4.Қазақ тілі_3-сынып_1-бөлім_Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен__№31сабақ._Х,һ дыбысы_Әдістемелік нұсқаулық
Әдістемелік нұсқаулық
Сабақ №31. 1-бөлім.Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.
Сабақ тақырыбы Х, һ дыбысы
Оқу мақсаттары
3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету;
3.4.1.4 х, һ әріптері бар сөздерді ажыратып жазу.
3.1.6.1 интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды (қимыл, ым-ишара), қаратпа сөздерді қолдана отырып, тақырыпқа тыңдарманның назарын аударту
Бағалау критерийлері
х, һ әріптері бар сөздерді ажыратып жазады;
Жазу барысында каллиграфиялық нормаларды сақтап жазады;
Біреудің назарын аудару үшін қаратпа сөздерді қолданады.
Құндылықтар Ұлы тұлғаларды дәріптеу,шығармашылыққа баулу.
Пәнаралық байланыс. Әдебиеттік оқу, дүниетану.
Ресурстар кесте, суреттер, маркер, түрлі түсті қарындаштар, жұмыс дәптері.
Сабақ барысы
Т)І.Ұйымдастыру кезеңі. Үстел үстінде бірнеше әріптер жатады. Оқушылар әріптер ішінен кез келген әріпті алады. Сынып төрт топқа бөлінеді ұяң, қатаң, үнді дауыссыз дыбыстары және дауысты дыбыстар. Оқушылар сол бойынша отырады. Әр топқа суретті мозайкалар беріледі. Оқушылар мозайкадан шыққан бейненің берілген қай сөздің мағынасына сәйкес келетіндігін және неліктен олай ойлайтындықтарын айтады.
Сөздер тақтада жазылулы тұрады: хикая, саяхатшы, жиһангез, қаһарман. Үлгі. 1-сурет «хикая» сөзімен сәйкес, өйткені бұл мультфильм «Алдаркөсенің басынан кешкен хикаялар» тураы баяндалады.
2-сурет «саяхатшы» сөзімен сәйкес келеді, өйткені бұл мультфильм «Саяхатшы Дара» тураы баяндалады.
3-сурет «жиһангер» сөзімен сәйкес келеді, себебі жиһангер-ел кезуші, саяхаттаушы адам.
4- сурет «қаһарман» сөзімен сәйкес келеді, себебі бұл-ержүрек, ер, батыр бейнесі.
ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттары таныстырылады. Оқушыларға бағалау критерийі айтылады.
ІІІ. (Ұ)Үй тапсырмасын тексеру. Үй тапсырмасы берілген сөздерді көшіріп, мағынасын табу болатын. Мұғалім сөздердің мағынасының орнын ауыстырп айтады. Оқушылар «иә», «жоқ, ол-...» деп жауап береді. Оқушылар балмұздақ таяқшалары арқылы жауап береді.
Жаһан –ер, батыр (жоқ,ол –жер жүзі, барлық әлем );
Хоккей-мұзайдында ойналатын ойын (иә);
Ханталапай – қазақтың ұлттық тағамы (жоқ, ол –ұлттық асық ойыны);
Қаһарман – ел, жұрт (жоқ, ол- ер, батыр адам);
Мархабат –жақсылық, қайырымдылық (иә).
46-жаттығуды оқушылар кезекпен оқып шығып, бұл мекемелердің қандай қызмет атқаратындығын айтып береді: асхана, емхана, аурухана, кітапхана, дәмхана,дәріхана, шеберхана.
- Һ қандай дыбыс?
-Х қандай дыбыс?
-Ұқсастығы неде?
-Айырмашылығы неде?
ІҮ.(Т).Оқулықпен жұмыс жүргізіледі. Оқушылар өлеңді мәнерлеп оқиды. Мағынасы қиын сөздерді сөздіктен қарайды. Бұл тапсырма «Кластер» әдісі бойынша жүргізіледі. Оқушылар параққа Ш.Уәлиханов туралы білетіндіктерін жаза береді.Содан кейін ортақ шешімге келіп, сызбаны толтырады.
-Өлең кім туралы?
-Шоқан Уәлиханов туралы не білесіңдер? (ғалым, саяхатшы, жиһангез, суретші, жазушы. Шын есімі Мұхамед Қанафия
-Берілген тірек сөздерден қай сөз сәйкес келеді?
-Саяхатшы, жиһангездің мақсаты не?
Ү.(Ж;Т) 3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету.
