4.Қазақ тілі_3 сынып _2 бөлім «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» _3 сабақ_Жақсы мен жаманды айыра білемін_ Әдістемелік нұсқау


 Мұғалімге әдістемелік нұсқау

Бөлім: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Сабақ тақырыбы: №3-сабақ Жақсы мен жаманды айыра білемін

Сабақ мақсаттары

Ресурстар: Интерактивті тақта, сызба, сурет, кесте, А4 қағаз, жұмыс дәптері, «Кеңпейілділік» атты әңгіме бейнетаспадан қарау.

Қауіпсіздік және денсаулық сақтау жағдайын назарда ұстап оқушылардың сынып ішінде қозғалысын тиімді ұйымдастыру қажет. Ол үшін сабақта «Жақсылық тамшысы» атты ойын қолданылады.

Сабаққа қатысты ескертпелер

  • Аудиовизуалды материалмен жұмыс.
  • Сызбамен жұмыс.
  • Кестемен жұмыс.

«Жақсылық тамшысы» әдісі

Мақсаты: Әр бала өзі жасаған жақсы істерін немесе өзінің бойындағы жақсы қасиеттерін айтып, бүгінгі күнге сәттілік тілеу.

Көркем жазу

Кең жолды дәптерге Ц әрпінің жазу үлгісін және бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу үлгісі тақтада үлгі ретінде көрсетіледі. Қолдауды қажет ететін оқушыларға мұғалім дәптеріне үлгі көрсетеді.

Оқушылар топқа бөлініп «Мен саған, сен маған» әдісі бойынша Ц әрпіне байланысты сөздерді айтып, тақтаға жазады. 1-топ 2-топқа сөздер айтады. 2-топ 1-топқа сөздер айтып жазады. Сауатты, қатесіз жазған топ жеңімпаз атанады. Соңында барлық топ тақтадағы сөздерді дәптерлеріне қатесіз көшіріп жазып алады.

Мақсаты: ц әріптері бар сөздерді сауатты жазуға төселдіру.

Цемент, цилиндр, цех, цистерна, цирк, циклон, центнер

Оқушылар диктантты жеке орындайды. Уақыт шектеліп беріледі.

Қабілеті жоғары деңгейлі оқушыларға құрамында ц әрпі бар сөздерден сөйлемдер құрап жазу тапсырылады.

  • Құрамында ц әріптері бар сөздерді сауатты жазу;
  • Бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей, көркем жазу.

Аудиовизуалды материалмен жұмыс.

Оқушыларға «Кеңпейілділік» атты әңгімені бейнетаспадан көрсету. Оқушылар топқа бөлініп, бейнетаспадан көргендері бойынша ой қорыту жасап, тапсырмаларды бірге ақылдасып, шешеді. «Кейіпкерлер әлемі» әдісі бойынша әр топ бір-біріне әңгіме мазмұны бойынша сұрақтар қояды. Сұрақтардың мазмұны шығарма кейіпкерлерімен, орын алған оқиғалармен байланысты болуы керек. Ұтымды сұрақ пен мәнді жауап бағаланады. Содан соң «Кейіпкер» әдісі бойынша сызба толтырады.

Шығарманың атауы

Кейіпкері

Қасиеттері қалай суреттелген

Кейіпкерге берілетін баға

Ой-тұжырым, мақал-мәтел, даналық

сөздер

«Кейіпкерлерге мінездеме» әдісі бойынша сызба толтыр

Әңгіме кейіпкерлері

Мінездеме

Ойланып, шешім қабылдаған соң әр топ өз жұмыстарын шығып қорғайды. Бейнетаспадағы әңгіменің мазмұнына сай жоспар құрылады. Берілген жоспарға сүйеніп, мазмұндама жазу керектігі айтылады. Қажет жағдайда бейнетаспа қайтадан көрсетіледі.

Жоспар

1. Ағайынды жандардың кәсібі

2. Ағасы мен інісінің түнгі әрекеті мен ойы

3. Мәди мен Мейірдің бауырмалдығы

1-деңгей: Көрсетілген сюжет бойынша сөйлемдер жазады.

2-деңгей: Оқиғалардың желісі бойынша тірек сөздерге сүйене отырып, мазмұндама жазады.

3-деңгей: Бейнетаспадағы оқиға бойынша өз бетінше мазмұндама жазады.

Берілетін тірек сөздер:егіншілік, жерге, отбасы, жаны ашып, бауырмал, түнде, астық, тасу, кеңпейілділік.

  • Мәтіннің құрылымдық бөліктерін (басы, негізгі бөлім, соңы) сақтау.
  • Жоспар бойынша жұмыс жасай алу.
  • Оқиғаның желісін сақтап, ретімен жазу.
  • Көрсетілім бойынша шағын мазмұндама құрап жазу.
  • Тірек сөздерді орынды қолдану.
  • Сөйлемдегі сөздерді байланыстыра, орын тәртібін сақтап, жазу.
  • Бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі, сауатты жазу.

Қалыптастырушы бағалау

Оқушылардың әр тапсырманы орындау барысындағы жетістіктерін мадақтауға назар аудару.

Бағалау критерийлері

Қолымнан келеді

Көмек

қажет етемін

аудиовизуалды материал бойынша жоспар құрып, мазмұндама жаза аламын.

ц дыбыстары бар сөздерді дұрыс айтып, сауатты жазамын.

кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазамын.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу