1.Қазақ тілі_3 сынып _2 бөлім «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» _4 сабақ_Жақсы мен жаманды айыра білемін_ ҚМЖ
Қысқа мерзімді жоспар
Пән:Қазақ тілі Бөлім: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен Сабақ тақырыбы:4-сабақ Жақсы мен жаманды айыра білемін. Сипаттау мәтінін жазамын | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Каирова К | |||||||||||
Күні: | ||||||||||||
Сынып: 3 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | |||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.2.1.1 тірек сөздер, көмекші сөздер арқылы мәтін түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) және оның құрылымдық бөліктерін анықтау 3.3.1.1 жеке сурет, сюжетті суреттер арқылы шағын сипаттау, әңгімелеу, пайымдау мәтіндерін құрап жазу; 3.4.1.1 э, ф, в, ц әріптері бар сөздерді сауатты жазу 3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету. | |||||||||||
Сабақ мақсаттары |
| |||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пәндік сөздер Мәтін және оның түрлері, ат қою, негізгі ойды табу. Сұрақтар құрастыру. Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл: Талқылау үшін сұрақтар: Мәтін жазғанда қандай талаптарды басшылыққа аласың?Нені ескеру керек? Мәтіннің құрылымдық бөліктерін ата. Сипаттау мәтінінің ерекшеліктері қандай? «Аққу» мәтіні мәтіннің қай түріне жатады? Сипаттау мәтіні екенін дәлелде? | |||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Жаманнан жиреніп, жақсыны үйренуге баулу; Оқушыларды адалдыққа, жанашырлыққа, қайырымдылыққа тәрбиелеу | |||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Жаратылыстану, әдебиеттік оқу | |||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Мәтін, мәтін және оның түрлерінің сипаттамасын, құрылымдық ерекшеліктерін ажырата біледі. | |||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||
Сабақтың жоспарлан ған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||
Сабақтың басы 3 минут Сабақтың ортасы 4 минут 6 минут 5 минут 8 минут 9 минут | І. Ұйымдастыру кезеңі. (Ұ, Ж, қ) «Білімдарлар» әдісі Ең алдымен, ойынның басында «білгірлер» анықталады, олар өздеріне топ құрады. Ойынға қатысушылар топтары бойынша партаға отырады. Бір топ тақта жанында қалады. Басқа топтардың өкілдері оларға оқылған тақырыптары бойынша сұрақтар қояды.
Топтың сұрақты өз ішінде талдауы 20 секунд қана жүреді де, бір оқушы жауап береді (кезекпен). Жеңімпаз топ дұрыс жауаптар мөлшерімен анықталады. Мұғалім сабақ тақырыбын және оқу мақсаттарын таныстырады. Оқушыларға бағалау критерийі айтылады. І1. Негізгі бөлім (МК, Ө, Ж, Ж) Көркем жазу. 3.4.1.1 э, ф, в, ц әріптері бар сөздерді сауатты жазу. В әрпін жазу: Кең жолды дәптерге жазу үлгісін көрсету. Дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазады. Сөздік диктант. Мақсаты: В әріптері бар сөздерді сауатты жазуға төселдіру. Оқушылар диктантты жеке орындайды. Соңында жұмыстарын алмастырып, жұпта тексереді. Содан кейін нтерактивті тақтадағы дұрыс нұсқасымен салыстырып, тексереді. Сөздік диктант Трамвай, вагон, велосипед, волейбол, автобус, витамин, аквариум, автомобиль, авиация, пингвин, вокзал. Оқушылар велосипед сөзіне дыбыстық талдау жасайды. Қабілеті жоғары деңгейлі оқушыларға құрамында в әрпі бар сөздерден сөйлемдер құрап жазу тапсырылады. (Ұ, Ж) Берілген мақалдарды көркем етіп, көшіріп жаз. 3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету.
Жақсы сөз- жанның тынысы.
