Қазақ тілі_3-сынып_1-бөлім_Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен__№32сабақ._Сөйлеу мәдениетіне үйренемін_Әдістемелік нұсқаулық


Әдістемелік нұсқаулық

Сабақ №32. 1-бөлім.Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.

Сабақ тақырыбы Сөйлеу мәдениетіне үйренемін.

Оқу мақсаттары

3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, тілдік нормаларды сақтап сөйлеу;

3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету;

3.​3.​6.​1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету.

Бағалау критерийлері

Өз ойын жүйелей отырып, диалогке қатысады;

Тілдік нормаларды сақтап сөйлейді;

Жазу барысында каллиграфиялық нормаларды сақтап жазады;

Мәтіндегі орфографиялық және грамматикалық қателерді түзетіп жазады.

Құндылықтар Әдептілікке, ізеттіліке, тәртіпті болуға баулу.

Пәнаралық байланыс. Әдебиеттік оқу, дүниетану.

Ресурстар кесте, суреттер, маркер, түрлі түсті қарындаштар, жұмыс дәптері.

Сабақ барысы

І.(Ұ)Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылар орындарынан тұрып, тақпақ айтады. Бір-біріне жақсы тілектер айтады.

Біз әдепті баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Үлкендерге жол беріп,

Біз ақылды боламыз.

Үлкенге де «сіз»,Кішіге де «сіз»,Барша адамды құрметтеп,Иілеміз біз.

ІІ. Түстер ассоцациясы. Оқушылар түстер бойынша топқа бөлінеді. Оқушылар қызыл, жысыл, сары, ақ түстер бойынша бөлінеді.

ІІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау. Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттары таныстырылады. Оқушыларға бағалау критерийі айтылады

(Т)ІҮ.3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету;

3.​3.​6.​1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету.

Мұғалім топтағы оқушыларға қате жазылған бірнеше сөздері бар кестені тастайды. Оқушылар бірлесе отырып, сөздердегі қатені тауып, түзетеді. Түзетілген сөздерді өз тобының бағанына жазады. Түзетілген жұмыстарын келесі топтағы оқушыларға береді. Ол топтағы оқушыларға басқа топтағы оқушылардың тапсырмасы келеді. Осылайша оқушылар бір-бірінің жұмыстарын тексереді. Ең соңында өз жұмыстары қайтып келеді.

Қызыл

Жасыл

Сары

Ақ

електр

афтобус

вакзал

фудбол

ашщы

жихаз

делфин

Мұғалім топқа дұрыс нұсқасын береді. Оқушылар жұмыстарын қайта тексереді. Нәтижесін қорытындылайды. Мысалы, жеті сөздің 3-еуі қате болды. «Жасыл» тобы екі қатені дұрыс түзеткен. Оқушылар қатесіз жазылған сөздерді жұмыс дәптерлеріне көшіріп алады. Қабілеті жоғары оқушылар э,ф,в,ч,ц,щ,х,һ дыбыстары бар сөздерді өз беттерімен ойлап жазады.Оқушылар жұмысты орындау барысында қадағалап жүреді.

Дескриптор:

- орфографиялық қателерді анықтап, түзетеді;

- қатесіз, сауатты көшіріп жазады;

- бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап жазады;

- әріптерді көлбеу салады, үзбей жазады

- сөздерді қатесіз, сауатты көшіреді.

Ү.Оқулықпен жұмыс жүргізіледі. 51-жаттығу орындалады. Оқушылар назарын суретке аударады. Екі суретті салыстыра отырып, ұқсастығы мен айырмашылығын табады. Тапсырма Венн диаграммасы арқылы жүргізіледі. Оқушылар өз ойларын «Ашық микрофон» әдісі арқылы айтады.

- Балалардың қайсысы әдептілік ережесін бұзды?

- Неліктен олай ойлайсың?

- Қай бала жол жүру ережесін бұзды?

- Неліктен олай ойлайсың?

(Т)ҮІ. Диалог құрастыру. Оқушылар сурет бойынша диалог құрастырады. Әр топ екі суреттің бірін таңдайды.

- Бұл оқиға қай жерде болды?

- Ұл бала не істеді?

- Олар не туралы сөйлесуі мүмкін?

Берілген сөйлемдерді қолдануға болады?

1-сурет бойынша

  • Өтіп кетуге бола ма?
  • Былай тұрыңызшы!
  • Өтінемін, жол беріңізші!
  • Өтінемін, өтіп кетуге бола ма?

2-сурет бойынша

  • Менің шығуым керек.
  • Өтіп кетуге бола ма?
  • Келесі аялдамадан түсесіз бе?
  • Өтінемін, өтіп кетуге бола ма?

Оқушыларға уақыт беріледі. Содан соң ортаға шығып, құрған диалогтарын айтады. Оқушылар топтар жұмысын "Сұқ саусақ" белгісі арқылы бағалап отырады.

Қабілетті оқушылар іс-қимыл әрекет арқылы дауыс ырғағын келтіре отырып айтып береді.

Дескриптор:

- тақырыпқа сәйкес диалог құрастырады;

- сұхбаттасына сұрақ қояды;

- сұхбаттасының сұрағына жауап береді;

- өз ойын жүйелі жеткізеді;

- сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.

(Ұ)ҮІІІ. Сергіту сәті. Оқушылардан « Кімге, неге рақмет айтамыз?» сұрағына жауап алынады.Мұғалім бірінші жолды айтады, оқушылар өз сөздерімен жалғастырады.

Анаға – өмір сыйлағаны үшін,

Әкеге – қорған болғаны үшін,

Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін,

Күнге – жылуы үшін,

Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін,

Досқа –көмек бергені үшін,

Әжеге – ыстық алақаны үшін,

Суға – тіршілік көзі болғаны үшін,

Мектепке – білім бергені үшін.

(Т)ҮІІ. Топқа төрт түрлі хат үлгісі беріледі: жабықхат, ашықхат, жеделхат, смс жабарлама.

Тапсырма берілген ресурстарды пайдалану нұсқалығын ескере отырып, қоғамдық көлікте өздерін қалай ұстау керектігі жөнінде екі-үш ереже құрастырып жазады. Топта ортаға шығып қорғайды.

Сабақ соңында рефлексия жүргізіледі.Мұғалім оқушыларға төмендегідей сұрақтар қояды. Оқушылар сұрақтарға ауызша жауап береді.

- Сіз өзіңіз үшін жаңа не білдіңіз?

- Сіз үшін не жеңіл болды?

- Сізге қай жерде көмек қажет болды?

- Сіздің қандай да бір сұрағыңыз бар ма?

Үй тапсырмасына 54-жаттығу беріледі. Оқушылар сөздерді қатесіз көшіру қажет және осы сөздерді қатыстырып кез келген тақырыпта диалог құрастыру қажет.

Қосымша әдебиеттер

  • 2018-2019 оқу жылында қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хат.Астана.2018.
  • Қазақ тілі. Оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында). Бастауыш білім беру (2-4 сыныптар)
  • «Назарбаев Зияткерлік Мектептері »ДББҰ. Қазақ тілі.Оқу жоспары.2018-2019 оқу жылы. 3-сынып.
  • С.Рахметова. Қазақ тілін оқыту әдістемесі.
  • «Қазақ тілі» оқулығы 3-сынып. Жұмабаева Ә.Е., Алматы «Атамұра», 2018 ж
  • «Қазақ тілі» оқулық-тест.2007,
  • Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер. Әдістемелік кітапша
  • Балдырған журналы


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу