1. Қазақ тілі_3-сынып_2-тарау Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен_28-сабақ Ч,щ дыбыстары_ҚМЖ
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен Күні: Сынып: | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||
Сабақтың тақырыбы | 28-сабақ. Ч,щ дыбыстары. Мазмұндама жазайық | |||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.3.3.1 оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша мұғалімнің көмегімен жоспар құрып, мазмұндама жазу; 3.3.6.1 бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету; 3.4.1.3 ч, щ әріптері бар сөздердің емлесін білу. | |||||||
Сабақтың мақсаттары |
| |||||||
Бағалау критерийлері | - тыңдаған материал бойынша мұғалімнің көмегімен жоспар құрып, мазмұндама жаза алады; - бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жаза алады, жазу қарқынын жеделдетеді; - ч, щ әріптері бар сөздердің емлесін біледі. | |||||||
Ғылыми тіл |
| |||||||
Құндылықтар | Қоршаған ортаға, адамдарға жақсы қарым-қатынас жасауға баулу. | |||||||
Пәнаралық байланыстар | Әдебеиттік оқу, өзін-өзі тану | |||||||
АКТ қолдану дағдылары | - | |||||||
Бастапқы білім | Тіл және сөйлеу, мәтін, мәтін және оның түрлері, сөйлеу мәдениеті. | |||||||
Сабақтың барысы | ||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||
Сабақтың басы І. Бағдарлау-мотивациялық кезең (5 минут) | Сабақ мақсатын хабарлау, бағалау критерийлерін таныстыру. (Ж) Кім шапшаң? Орны ауысқан әріптерден сөз құрап жазу. Ыащ, чпоинме, рерич, щрбо, кче, танипомеч, щтұы, ищ, учап-упчс, щинчуск. |
| ||||||
ІІ. Операциялық-орындаушылық кезең (30 минут) 3 мин 2 мин 5 мин 5 мин 10 мин 5 мин | Шығармашылық диктант. Сөйлемде түсіп қалған сөзді толықтырып жазу. 37-жаттығу. (Мұғалім сөйлемдегі құрамында ч, щ дыбыстары бар сөздерді түсіріп оқиды. Орнына қол соғады. Оқушылар сөйлемді толықтырып жазады.) Аспаз ... пісірді. Балхаштың оң жақ жағалауының суы ..., сол жақ жағалауының суы... Балалар дүкеннен ... сатып алды. Өзара жұмыстарын тексеру.. Сергіту сәті. Қол жаттығулары 3.3.3.1 (МК,Ұ,Т) 35-жаттығу. «Жақсы мен жаман» Балтабай Әділов. Мәтінді мәнерлеп оқып беру. Логикалық бөліктерге бөліп, жоспар құру. Сөздік жұмысы: жаңа сөздерді белгілеу, мағынасын топта талқылау. Сызба көмегімен мәтінді бөліктерге бөлу. Әр абзацты қайта оқып, бірлесіп жоспар құру. - Мәтін неше абзацтан тұрады? - Бірінші абзац не туралы? Абзац неше сөйлемнен тұрады? Қысқаша не деп атауға болады? т.с.с Жоспар үлгісі: 1.Гүл егу. 2.Гүлдің мұңаюы 3.Гүлдің құлпырып, өсуі. Саралау: Мәтіндегі диалогтің жазылу емлесін сөйлемнің тірек сызбасы арқылы түсіндіру. Ешкімге жамандық ойламаудың қандай артықшылығы бар? Мақалды мәтінде қолдану үлгісін көрсету. «Жақсы сөз – жарым ырыс» (Т) Жоспар бойынша мазмұндау. Мазмұндама жазу критерийлерін бірге белгілеу немесе таныстыру: -жоспарға сәйкес жазу; -сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтау; -сөйлемдерді өзара мағыналық байланысты құрастыру; -сөйлемнің жазылу емлесін сақтау; - каллиграфиялық талаптарды сақтау; (МК, Ө, Қ) Жоспар бойынша мазмұндама жазу. «Бірлесіп жазу» әдісі. Мазмұндама крийтелерін сақтау. 1-кезең. Мұғалімнің үлгісі бойынша «Гүл егу» бөлімі алғашқы 2 сөйлемді жазу. 2-кезең. Жоспардың 2-бөлігі «Гүлдің мұңаюы» бойынша жұпта ақылдасып, идея алмасып келесі сөйлемді жазу. Диалогтің жазылуын түсіндіру. 3 кезең. Қолдау арқылы үшінші сөйлемді жазу. 4-кезең. Өз бетінше мәтінді жалғастыру. (МК) Мәтіннің қорытынды сөйлемін жазу үлгісін көрсету. Саралау: мәтін шаблонын, сөйлем сызбасын қолдану. (МК,Ұ) Мазмұндаманы таныстыру, талқылау, жетілдіру. Оқушылар кезекпен мазмұндамаларын 5-сөйлемнен бастап оқиды. Қалған оқушылар бағалау критерийлеріне сәйкес бағалап, жетілдіру мақсатында 1 ұсыныс айтады. Оқушылар жазба жұмыстарын көрмеге орналастырады. Оқушылар аралап бір-бірінің жұмысын қатесіз, әрі каллиграфиялық талапқа сай жазылуын бағалайды.
Жай қарындашпен шартты белгі салады:.
Қатемен жұмыс. Сынып оқушылары жіберген қателерін классификациялау. Қате түрлерін бірге талдап, түсіндіру. Қате түрін қайталамауы үшін жаттығулар ұйымдастыру. |
| ||||||
Сабақтың соңы Рефлексиялық-бағалау кезеңі (5 минут) | Рефлексия. «Хабарлама» тәсілі. Мен не үйрендім.... Үйге тапсырма. Жұмыс дәптері: жасырынған сөзді табу. Ата-аналарынан бұрынғы кездегі почта қызметі туралы сұхбаттасып келу. Бүрынғы және қазіргі почта қызметін салыстыру. Қазіргі кездегі почта жіберу түрлері, электронды почтаның туралы ой бөлісу. |
| ||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||
Үлгі, мәтін шаблоны арқылы қолдау көрсетіледі. | Өзара бағалау, шартты белгілер қолданып бағалау. Оқушылардың жазу қабілетін дамыту үшін жіберілген қателер бойынша пысықтау жаттығуларын әзірлеу. «Хабарлама» әдісі, «Шартты белгілер» әдісі | Дене шынықтыру жаттығулары | ||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | ||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?