Апа әдепті болса, - сіңлі әдепті. Берілген мақал-мәтелдерді дәптерге қатесіз жазып, мағынасын ашады. «Қандай» сұрағына жауап беретін сөздердің астын сызады. Бағалау дескрипторы:
(Т, Ж) Мәтінмен жұмыс: Мәтіннен қандай сұрағына жауап беретін сөздерді тап. 3.2.1.1 тірек сөздер, көмекші сөздер арқылы мәтін түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) және оның құрылымдық бөліктерін анықтау Оқушылар топта мәтінді талдап, қандай сұрағына жауап беретін сөздерді, тірек сөздерді А4 қағазға жазады. Мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтайды.Топта ой бөліскен соң, ортаға шығып,идеяларымен бөліседі. Қандай сұрағына жауап беретін сөздер мен тірек сөздерді толықтырып жазады. Сонымен қатар мәтіннің қай түрі екенін топта талқылап, дәлелдемелер жасайды. Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды: - «Аққу» мәтіні мәтіннің қай түріне жатады? - Сипаттау мәтіні екенін дәлелде? Аққу Аққу – құс төресі. Аққу – тазалықтың, шынайылықтың белгісін білдіреді. Оның мойны ұзын. Басы үлкен емес, денесі созыңқы. Қауырсындары тығыз, ақ түсті, үлпілдек. Аққу ұясын суы тұщы, таза, қамысы қалың көлдің жағасына салады. Олардың жұптары жазылмайды. Ол киелі құс. Каирова К. У Бағалау дескрипторы:
(Т, Ж) Сипаттау мәтінін құрап жаз. 3.3.1.1 жеке сурет, сюжетті суреттер арқылы шағын сипаттау, әңгімелеу, пайымдау мәтіндерін құрап жазу; Әр топқа сиқырлы ашық хат үлестіріледі. Оның ішінде «Әдепті бала», «Назерке-өнерлі қыз», «Біздің сынып» деген тақырыптар бар. Әр топ алған тақырыптары бойынша сипаттау мәтінін құрап жазады да қорғайды. Сипаттау мәтінін құру үшін «қандай?» сұрағын ескереді. Әр топ мәтінге тән ерекшеліктерді есте ұстайды. Мәтіннің құрылымдық бөліктеріне, мазмұнына назар аударады. Құраған сипаттау мәтіндерін дәптерге көшіріп жазады. Оқушылар топта қорғап болған соң «Борт журналы» әдісі бойынша кестені толтырады. «Борт журналы» - тақырыпты оқып үйренуде өз ойларын жазуға үйретудің әртүрлі әдіс-тәсілдерін қамтитын жалпылама атауы. «Борт журналы» қарапайым түрде мәтінді оқу алдында және оқу материалымен танысқан соң қолданылады. Оқушылар келесі сұрақтарға жауап жазады: Мәтіннің түйінді ойларын оқушылар өздерінің «Борт журналына» енгізеді. «Борт журналының» бағандарын толтырады. Мұғалім оқушылармен бірлесе отырып жұмыс орындайды.
Бағалау дескрипторы:
көлбеу, үзбей және біркелкі, сауатты жазады;
| 3-слайд Интерактив ті тақта №1 Дәптермен жұмыс 4-слайд №1 Дәптермен жұмыс 5-слайд А4 қағазы 6- слайд №1 Дәптермен жұмыс 7-слайд | ||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия: «Бес саусақ» әдісі Бас бармақ – өзімді қалай сезіндім? Балаң үйрек – басқаларға көмегім тиді ме? Ортан терек – бүгінгі көңіл күйім қандай болды? Шылдыр шүмек – бүгінгі сабақ ұнады ма? Кішкентай бөбек – бүгін не үйрендім? Үй тапсырмасы. «Менің досым» тақырыбына шағын сипаттау мәтінін жазу. | 8-слайд | ||||||||||
Саралау– оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||
Топтық тапсырмаларды саралау бойынша беру. Сурет бойынша оқушылар білімі сараланды. Қабілеті жоғары оқушыларға одан әрі дамуы үшін қосымша тапсырмалар беріледі. Өз бетінше мәтінді мазмұнды жазады. | Оқушылар сурет арқылы мәтінді құрап жаза алуы, сөйлемдерді байланыстырып, қатесіз жазуы, жазу калиграфиясы, мәтіннің мазмұндық ерекшеліктерін сақтауы бағаланады. | Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау. | ||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | ||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?