3.4.1.4 х, һ әріптері бар сөздерді ажыратып жазу.
Оқушылар алдымен оқулықта берілген мақалды оқиды. Жұмыс дәптеріне әдемі әрі қатесіз көшіріп жазады. Оқушылардың бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу және таза жазуы қадағаланып, бағыт беріледі. Мағынасын түсіну үшін алдымен сөздердің бір-бірімен байланысын табады.
Халықтың ортақ үйі –Отаны.
Қаһарлы ел қамал бұзады.
«Автордың орындығы» әдісі бойынша оқушылар мақалдың мағынасын айтады.
Қабілеті жоғары оқушылар сөздерді сөз құрамына талдайды.
Дескриптор:
«Автордың орындығы» әдісі бойынша оқушылар мақалдың мағынасын айтады.Мақалдың
мағынасын түсіндіре аламын деген оқушы орындыққа отырып, мағынасын түсіндіреді. Дұрыс сәйкес келсе, оқушылар шапалақтайды.Қабілеті жоғары оқушылар сөздерді сөз құрамына талдайды.
Дескриптор:
-бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап жазады;
- әріптерді көлбеу салады, үзбей жазады;
- мақалдарды қатесіз, сауатты көшіреді;
-х әрпін ажыратады;
-һ әрпін ажыратады.
ҮІ. (Ұ) Сергіту сәті. Оқушылар тақпақтап қимыл жаттығуларын жасайды.
Еркiн ұста денеңдi,
Тарсылдатпай едендi.
Орнымыздан тұрып ап
Жүгiрейiк бiр уақ.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.
Аяқты алға созайық
Тiк көтерiп, қозғайық.
Тым сылбыр да болмайық
Алға қарай озбайық.
Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.
Ү.(Т) 3.1.6.1 интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды (қимыл, ым-ишара), қаратпа сөздерді қолдана отырып, тақырыпқа тыңдарманның назарын аударту.
Төрт топқа тапсырмалар беріледі. Тақырып.Кітапхана.Оқушылар алдымен көтерілген проблеманы топ ішінде шешеді. Ортақ бір жауапты ауызша айтады.
1-топ. Кітапханалар қай жерде орналасады?
2-топ. Оқушыларға қандай кітап оқыған тиімді?
3-топ.Қажет кітапты қалай табасың?
4-топ. Кітап авторларының көрсеткішін пайдаланасың ба?
ҮІ.(Т)Қаратпа сөздерді қолданып, «Кітапхана» тақырыбы бойынша жарнама құрастырады. «Галереяға саяхат» әдісі бойынша жүргізіледі. Оқушыларға түрлі түсті қарындаш, маркерлер беріледі. Кітапханада өтілетін бір кеш немесе басқа да шараларға шақыру жөнінде жарнама жасайды.
- Кітапханада не өткізіледі?
- Кімдер қатысады?
- Қашан болады?
- Қай сыныптарға арналған?
«Галереяны шарлау» стратегиясы бойынша рефлексия жасайды. Басқа топтың жұмыстарын оқиды. Оқушылар стикерлерге өз көзқарастарын жазып, жабыстырады.
Дескриптор:
- сурет бойынша жарнама құрастырады;
- каратпа сөздерді орынды қолданады.
Сабақ соңында рефлексия жүргізіледі. «Екі тілек, бір ұсыныс» стратегиясы арқылы бір-бірінің жұмысын бағалайды. Орындаған жұмыстарының екі жақсы жағы мен бір кемшілігіне ұсыныс білдіру арқылы өз іс-әрекеттеріне кері байланыс жасайды.
Үй тапсырмасы берілген тақырыптардың біреуіне қаратпа сөзді қатыстырып, диалог құрастырып келу.
- Асханада.
- Ауруханада
- Дәріханада
Қосымша әдебиеттер
- 2018-2019 оқу жылында қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хат.Астана.2018.
- Қазақ тілі. Оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында). Бастауыш білім беру (2-4 сыныптар)
- «Назарбаев Зияткерлік Мектептері »ДББҰ. Қазақ тілі.Оқу жоспары.2018-2019 оқу жылы. 3-сынып.
- С.Рахметова. Қазақ тілін оқыту әдістемесі.
- «Қазақ тілі» оқулығы 3-сынып. Жұмабаева Ә.Е., Алматы «Атамұра», 2018 ж
- «Қазақ тілі» оқулық-тест.2007,
- Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер. Әдістемелік кітапша
- Балдырған журналы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?