұмысты орындау қарқыны ескеріледі.

Өзіндік бағалау

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу