Қазақ тілі және әдебиеті_ 3 сынып _1-бөлім Тірі табиғат_ Хат жазу _Қысқамерзімді жоспар
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар 1-бөлім: Тірі табиғат Күні: | Мектеп: Көкшетау қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі Мұғалімнің аты-жөні : Шамиганова Р.М. | |||||
Сынып: 3 «В» | Қатысқандар:18 Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Хат жазу | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.3.4.1 оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша тірек сөздерді пайдалана отырып мазмұндама жазу | |||||
Сабақ мақсаттары | Тірек сөздерді пайдалана отырып мазмұндама жазу. | |||||
Бағалау критерийлері | Мазмұндама жаза алады. | |||||
Сөздік қор | Хат, амандық, халін, туыстық. | |||||
Құндылықтарды дарыту | қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеу. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану, матем. | |||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Тірі ағзаларды зерттейміз. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 5мин | І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық Біз балдырған баламыз, Құстай қанат қағамыз. Дүниені аралап, Оқып білім аламыз.«Сиқырлы қорапша» ойыны. Сөйлем дегеніміз не? Сөйлем соңында қандай белгілер қойылады? Сөйлемдегі сөздердің байланысын білу үшін не істеу керек? Сөйлемнің қандай мүшелері бар? Бастауыш дегеніміз не? Баяндауыш дегеніміз не? ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау. | Музыка, видео | ||||
Сабақтың ортасы -3мин 2мин 7 мин 3мин 5мин 8мин 2мин | Қызығушылықты ояту. -Балалар, мына суретте нелерді көріп тұрсыңдар? -Оқушылар, бүгін бізге орман құстарынан хат келді.Оны ашып көрейік? Хатты оқу. -Оқушылар бізге сендердің көмектерің керек. Ормандағы барлық құстар орман емшісі мазамызды алды деп, қуып жіберген болатын. Енді ормандағы ағаштардың барлығы құрттап,қурап барады. Не істеуге болады? Бізге ақыл айтындаршы. Бұл хат туралы не айта аласыңдар? -Орман емшісі деп қандай құсты айтамыз? -Неліктен оны солай атайды? Ондай болса, тоқылдақ туралы мәтін оқиық. Мәтінмен жұмыс. Тоқылдақ ағаш діңінде отыр.Ол тұмсығымен діңді тоқылдатады.Ағаш қабығында құрттар, көбелектер, қоңыздар бар.Тоқылдақ сол зиянды жәндіктермен қоректенеді.Олардың жерге түскенін ұсақ құстар теріп жейді.Сондықтан тоқылдақ орман емшісі деп есептеледі.
Түсініксіз сөздерді атап, жазайық. Сөздікпен жұмыс: Тірек сөздерді пайдалана отырып мазмұндама жазу Дәптермен жұмыс.Көркем жазу минуты. Тт тоқылдақ Жоспар:
Тірек сөздер: тоқылдақ, ағаш діңі, орман емшісі,тұмсығымен тоқылдату, зиянды жәндіктер,қоректенеді қоңыздар, көбелектер, құрттар. Қорытынды жасау.Тоқылдақ қандай құс? Ол туралы не білдіңдер? Келесі сабақта тоқылдақ жайында қосымша ақпарат жазып келу. | |||||
Сабақтың соңы-5мин | «Сөйлемді аяқта» Мен бүгін сабақта ..... білдім. Мен .... жаза аламын. Мазмұндама жазуда .................................. көңіл бөлу керек. | карточкалар | ||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
қажетті сөздерді таңдай отырып, еркін мазмұндама жазуын бағалау. | Бір-бірін тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау. | |||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | ||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?