1.Қазақ тілі 3-сынып 2-тарау Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен 29-сабақ Ц дыбысы
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен Күні: Сынып: | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | 29-сабақ. Ц дыбысы. Бейнематериал бойынша мазмұндама жазу | ||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.2.1.1 тірек сөздер/көмекші сөздер арқылы мәтін түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) және оның құрылымдық бөліктерін анықтау; 3.4.1.1 э, ф, в, ц әріптері бар сөздерді сауатты жазу; 3.3.3.1 оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша мұғалімнің көмегімен жоспар құрып, мазмұндама жазу. | ||||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары |
| ||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | - тірек сөздер арқылы әңгімелеу мәтінін және оның құрылымдық бөліктерін анықтай алады; - құрамында ц әрпі бар сөздерді сауатты жаза алады; - аудиовизуалды материал бойынша мұғалімнің көмегімен жоспар құрып, мазмұндама жаза алады | ||||||||||||||||
Сөздік қор |
| ||||||||||||||||
Құндылықтар | Өнерге баулу | ||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Өнер | ||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | - | ||||||||||||||||
Бастапқы білім | Әңгімелеу мәтіні, құрылымдық бөліктері | ||||||||||||||||
Сабақтың барысы | |||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||
Сабақтың басы І. Бағдарлау-мотивациялық кезең (5 минут) | (Т,Ұ) Фонетикалық ширату. Целлофан, цемент, центнер, цилиндр, цирк, циркуль цех, цистерна, цитрус, цифр, абзац, мотоцикл, концерт, конституция, циферблат, цунами. 1-топ: сөздерді буын санына қарай топтастыру. 2-топ: күнделікті жиі қолданатын және аз қолданатын сөздер 3-топ: математикаға қатысты және қатысты емес сөздерді топтастыру. Сөздердің ортақ белгісін анықтау. Ц дыбысы қандай дыбыс? Сабақ мақсатын хабарлау, бағалау критерийлерін белгілеу. |
| |||||||||||||||
ІІ. Операциялық-орындаушылық кезең (30 минут) мин | 3.2.1.1 (МК; Ұ; Қ) 39-жаттығу. Мәтінді оқу. Мәтін түрін анықтау. Мәтіннің бөліктерін анықтау. Өз пікірін негіздеу. - Мәтін неше абзацтан тұрады? - Әр абзацта не туралы айтылған? - Бұл қандай мәтін түріне жатады? (Ө, Ұ) 1-тапсырма: ақпарат алу Сұрақтардың жауабын талдау.
(Т) 2-тапсырма Циркке барудың қызықты болатынын мәтіннен 2 дерек келтіріп дәлелдеу. Сергіту сәті. 3.3.3.1 (Ұ) 40-жаттығу. Цирк ойындары туралы видео көру. «Бірлесіп жазу» әдісі. (Ө) Бейнематериал мазмұны бойынша 7 тірек сөз жазу. (Ж,Т) Жұпта сөз тіркестерін құрастыру. Топта сөз тіркестерін талқылап, мәтін құрастыруға қажетті 4-5 сөзтіркесті іріктеп алу. (МК, Ұ) Бейнематериалды жоспар құру мақсатында қайта тамашалау. Бірлесіп жоспар құру. (Т) Жоспардың бөліктеріне қатысты тірек сөздерді орналастыру. Сөз тіркестерін қатыстырып сөйлемдер құрастыру. Мазмұны бойынша сөйлемдерді мағыналық байланыстырып орналастыру. Әр топ өз жұмысын таныстыру. Мазмұндамаға қойылатын талаптар: - жоспарға сәйкес жазу; - тірек сөздерді қолдану; - сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі сақтау; - сөйлемдер өзара байланысты құрастыру; - сөйлемнің емлесін сақтау; - каллиграфиялық талаптарды сақтау; - қате жібермеу. (Ө, Қ) Жоспар бойынша мазмұндама жазу. Мазмұндама критерийлелерін ескеру. Таныстыру. (МК; Ө;Қ) Өзара тексеру. Жай қарындаш қолдану. Жазба жұмыстарында жіберілген қате түріне байланысты оқушылар топтастырылады. Тапсырманы қатесіз орындағандар өз алдына топ құрайды және оларға өз бетінше орындауға тапсырма беріледі. Мысалы, бүгін сабақ басында құрамында ц дыбысы бар сөздермен таныстық. Есіңде қалған сөздерді тізімдеп жаз. Қате жіберген оқушылармен қателерді талдап, дұрыс жазу үлгісі көрсетіледі. |
| |||||||||||||||
Сабақтың соңы Рефлексиялық-бағалау кезеңі (5 минут) | (Ө; Қ) Өзін бағалау Мен не үйрендім? Мен үшін не қиын болды? Мен енді нені үйренуім керек? Үйге тапсырма: 41-жаттығу |
| |||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||
Түрлі деңгейдегі оқушылардан топ құру | Өзара тексеру, жеке бақылау арқылы | Сергіту сәті, белсенді оқыту әдістері | |||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | . | ||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?