1.Қазақ тілі_3-сынып_1-бөлім_Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен__№30-сабақ.Х,һ дыбысы._ҚМЖ
Қысқа мерзімді жоспар
Пән Қазақ тілі Бөлімі Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен Тақырыбы 30-сабақ.Х, һ дыбыстары | Мектеп: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 3 | Қатысқандар саны: | Қатыспаған оқушылар: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқу мақсаты: | 3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру; 3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету; 3.4.1.4 х, һ әріптері бар сөздерді ажыратып жазу. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты: |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | •Мәтінге қатысты тірек сөздерді анықтайды; •Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді; • х, һ әріптері бар сөздерді ажыратып жазады; •Жазу барысында каллиграфиялық нормаларды сақтап жазады. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тірек сөздер | Пәндік терминология мен тірек сөздер Қатаң дауыссыз дыбыс, басқа тілден енген сөздер. Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл: Талқылау үшін сұрақтар: -Неліктен мәтін «Ізет» деп аталған? -Әжейдің жас жігітке жол беруінің себебі не? | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтар | Ізеттілікке баулу, ер адамды құрметтеуге баулу, ұлттық салт-дәстүрді жаңғырту. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Әдебиеттік оқу, дүниетану пәнімен байланыс көрініс табады. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Қаратпа сөз, э, в, ф, ч, щ дыбысы. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барыс | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Сабақта жоспарланғаніс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 7 минут 7 минут | (Ж)І.Ұйымдастыру кезеңі. Өткен сабақты қайталау мақсатында суретті диктант жүргізіледі. Мұғалім үнсіз суретті көрсетеді, оқушылар заттың атауын жазады. Оқушылар бейнеленген суретті сөздермен жаза білулері тиіс.
Диктант аяқталған соң, оқушылар жазған сөздерін тақтадан тексереді. Дұрыс сөздің жоғары жағына жай қарындашпен «+» таңбасын, қате болса, «-» таңбасын қояды. Қорытындысында басқа тілден енген сөздердің жазылуын еске сақтап жүру қажеттігі ескертіледі. Оқушылар өз таңдауы бойынша бір сөзге дыбыстық талдау жасайды. Қабілеті жоғары оқушылар белгіленген уақыт ішінде екі сөзді қатыстырып, бір сөйлем ойлайды. Үлгі: Экскаватор электр жарығымен жер қазды. Туфли киген қыз микрофон алды. Көшеде автобус және велосипед жүретін жолдар бар. Ағам мотоциклмен барып, циркуль сатып әкелді. Апам щеткамен плащын тазалады.Чемпион балаға чек берді.
ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау. Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттары таныстырылады. Оқушыларға бағалау критерийі айтылады. | Слайд https://i.ytimg.com/vi/bxhiod4txAk/maxresdefault.jpghttp://gitaraclassic.ru/sites/default/files/567.jpg https://avatars.mds.yandex.net/get-pdb/236760/39ca291e-98c7-40de-af189c2226abd4d8/s1200?webp=false https://avatars.mds.yandex.net/get-pdb/236760 https://velostrike.ru/images/cms/data/bikes/Bea https://thumbs.dreamstime.com/b/ http://irecommend.ru/sites/default/files/images/312127/attach/KON6s6ONNflVD4WmUfdA.JPG Слайд | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 28 минут 5 минут 3 минут 5 минут 2 минут 1 минут 7 минут 5 минут | (Ж) ІІІ. 3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету; 1.Оқушылардың назарын суретті сөзжұмбаққа аудартамын. -Екінші суретте қандай әріп болуы мүмкін?(Жауабы:һ)
-Бірінші суретте «+» таңбасы болса, екінші суретте қандай әріп болады деп ойлайсыңдар? (Жауабы:х)
- Оқушылар, х дыбысы туралы не білеміз? - Оқушылар, һ дыбысы туралы не білеміз? - Неліктен х, һ дыбыстары дауыссыз дыбыстар түріне жатады? - Дауыссыз дыбыстардың қай түріне жатады? - х дыбысы сөз ішінде қай жерде кездеседі? - һ дыбысы сөз ішінде қай жерде кездеседі? 2.(Ж).Оқушылар оқулықтағы 43-жаттығуды орындайды. Кестеде берілген сөздерді іштей оқиды. қ, х, һ дыбыстарының айтылуын өзара салыстырады. Сөздерді салыстыру кезінде байқағандарын айтып, ой қорыту жасайды. Ой қорытуларын оқулықта берілген ақпаратпен салыстырады. 3.Оқушылар жұмыс дәптерлеріне Х, һ әрпі бар сөздерді көшіріп жазады. Мұғалім х мен һ дыбыстарының келесі әріппен байланысуын еске түсіреді. Тақтаға жазып көрсетеді. Қабілеті жоғары оқушылар сөздіктен хикая, жиһангер сөздерінің мағыналарын табады. Дескриптор: - сөздерді қатесіз, сауатты көшіреді; - бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап жазады; - әріптерді көлбеу салады, үзбей жазады. ІҮ.Сергіту сәті. Оқушылар 1,2,3,4 деп санай отырып, топқа бөлінеді. Оқушыларға кез келген затпен (тек оқу құралдары емес), қимылмен т.б Х немесе һ әрпін бейнелеп көрсету (Үлгі: аяқтарын айқастыру, өздері айқастыра қатарға тұрып көрсету, орындық т.б.).Әр топ бір үлгі ғана ұсына алады. Сәтті шыққан топ мадақталады. Ү.Оқушылар тақтадан сөз ішінде х мен һ дыбыстары бар сөздерді оқиды. Сөздердің айтылу мен жазылу ерекшелігіне мән береді. хабар саяхат хан қаһарман хабарландыру халық ханзада жиһаз хабарласу хор ханшайым гауһар (Т)ҮІ. 3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру; 1.Оқушылар оқулықта берілген 44-жаттығуды орындайды. Алдымен, мәтінді түсініп тыңдайды. -Неліктен мәтін «Ізет» деп аталған? -Мәтінде қандай кейіпкерлер бар? 2. Топқа карточка беріледі. Оқушылар бірігіп отырып, сұрақтарға жауап береді. -Әжей кімге жол берді? Белгіле (). - Әже ол адамға жол беруінің себебін қалай түсіндіреді? - Мәтіннен қандай ой түйдің? Содан соң мәтіннен қаратпа сөздерді табу тапсырылады. «Ашық микрофон» әдісі бойынша оқушылар өз пікірлерін қорғайды. Қабілеті жоғары оқушылар мәтін мазмұны бойынша ашық және жабық сұрақтар құрайды. Дескриптор: мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді; -мәтіннің мазмұнына қатысты ойын айтады. (Ө,Т)ҮІІ. 3.3.5.1 Х, һ әріптері бар сөздерді ажыратып жазу. Тапсырма беріледі. Көп нүктенің орнына х және һ әріптерін қою қажет. Оқушылар алдымен жеке орындайды. Содан соң топ ішіндегі оқушылармен өзара бір-бірін тексереді. Жіберілген қателерді мұғалімнің көмегін талдай отырып түзетеді. Оқушыларға бұл сөздердің жазылуын еске сақтау қажеттігі ескертіледі.
Дескриптор: -х әрпі бар сөздерді ажыратады; -һ әрпі бар сөздерді ажыратады. | Слайд http://moziru.com/images/unique-clipart-hand-down-5.jpg Оқулық, жұмыс дәптері слайд Қосымша №1 Қосымша №2 wp | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия. Сабақты қорытындылауда өзін-өзі бағалау кестесі қолданылады.
Үй тапсырмасы 45-жаттығу. Сөздерді көшіру. Сөздердің мағынасын сөздіктен қарау. Қалаған сөзге сөйлем ойлау. 46-жаттығу. Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойып, жаңа сөздер жасау. | Қосымша №3 | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Мұғалім қолданған материалдар мен әдіс-тәсілдер сыныптағы оқушылар қабілетін ескеру мақсатында пайдаланылды. Қабілеті жоғары оқушылардың шығармашылық ойлауын дамыту мақсатында екі сөзді байланыстырып, бір сөйлем құрау, сөздіктен қиын сөздердің мағынасын табу, мәтін мазмұны бойынша сұрақтар дайындау тапсырылды. | Оқу мақсаты бойынша алған білімді бағалау қалыптастырушы бағалау арқылы жүргізіледі. Оқушылар тапсырманы жеке, топпен орындайды. Материалды меңгеру деңгейі өін-өзі тексеру, өзара тексеру және мұғалім көмегімен түзете отырып тексеру арқылы бағаланады. | Сергіту сәті өткізіледі. Жазу кезінде, қимыл жаттығуларды көрсету кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігі ескертіледі. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?