2. Қазақ тілі_3-сынып_2-бөлім_Жақсыдан үйрен,жаманнан жирен_№33 сабақ_Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім_ Презентация
Қазақ тілі
3-сыныпЖақсыдан үйрен, жаманнан жирен №33 сабақ“Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім?”(Ә.Е.Жұмабаева, Г.И.Уайсова, Г.Т.Сәдуақас. Қазақ тілі. Алматы: Атамұра, 2018.) Құрастырған: Ршымбетова Г.А.Жүректен жүрекке
Оқушылар шеңбер құрып, хормен айту:
Даламдай кең пейілім. (Құшақтарын ашады)
Жүрегім толы мейірім. (Жүрек тұсын қолдарымен ұстайды)
Мен үшін жоқ уағың, (Қолдарымен кіші дегенді көрсетеді)
Бәріңе ортақ шуағым. (Екі қолдарын көтереді)
Сөзді жалғастыру
Ойын жүргізуші қандай да бір сөзді ұсынады. Балалар кезек-кезек оның соңғы әрпінен басталатын сөз айтады. Мысалы: халық – қала – алау – уылдырық –қаһарман – нарық – қобыз – заһар – раушан т.б.
Сөздер қайталанбауы керек, таба алмаған оқушы ойыннан шығады. Соңғы оқушы жеңімпаз болады.
Оқу мақсаты
тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру;
х, һ әріптері бар сөздерді ажыратып жазу;
жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету;
тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау.
Бағалау критерийлері
мәтін мазмұны бойынша ашық және жабық сұрақтарға жауап бере алады;
- сөзді орфоэпиялық нормаға сай айтып, сөз құрамында дыбыстарды ажыратып, сауатты жазады;
мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзете алады;
-тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрай алады;
1-тапсырма
1. Мәтінді мұқият тыңда. Мәтіннің не туралы екенін анықта, өз ойыңмен бөліс.
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер
Мәтін кім туралы?
Хиуаз Доспанова кім? Ол туралы не білесің?
«Халық қаһарманы» дегенді қалай түсінесің?
Сенің ойыңша, «Халық қаһармандары» кім?
Хиуаз Доспанова туралы қосымша мәлімет
Хиуаз Доспанова ұшқыш. Ол ерлігі үшін 2004 жылы көзінің тірісінде, "Халык қаһарманы" атағын алған. Хиуаз Алматының ортасында тұрған. 2010 жылы Атырауда ұшқышқа ескерткіш ашылған, Алматыда оның атымен аталған көше пайда болды. Атыраудағы спорт сарайы да Хиуаз Доспанованың есімін алған. Ол жайлы "Хиуаз Доспанова. Рахмет айтып үлгеру" атты деректі фильмі түсірілді. 60-жылдары Хиуаз Доспанова "Соғыс туралы естелік" кітабын жазған.
Тапсырма
Мәтіннен х, һ әріптері бар сөздерді табу, дыбыстық талдау жасау. Жіберілген қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету.
2-тапсырма
Оқулықта берілген жағдаяттық тапсырманы оқы. Хабарландыруды сөздерді тиісті орнына қою арқылы қайта құрастырып жаз. Тыныс белгілерін қой.
білесің бе Сен
тұңғыш кім ұшқыш қазақ қызы
туралы келе ме білгің ол
кітапханаға кел онда
Жазған жұмысын өзара тексеру
Сөздер тиісті орнына қойған ба?
Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтаған ба?
Пунктуациялық нормалар сақталған ба?
Қате кездесе ме?
Жауап
Сен білесің бе?
Тұңғыш ұшқыш қазақ қызы кім?
Ол туралы білгің келе ме?
Онда кітапханаға кел.
Өзара бағалау. 2 тілек, 1 ұсыныс.
Бір-бірінің жұмысын бағалау
2 жақсы жағы мен 1 ұсыныс білдіруМысалы: Сөйлемдерді тиісті орнына қоя алдың;
Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтадың.
Ұсыныс:
Орфографиялық қатемен жұмыс жасау керек.
Ой сергек!
Көп отырып шаршадық,
Қозғалуды аңсадық.
Жүгiргiмiз келедi,
Әдемiлеп ән салып.
Тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша сұхбаттасу
3-тапсырма
Диалогке түспес бұрын тақырып бойынша сұрақтарын дайындап алу.
Сәлемдесу.
Сөйлеу мәдениетін сақтау.
Сыпайы сөздерді пайдалану.
Сұрақ үлгісі
- Сіздің ойыңша, цирк дегеніміз не?
- Қандай мәдениет орындарын білесіз?
- Цирк керек емес, дегенге не айтар едіңіз?
- Әңгімеңізге көп рахмет, сау болыңыз!
Тірек сөздер арқылы мәтін құрау
Цирк, көшпелі, акробат, тұрақты, шабандоз, сайқымазақ.
3-тапсырма Жазылым
Өздік диктант
…исса, …арауыл, …ат, …атық, жи…ангер, қа…арман, …алық, …абарландыру, …анзада, жи…аз, Гау…ар, Жау…ар, ша…ар, …орған.
Көп нүктенің орнына тиісті қ, х, һ әріптерін қойып жазу.
Жазған жұмыстарын өзара қарындашпен тексеру
Көп нүктенің орнына тиісті қ, х, һ әріптерін дұрыс қойды ма?
Сауатты жазды ма?
Бағалау дескрипторы
көп нүктенің орнына тиісті қ, х, һ әріптерін қоя алады;
сауатты жазады;
- Тез жазуға дағдыланады;
Тесттік жұмыс
Тақырып бойынша оқушылардың игерген білімдеріне рефлексия жасату мақсатында тестік жұмыс орындау. Оқушылар дәптерде берілген тапсырманы оқиды. Дұрыс жауаптардың бірін белгілейді.
Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді жазады.
Өзін өзі бағалау кестесі
Үйге:
3- тапсырма, 69-бет. Тілші ретінде көрерменге қоятын сұхбат сұрақтарын дайындап келу.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?