4. Қазақ тілі_3-сынып_2-бөлім_Жақсыдан үйрен,жаманнан жирен_№33 сабақ_Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім_ Әдістемелік нұсқау
Мұғалімге әдістемелік нұсқау
Бөлім: Жақсыдан үйрен, жаманна жирен
Сабақ тақырыбы: № 33-сабақ. Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім?
Сабақ мақсаттары
1. Мәтін мазмұны бойынша ашық және жабық сұрақтарға жауап беру.
2. Сөзді орфоэпиялық нормаға сай айтып, сөз құрамында дыбыстарды ажыратып, сауатты жазу.
3. Мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзету.
4. Тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау
Ресурстар: Интерактивті тақта презентация, тест тапсырмалар, (оқылым мәтіні).
Қауіпсіздік және денсаулық сақтау: сынып ішінде оқушылардың жүріс-тұрысын қадағалау қажет. Сабақ барысында қаламды дұрыс ұстауын ескерту, оқушылардың шаршамауы үшін сергіту жаттығуын ұйымдастыру.
Сабаққа қажетті теориялық материалдар: ереже, анықтамалар, түсіндірмелі сөздік, т.с.с
Тірек сөздер: Цирк, көшпелі, акробат, тұрақты, шабандоз, сайқымазақ.
Оқушылардың тыңдалым дағдыларын дамыту, қажетті ақпаратты, тірек сөздерді анықтауға, ашық және жабық сұрақтарға жауап беруге, өз ойын ортаға сала білуге дағдыландыру. Берілген тірек сөздерді пайдаланып мәтін құрау, диалогке түсу.
Диалогке түспес бұрын тақырып бойынша сұрақтарын дайындап алу.
- Сәлемдесу.
- Сөйлеу мәдениетін сақтау.
- Сыпайы сөздерді пайдалану
Диалог үлгі
Тілші:
- Сіздің ойыңша, цирк дегеніміз не?
Оқушы:
-Менің ойымша, цирк дегеніміз- адамдарға,балаларға көтерңкі көңіл-күй сыйлайтын мәдениетті орын.
Тілші:
- Қандай мәдениет орындарын білесіз?
Оқушы:
- Цирк, кинотеатр, мұражай.
Тілші:
- Цирк керек емес, дегенге не айтар едіңіз?
Оқушы:
- Кешіріңіз, мен бұған қарсымын. Себебі, барлық жас аралығын қамтитын жалғыз өнер-цирк. Циркте жасқа қарамайды бәрі көріп тамашалай алады, ал театрда жасына қарай кинолар көрсетіледі.
Тілші:
- Әңгімеңізге көп рахмет, сау болыңыз!
1-тапсырма
- Мәтінді мұқият тыңдайды. Мәтіннің не туралы екенін анықтап, өз ойымен бөліседі.
Ықтимал жауаптар:
Мәтін | Тақырыбы | Мәтіндегі негізгі ой | Қорытынды |
Ұшқыш қыз | Хиуаз Доспанова –тұңғыш ұшқыш қазақ қызының ерлігі дәріптеледі. | Ерлігі үшін, «Халық қаһарманы» атағы берілді. |
- Мәтіннен х, һ әріптері бар сөздерді табу, дыбыстық талдау жасау.
Мысалы:
х- дауыссыз, қатаң
а- дауысты, жуан
л-дауысты, жіңішке
ы- дауысты, жуан
қ- дауыссыз, қатаң
2-тапсырма
Оқулықта берілген жағдаяттық тапсырманы оқиды. Хабарландыруды сөздерді тиісті орнына қою арқылы қайта құрастырып жазады. Тыныс белгілерін қояды.
Ықтимал жауап:
- Сен білесің бе?
- Тұңғыш ұшқыш қазақ қызы кім?
- Ол туралы білгің келе ме?
- Онда кітапханаға кел.
3-тапсырма Тірек сөздерді пайдаланып, мәтіннің не туралы екенін болжайды. Парталасымен тілші мен көрермен рөлінде Диалогке түседі. Тірек сөздерді пайдаланып мәтін құрау.
Ықтимал жауап:
Циркте
Цирк дегеніміз- адамдарға,балаларға көтерңкі көңіл-күй сыйлайтын мәдениетті орын. Циркте күлегештер, сайқымазақтар,әр түрлі жабайы аңдар неше түрлі өнер көрсетеді. Олардың өнерлеріне таң қалмайтын адам болмайды.Бізде цирк өнері дамып келеді. Олар өз бастауын көшпелі өмір салтынан, мал шаруашылығымен байланысты тұрмыс-тіршілігінен алады. Мен ата-анаммен циркке бардым. Ол жерде бəрі тамаша. Мен онда сайқымазықты кордім. Ол сиқыр жасады, менің құлағымның артынан гүл шығарды, мен қуанып калдым. Одан кейін акробаттар тамаша өнер көрсетті. Шабандоздар да аттың құлағында ойнайды екен. Маған қатты ұнады келесі жолы достарымды алып барамын.
4-тапсырма. Жазылым
Көп нүктенің орнына тиісті қ, х, һ әріптерін қойып жазу
Ықтимал жауаптар:
хисса, қарауыл, хат, қатық, жиһангер, қаһарман, халық, хабарландыру, ханзада, жиһаз, Гауһар, Жауһар, шаһар, қорған.
Сабаққа қатысты ескертпелер
(Ұ) «Кім тапқыр» ойыны. Сөзді жалғастыру.
Оқушыларды жылдамдыққа, тез ойлауға, сөздік қорын байытуға бағытталған ойын.
Ойын жүргізуші қандай да бір сөзді ұсынады. Балалар кезек-кезек оның соңғы әрпінен басталатын сөз айтады. Мысалы: халық – қала – алау – уылдырық –қаһарман – нарық – қобыз – заһар – раушан т.б.
Сөздер қайталанбауы керек, таба алмаған оқушы ойыннан шығады. Соңғы оқушы жеңімпаз болады.
Мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстырады.
Оқулықпен жұмыс
- тапсырманы орындау.
1.Мәтінді мұқият тыңдайды.
2.Мәтіннің не туралы екенін анықтап, өз ойымен бөліседі.
3.Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.
4. Мәтіннен х, һ әріптері бар сөздерді табу, дыбыстық талдау жасау. Жіберілген қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету.
Бағалау дескрипторы
-мәтін кім туралы екенін біледі;
- мәтін бойынша сұраққа жауап бере алады;
- мәтіндегі негізгі ойды анықтайды;
- Х, һ әріптері бар сөздерді табады, дыбыстық талдау жасайды, олардың жазылуына назар аударады;
2- тапсырманы орындау.
- Оқулықта берілген жағдаяттық тапсырманы оқу. Хабарландыруды сөздерді тиісті орнына қою арқылы қайта құрастырып жазу. Тыныс белгілерін қою.
- Жазған жұмысын өзара тексеру.
- Сөздер тиісті орнына қойған ба?
- Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтаған ба?
- Пунктуациялық нормалар сақталған ба?
- Қате кездесе ме?
Өзара бағалау. 2 тілек, 1 ұсыныс арқылы бағалайды.
- Жұмыстарын «Автор орындығы» стратегиясы бойынша топта жариялайды.
- Бір-бірінің жұмысын бағалайды. Екі жақсы жағы мен бір кемшілігіне ұсыныс білдіру арқылы рефлексия жасайды. Мысалы: Сөйлемдерді тиісті орнына қоя алдың;
Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтадың.
Ұсыныс:
Орфографиялық қатемен жұмыс жасау керек, деген сияқты кері байланыс беру.
Бағалау дескрипторы
- сөздерді тиісті орнына қойып жазады;
- сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды;
-пунктуациялық нормаларды сақтайды;
- бір-бірінің жұмысын бағалайды.
Сергіту жаттығуы орындалады.
3-тапсырманы орындау.
- Тірек сөздерді пайдаланып, мәтіннің не туралы екенін болжау.
- Парталасымен тілші мен көрермен рөлінде Диалогке түсу.(тақырып бойынша)
- Тірек сөздерді пайдаланып мәтін құрау.
Бағалау дескрипторы
- тақырыпқа сәйкес ашық және жабық сұрақтарды құрастыра алады;
- сыпайы сөздерді қолдана алады;
- сөйлеу мәдениетін сақтайды;
- диалогке белсенді қатыса алады;
-тірек сөздерді пайдаланып, мәтін құрайды.
4-тапсырманы орындау. Жазылым. Өздік диктант
- Көп нүктенің орнына тиісті қ, х, һ әріптерін қойып жазу.
- Жазған жұмыстарын өзара қарындашпен тексеру.
- Көп нүктенің орнына тиісті қ, х, һ әріптерін дұрыс қойды ма?
- Сауатты жазды ма?
Бағалау дескрипторы
- көп нүктенің орнына тиісті қ, х, һ әріптерін қоя алады;
- сауатты жазады;
- Тез жазуға дағдыланады;
Саралау.
Оқушыларға талқылауға қойылатын сұрақтар арқылы жүргізіледі.
Хиуаз Доспанова кім? Ол туралы не білесің?
«Халық қаһарманы дегенді қалай түсінесің?»
«Халық қаһарманы» деп кімдерді айтар едің?
-Цирк дегеніміз не?
-Цирк керек емес, дегенге не айтар едіңіз?
- Тірек сөздерді пайдаланып әңгіме құра.
Жауаптар :
1.Хиуаз Доспанова ұшқыш. Ол ерлігі үшін 2004 жылы көзінің тірісінде, "Халык қаһарманы" атағын алған. Хиуаз Алматының ортасында тұрған. 2010 жылы Атырауда ұшқышқа ескерткіш ашылған, Алматыда оның атымен аталған көше пайда болды. Атыраудағы спорт сарайы да Хиуаз Доспанованың есімін алған. Ол жайлы "Хиуаз Доспанова. Рахмет айтып үлгеру" атты деректі фильмі түсірілді. 60-жылдары Хиуаз Доспанова "Соғыс туралы естелік" кітабын жазған.
2. Елі, жері үшін аянбай еңбек еткені үшін халықтың ризашылығына бөлену, мәртебесінің өсуі.
3. Цирк адамдарға, балаларға көтерңкі көңіл-күй сыйлайтын мәдениетті орын.Ол жерде жасқа қарамайды, үлкен-кіші тамашалап, өнер көрсете алады.
4. Сұрақ –жауап барысында оқушының белсенділігіне көңіл аудару.
5. Көпшілік алдында өзін ұстауына, сөйлеу мәдениетін сақтап жауап беруіне назар аудару.
Тест тапсырмаларын орындау.. Нәтижесін топта талқылау.
Жазылым бойынша тапсырмалар. Дұрыс жауаптар ерекшеленіп берілген.
1. Сөйлемдердің ішінен қаратпа сөзі бар сөйлемді табыңар:
А) Беу шіркін, таудың күйі, тастың күйі
Ә) Ой-хой шіркін, дәурен-ай!
Б) Балалар, бұл жол басы даналыққа
2. Құстың жемін әкелші,...
Көп нүктенің орнына қаратпа сөз жазыңдар.
А) қорада
Ә) қызым
Б) үйге
3. Қыстарма сөзді табыңдар:
А) бірте-бірте
Ә) шіркін –ай
Б) әйтеуір
4. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді жазыңдар.
... а...арман
А) қ, һ
Ә) т, к
Б) ш, х
5. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті жазыңдар:
...абрика
А) ф
Ә) п
Б) т
6. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті жазыңдар:
...емодан
А) ч
Ә) ш
Б) щ
7. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті жазыңдар:
...леватор
А) э
Ә) е
Б) а
8. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті жазыңдар:
...иркуль
А) с
Ә) ц
Б) щ
9. Әдепті бала қандай:
А) тәртіпті,тәрбиелі
Ә) ұқыпты, сөзшең
Б) үздік оқушы, шыншыл
10. Сөйлемді аяқтаңдар:
Әдепті бала ата-анасын ....
А) ойнатар
Ә) мақтатар
Б) сөйлетер
Қалыптастырушы бағалау
Оқушылардың әр тапсырманы орындау барысындағы жетістіктерін мадақтауға назар аудару. Әр тапсырмадан кейін бағалау дескрипторына оқушы жауаптарының сәйкестігін оқушылармен бірге анықтау арқылы бағалаудың әділдігін қамтамасыз етуге көңіл бөлу керек.
Оқушылар қолдау қажет ететін мәселелер бойынша дер кезінде көмек ұйымдастыру тиімді болатыны туралы ойлану. Оқушының оқу мақсатын орындауына тиімді шараларды жоспарлау. Көмек қажет еткен оқушылармен жеке жұмыс жүргізу.
Өзін өзі бағалау кестесі
Бағалау критерийлері | Қолымнан келеді | Көмек қажет етемін |
мәтін мазмұны бойынша сұраққа жауап беремін. | ||
жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетемін, мәтіннің тақырыбын ондағы негізгі ойды анықтай аламын | ||
х, һ әріптері бар сөздерді ажырата аламын | ||
Жоспар мен тірек сөздерді пайдаланып, әңгіме құрастырамын |
Қосымша сілтемелер:
- Қазақ тілі. Оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында). Бастауыш білім беру (2-4 сыныптар)
- «Назарбаев Зияткерлік Мектептері »ДББҰ. Қазақ тілі.Оқу жоспары.2018-2019 оқу жылы. 3-сынып.
- «Қазақ тілі» оқулығы 3-сынып. Жұмабаева Ә.Е., Алматы «Атамұра», 2018 ж
- Интернет материалдары
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?