4.Қазақ тілі_3 сынып _2 бөлім «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» _2 сабақ_Жақсы мен жаманды айыра білемін_ Әдістемелік нұсқау


 Мұғалімге әдістемелік нұсқау

Бөлім: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Сабақ тақырыбы: №2-сабақ Жақсы мен жаманды айыра білемін

Сабақ мақсаттары

Ресурстар: Интерактивті тақта, «Балаларға арналған сюжетті суреттер топтамасынан» сурет, А4 қағаз, жұмыс дәптері

Қауіпсіздік және денсаулық сақтау жағдайын назарда ұстап оқушылардың сынып ішінде қозғалысын тиімді ұйымдастыру қажет. Ол үшін сабақта «Буги-буги» сергіту сәті өткізіледі.

Сабаққа қатысты ескертпелер

  • Сюжетті суретпен жұмыс.
  • Сызбамен жұмыс.

«Күн жарығы» әдісі

Мақсаты: Бір-біріне жақсы, жағымды тілектер айтып,бүгінгі күнге сәттілік тілеу.

Оқушылар «Адамгершілік әліппесі» атты үлкен кітапшадан талап, қанағат, рақым сөздерін алып, сол топтарға барып отырады. Аталған топ үстелдерінде жасырылған сұрақтар бар. Әр топ сол сұрақтарға жауап береді.

Сұрақтар:

Мәтін дегеніміз не?

Мәтіннің қандай бөліктері болады?

Мәтіннің ерекшеліктерін айт.

Мәтіннің құрылымдық бөліктеріне сипаттама бер.

Мәтін құрағанда нені басшылыққа аласың?

Өткен тақырыптар пысықталып, шолу жасалады.

Көркем жазу

Кең жолды дәптерге Э әрпінің жазу үлгісін және бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу үлгісі тақтада үлгі ретінде көрсетіледі. Қолдауды қажет ететін оқушыларға мұғалім дәптеріне үлгі көрсетеді. «Есте сақтау» диктанты жазылады. Мақсаты: э әріптері бар сөздерді сауатты жазуға төселдіру.

Оқушылар диктантты жеке орындайды. Уақыт шектеліп беріледі. Тақтадағы сөздерге қарап болған соң, дәптерлеріне есте сақтаған сөздерін жазады. Соңында жұмыстарын алмастырып, жұпта тексереді. Содан кейін нтерактивті тақтадағы дұрыс нұсқасымен салыстырып, тексереді.

Эльмира, Экспо, эскимо, энциклопедия, электр, экскаватор, Эдельвейс, Эленора, эксклюзив, эстафета

Қабілеті жоғары деңгейлі оқушыларға құрамында э әрпі бар сөздерден сөйлемдер құрап жазу тапсырылады.

  • Құрамында э әріптері бар сөздерді сауатты жазу
  • Бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей, көркем жазу.
  • Эстафета сөзіне дыбыстық талдау жасау.

Сюжетті суретпен жұмыс.

3 топқа бір суреттен таратылып беріледі. Оқушылар суреттің не туралы, қандай әңгіме болуы мүмкін екендігін топта ақылдасып, шешіп, ол әңгімені суреттейтін бірнеше тірек сөздерді жазып шығады. А4 қағазға әр топ сурет бойынша сөздер тізбегін жазып отырады. Ойланып, шешім қабылдаған соң әр топ өз жұмыстарын шығып қорғайды. Сөздер тізбегін және топқа берілген суреттерді тақтаға іледі. Суреттер мазмұнына сай жоспар құрылады. Берілген жоспар мен көмекші, тірек сөздерге сүйеніп, шағын әңгімелеу мәтінін құрап жазу керектігі айтылады.

Жоспар

1. Аула ішінің тазалығы

2. Жердегі балапанның халі

3. Балалардың іс-әрекеті

1-деңгей: Берілген суреттердің реті бойынша сөйлемдер жазады.

2-деңгей: Оқиғалардың желісі бойынша сызбаға сүйене отырып, мәтін құрастырып жазады. (Сызбамен жұмыс)

3-деңгей: Суреттердегі детальдарды басшылыққа ала отырып, өз бетінше мазмұнды мәтін құрастырып жазады.

Мәтін жазуда қабілеті төмен қиындық келтіретін оқушыларға тірек сөздерді ұсынуға болады: шырылдады, жерге, ұя, қамқорлық, қуанды, көктемде, балапан, шиқ етті, риза болғандай.

  • Сюжетті суретке зер салып қарауын қадағалау.
  • Мәтіннің құрылымдық бөліктерін (басы, негізгі бөлім, соңы) сақтау.
  • Сурет бойынша шағын мәтін құрап жазу.
  • Тірек сөздерді орынды қолдану.
  • Сөйлемдегі сөздерді байланыстыра, орын тәртібін сақтап, жазу.
  • Бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі, сауатты жазу.
  • Сюжетті суреттегі деталдар бойынша толықтыру жолдарын көрсетуге бағыт беріліп, оқушыларға қолдау көрсету.

Сюжетті сурет бойынша әңгімелеу мәтінінің үлгісі:

Қамқорлық

Көктем мезгілі болатын. Ерасыл мен Нұрасыл аула ішін тазалауға далаға шықты. Ерасыл ағаштың жанында шырылдап жатқан балапанға көзі түсті. Дереу екеуі жүгіріп келіп, балапанды жерден көтерді. Балапан қорыққаннан дір-дір етті. Екі бала қолдарына құралдарын алып, балапанға үя жасады. Үя ішіне мамық салып, жем шашты. Кішкене ыдысқа су құйды. Ұя лезде дайын болды. Балалар балапанды ұясына салды. Осылайша олар қанатты достарына қамқорлық жасады.

Каирова К. У.

Қалыптастырушы бағалау

Оқушылардың әр тапсырманы орындау барысындағы жетістіктерін мадақтауға назар аудару.

Бағалау критерийлері

Қолымнан келеді

Көмек

қажет етемін

сюжетті суреттер арқылы шағын әңгімелеу мәтінін құрап жазамын;

э дыбыстары бар сөздерді дұрыс айтып, сауатты жазамын.

кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазамын.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу