Қазақ тілі_1 бөлім Тірі табиғат_Тақырыбы Хат жазу_ қмж
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1-бөлім: Тірі табиғат Күні: 1 тоқсан | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні : | |||||
Сынып: 3 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Хат жазу | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.2.10.1 мұғалімнің көмегімен ұқсас тақырыпта берілген мәтін түрлерін, стилін салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу | |||||
Сабақ мақсаттары | Мәтіннің түрлерін тиісті құрылымға сәйкес жазады. Мұғалімнің көмегімен әдеби және әдеби емес мәтіндерді жетілдіреді, түзетеді | |||||
Бағалау критерийлері | Қажетті сөздерді таңдай отырып, шағын мәтіндерге мұғалімнің көмегімен немесе өздігінен түзету енгізе алады. | |||||
Сөздік қор | Хат, тіршілік иелері, айнала, табиғат | |||||
Құндылықтарды дарыту | қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік; | |||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану, матем. | |||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Тірі ағзаларды зерттейміз | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы | І. Ұйымдастыру кезеңі. Алау болып жанамыз, Құлыншақ боп шабамыз. Бүгінгі сабақта біз, Жаңа білім аламыз. ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау. «Полюс» ойыны Егер айтқан пікір жалған болса- оңтүстік, ақиқат болса- солтүстікке барады.
Соңғы сөйлемде не жайлы айтылған. Оқушылар сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашады. | Презентация | ||||
Сабақтың ортасы | ІҮ. Негізгі бөлім Ой шақыру.
Топтық жұмыс:
Тақтада бірнеше хат түрлері беріледі. Оқушылар оларды оқып, қатесін табады. Хаттың бірінші нұсқасы. Сәлем, Айгүл! Мен сенің хатыңды алдым. Сенің хатың өте қызықты болды. Жақында мен өте қызықты кітап оқыдым. Менің сүйікті жануарым – жылқы. Сен менің туған күніме келесің бе? Сен сабақты жақсы оқисың ба? Мен жақсы оқимын. Сау бол! Сенің досың, Жанар. Хаттың екінші нұсқасы. Анашым, бүгін сенің туған күнің. Мен сені шын жүректен құттықтаймын. Сен қашан келесің? Маған сыйлық алдың ба? Кеше мен сабаққа кешігіп бардым. Ұйықтап калыппын.Тез кел, күтемін. Балаң Жарас Хаттың үшінші түрі Құрметті құмырсқа! Саған хат жазып отырған 3-сынып оқушысы Қайрат. Мен сенің еңбекқорлығыңа өте қызығамын. Сендер қашан демаласыңдар? Мен де еңбек етемін. Бірақ тез шаршап қаламын. Маған шаршамаудың жолын айтшы. Мен сенен көп нәрсені үйренемін. Бірлік, татулық, еңбекқорлықты үйренемін. Хат жазушы 3-сынып оқушысы Қайрат. (Т) Оқушылар топ ішінде қай хат дұрыс жазылғанын анықтайды. Неліктен? Өз ойларын барлығына айтады. -Қай хаттарда тіршілік иелері туралы айтылған? Тіршілік иелерін дәптерлеріне тізбектеп жазу. Оқушылар өздеріне ұнайтын бір тіршілік иесін алып, хат жазады. Жұмысты бастамас бұрын,дескрипторлар хабарланады. Дескрипторлар:
Бірнеше баладан хаттарын тыңдау. Оқушылар дескрипторларға сүйене отырып, жұмыстарды бағалайды. | |||||
Сабақтың соңы | «Сөйлемді аяқта» Мен бүгін сабақта ..... білдім. Мен .... жаза аламын. Хат жазуда .................................. көңіл бөлу керек. | карточкалар | ||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Қабілеті төмен оқушыларға хат жазу барысында тірек сөздер беріледі. | Қажетті сөздерді таңдай отырып, шағын мәтіндерге мұғалімнің көмегімен еркін хат жазуын бағалау. | Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау. | ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | ||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?