4.Қазақ тілі_3-сынып_2-бөлім_Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен_БЖБ_Әдістемелік нұсқау


 Мұғалімге әдістемелік нұсқау

Бөлім: «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»

Сабақ тақырыбы: «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау. (БЖБ)

Сөйлеу әрекетінің түрлері: Оқылым. Жазылым.

Сабақ мақсаттары

3.2.3.1 Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру

3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау

3.3.1.1* Жоспар, сызбаны қолдана отырып, тірек сөздер арқылы әңгімелеу мәтінін, салыстыра сипаттау мәтінін, көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін құрап жазу

Бағалау критерийі:

- Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және жауап береді;

- Мәтіндегі негізгі ойды анықтай алады;

- Тірек сөздер қолданып, әңгімелеу мәтінін құрап жаза алады.

Ресурстар: Сұрақтар және тапсырма жазылған үлестірме қағаздар т.б.

Қауіпсіздік және денсаулық сақтау жағдайын назарда ұстап оқушылардың сынып ішінде қозғалысын ұйымдастыру қажет. Оқушылардың оқу әрекетінің түрін жүйелі алмастырып, шаршамауын қадағалау керек.

Сабаққа қатысты ескертпелер

 Сынып оқушыларымен бірге талқылау ұйымдастыру. Оқушылардың еркін пікірін білдіруіне қолайлы жағдай жасау.

 «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» тақырыбын оқып аяқтадық. Өздеріңнің бойыңда қандай қасиеттеріңді дамытқыларың келеді? Айналадағы жағдаяттарға пікір білдіруде әділ болу қолыңнан келеді ме? Ендеше мына суретке назар аударыңдар.

- Суретті көргенде қандай сезімде болдың?

- Бұл сурет туралы не білгің келеді?

- Осы сурет саған қандай ой салды?

Бөлім бойынша алған білім, игерген оқу дағдыларымызды байқау мақсатында жиынтық бағалау орындаймыз.

Оқу мақсаттары мен тапсырманы орындау ережесі таныстырылады.

Егер БЖБ тапсырмасын интерактивті тақтадан көрсету мүмкіндігі болса, оқушылар жұмысты дәптерлерінде орындауына болады. Тапсырманы қағаз бетіне басып шығару орнына алдын ала тақтаға жазып қою мүмкіндігін де қарастыруға болады.

Бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын оқушылар өз бетінше орындайды.

Ойлау дағдыларының деңгейі: қолдану

Орындау уақыты: 20 минут

Қосымша №2

1-тапсырма. Мәтінді оқы.

  • Суға батып бара жатқан адамға неліктен ешкім көмек бермеді?

 А. Ол өтірік айтып жатыр деп ойлады.

 Ә. Ол үнемі шындықты айтады деп ойлады.

 Б. Оның сөзіне барлық адам сенеді.

  • Ертегі мазмұны бойынша сұрақ құрастырып жаз

1.________________________________________________

  • Ертегіден өзіңе қандай ой түйдің?

______________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

2-тапсырма. Тірек сөздерді қолданып, ертегіні қалай аяқтар едің?

Тірек сөздер: құтқарды, түсінді, шындық, қуанды.

Өзеннің қатты ағысымен суға батып бара жатып: «Суға батып барамын, көмектесіңдер! Құтқарыңдар!» деп айқайлайды . ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Оқушылардың өз жұмыстарын қайта оқып, тексеріп шығуына уақыт беру.

Өз-өзіңді тексер

- Сөйлемдер түсінікті құрастырылған ба?

- Мәтіндегі сөйлемдердің өзара мағыналық байланысы сақталған ба?

- Сөйлемнің емлесі сақталған ба?

- Cөздердің қатесіз жазылуын тексер.

«Сұрақтар ілмегі» әдісі бойынша алдыңғы білім пысықталады. Бөлім бойынша өткен негізгі оқу мақсттары қайталанып, еске түсіріледі.

- Дауыссыз дыбыстарды ата.

- Э дыбысы қандай сөздерде кездеседі?

- Ч-щ дыбыстары қандай дыбыс түріне жатады?

- Өзге тілден енген қандай сөздерді білесіңдер?

Жауаптары дайын болған оқушылар бірінен соң бірі кезегімен жауап береді.

(Ө. Қ) «1 минуттық жазу» өзге тілден енген сөздерді сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылады. Өз бетінше 1 минут ішінде сөздер қатарын жазып шығу тапсрырылады. Сөз санын белгілеп, шағын топта идея алмасады. Сөздерін толықтырады. Өзара сауатты жазылуын тексереді.

Оқушыдлардың БЖБ жиналып алынады.

Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтайды

Мәтін бойынша пікір білдіруге арналған сұрақтарға жауап береді

1

мәтінінң мазмұны бойынша сұраққа жауап береді

мәтіннің мазмұны бойынша піікр білдіруге бағытталған сұрақ құрастырады;

мәтіннің негізгі ойына қатысты өзіндік қортынды жасайды;

1

1

1

Тірек сөздер арқылы әңгімелеу мәтінін жазады

2

Тірек сөздерді қолданып, әңгімелеу мәтінін жалғастырып жазады;

сөйлемдердің өзара мағыналық байланысын сақтайды;

сөйлем құрылысын сақтап жазады.

сөйлемнің емлесін сақтап жазады;

сөздерді қатесіз жазады

1

1

1

1

1

Барлығы

8

 Оқушылардың әр тапсырманы орындауы тексеріледі. Дескрипторға сәйкес ұпай беріледі.

«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні ____________________________________________

Бағалау критерийі

Тапсырма

Төмен

Оқу жетістіктерінің деңгейі

Орта

Жоғары

Мәтін бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және жауап береді

1

1

Мәтін бойынша сұраққа жауап беруде қиналады.

Мәтін бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыруда қиналады.

Мәтін бойынша сұраққа жауап беруді кемшіліктер жібереді.

Мәтін бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыруда кемшіліктер жібереді.

Мәтін бойынша сұраққа жауап береді.

Мәтін бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады.

Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды

1

Мәтінге тақырып қою және өзіндік қорытынды жасап негіздеуге қиналады.

Мәтінге тақырып қояды және өзіндік қорытынды жасап негіздеуде ойын толық жеткізуге қиналады.

Мәтінге тақырып қояды және өзіндік қорытынды жасап негіздейді

Тірек сөздер арқылы әңгімелеу мәтінін жазады

2

Тірек сөздерді қолданып, әңгімелеу мәтінін жазуда қиналады.

Тірек сөздерді қолданып әңгімелеу мәтінін жалғастырып жазуда

сөйлемдердің мағыналық байланысын/ сөйлемнің құрылымын сақтауда қателіктер жібереді..

Тірек сөздерді қолданып әңгімелеу мәтінін жалғастырып жазады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу