4.Қазақ тілі_3-сынып_1-бөлім_Жанды табиғат_Өмір кезеңдері туралы мәтіндер оқу_Мұғалімге арналған нұсқаулық
Жұмыс парағы №1.
Мәтін түрлерін пысықтау жаттығуы
Топтарға арналған мәтін үлгілері
1-топ Тасбақа
Тасбақалар бауырымен жорғалаушылар отрядына жатады. Тасбақаның құрлық тасбақасы, дала тасбақасы, су тасбақасы сияқты түрлері бар. Қазақстанда дала тасбақасының түрлері көп кездеседі.
Тасбақалар ыстық шөлді жерлерді, тау беткейлері, өзен, көл, батпақ, елді мекендер маңын мекендейді. Ауа райы суық болғанда, құрғақшылық кезінде қысқы, кейбір кезде жаздық ұйқыға кетеді.
Тасбақалардың денесі мүйізді сауытпен қапталған. Сауыттың астына басы, мойны, аяқтары шығып тұрады. Егер қауіп төніп тұрған кезде басын, қол-аяғын сауыттың ішіне жиып алады.
Тасбақа нашар естігенмен, иіс сезу, көру мүшелері жақсы дамыған. Оның тістері жоқ. Иегінде мүйізді қабыршақтары бар.
Дала тасбақалары өсімдікпен қоректенеді.
2-топ Қолтырауын
Қолтырауын құрылысы күрделі жануарлардың бірі. Олардың денесі ұзын және жалпақ. Қолтырауынның еті, майы және терісін пайдалану үшін халық аулайды.
Өйткені Африка, Латын Америкасы, Оңтүстік Шығыс Азия халықтары ежелден қолтырауын етін жейді. Оның майынан әтір мен кремдерге қосады. Ал терісінен түрлі қол сумкалары мен аяқ киімдер жасайды. Терілері қалың болған соң, одан жасалған өнімдер де мықты болады.
3-топ Кірпі
Жаздың шуақты күндерінің бірі еді. Алмас пен Марат орманға серуендеуге барды. Орман ішінде құстардың сайраған үндерін тыңдады. Бүлдірген терді. Орманды армансыз аралған олар ағаш діңіне дем алуға отырды. Кенет, Алмас аяғының астындағы шөптің жыбырлағанын байқады.
Үңіле қарған ол шөптің астынан кірпіні байқады. «Марат, кірпіні қара», - деп, досын шақырды. Кірпіні қолына алған Алмас салмағының жеңіл екенін сезді. Оның тұрқы 20 см-дей екен. Кірпінің тікенегінен сипаған Алмастың қытығы келді. Ал кірпі болса, жиырылып, домалана қалды.
Кірпілер және олардың көлбақа, жыландармен қоректенетіні туралы әңгімелескен екеуі үйге көңілді қайтты.
1-топ (сипаттау) | 2-топ (пайымдау) | 3-топ (әңгімелеу) |
Тақырыбы: Тасбақа Жоспар: 1. Тасбақа түрлері 2. Тасбақа мекені 3. Тасбақаның сипаттамасы 4. Дала тасбақасының қорегі Тірек сөздер: тасбақа, түрлері, сауыт, ұйқы, қоректенеді. | Тақырыбы: Қолтырауын Жоспар: 1. Қолтырауын құрылысы 2. Қолтырауынның сипаттамасы 3. Қолтырауынның пайдасы Тірек сөздер: қолтырауын, ет, сүт, май, пайдасы. | Тақырыбы: Кірпі Жоспар: 1. Орманға серуен 2. Кірпінің пайда болуы 3. Кірпінің сипаттамасы 4. Үйге қайту Тірек сөздер: кірпі, тікенек, тұрқы, салмағы, қоректенеді. |
Жұмыс парағы №2
Уылдырық | Дернәсіл | Итшабақ | Құрбақа |
Бақалар көктемде оны су қоймасына шашады. Ол желбезек арқылы суда тыныс алады.Олар 50 күндей дамып, ұзындығы 30 -32 мм-ге жетеді. Олардың терісі бұдырлы, мүйізді.
Қосымша №2
Құрбақа – құйрықсыз қосмекенділер отрядының бір тұқымдасы.Антарктидадан басқа жерге кең тараған.
Олардың 300-дей түрі белгілі. Қазақстанда кәдімгі, және даната құрбақасы кездеседі.Кәдімгі құрбақаның терісі бұдырлы, мүйізді. Ол құрлықта тіршілік етуге бейімделген, ал денесінің ұзындығы 20 см.
Жасыл құрбақаның денесінің ұзындығы 14 см-дей, орманды-далалы алқаптарда, биік тауларда және шөлді жерлердегі өзен, көл, тоғандарды мекендейді.
Құрбақалар денесі кеппеу үшін, күндіз орманда, тышқандардың індерінде, ағаштардың тамырының астына жасырынады, қорегін түнде аулайды.
Құрбақалар бірігіп, су қоймаларының немесе тастардың түбінде, кеміргіш жануарлардың індерінде күзден бастап қысқы ұйқыға кетеді. Олар «ква-ква»,- деген қатты дыбыс шығарып «әндетеді».
Бақалар көктемде су қоймасына уылдырығын шаша бастайды. Итшабақ 50 күндей дамып, ұзындығы 30 -32 мм-ге жетеді.Дернәсілдері желбезек арқылы суда тыныс алады.
Бақалар суда жүргенде терісі арқылы тыныс алады. Құрбақалар өскенге дейін төрт рет түлейді. Терілері аяқтарынан бастап түседі, терілері толық түсіп біткен кезде жеп қояды.
Адамдар, құстар, жыландар, жабайы шошқалар құрбақалардың жауы.
Құрбақа өрмекші, жұлдызқұрт, шырышты ұлу, қоңыз, қандала, басқа да бау-бақша зиянкестерімен қоректенеді. Олар зиянды жәндіктермен қоректеніп, ауыл шаруашылығына пайда келтіреді.
Уикипедия – ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
https://kk.wikipedia.org/wiki/Құрбақалар
Жұмыс парағы №3
1-деңгей
1. Құрбақаны сипатта.
2. Құрбақа немен қоректенеді?
2-деңгей
1. Мәтінді бөліктерге бөл.
2. Мәтін бөліктеріне ат қой.
3-деңгей
1. Оқыған мәтіндегі ақпаратты сызба түрінде көрсет.
Жұмыс парағы №4
- Құрбақалар қай жерлерді мекендейді?
- Құрбақалар қалай, немен қоректенеді?
- Құрбақаның қысқы өмірін суретте.
- Құрбақалардың қандай пайдасы бар?
- Құрбақалар қай жерлерді мекендейді?
- Қазақстанда құрбақаның қандай түрлері кездеседі?
- Құрбақалар қалай, немен қоректенеді?
- Құрбақаның қысқы өмірін суретте.
- Құрбақалар қалай түлейді?
- Құрбақалардың қандай пайдасы бар?
Жұмыс парағы №5
1.Мәтіннен басты тірек сөздерді тап.
А) итшабақ, құрбақа, дернәсіл, уылдырық
В) көктем, қыс, мұз
С) өрмекші, құмырсқа, түлеу
Д) желбезек, қыркүйек, қазан
2.Мәтінде жауабы бар сұрақты тап.
А) Құрбақаның басы қандай?
В) Құрбақаның терісі несімен пайдалы?
С) Ересек құрбақа немен тыныс алады?
Д) Құрбақада неше аяқ болады?
3. Мәтінге сәйкес нұсқаны анықта.
А) Қазақстанда құрбақаның үш түрі кездеседі.
В) Құрбақалар шөппен қоректенеді.
С) Бірнеше құрбақа бірігіп өмір сүреді.
Д) Құрбақа Антарктидада кездеседі.
4. Мәтінге сәйкес ақпаратты белгіле.
А) Құрбақа күн сайын он-он бес минуттей ғана қоректенеді.
В) Итшабақ 50 күндей дамып, ұзындығы 30 -32 мм-ге жетеді.
С) Құрбақаның денесінде бұлшық ет жоқ.
Д) Құрбақа тек салқын жерді мекендейді.
5. Мәтінге сәйкес тақырып таңда.
А) Құрбақалар өмірі.
В) Жасыл құрбақа
С) Құрбақаның емдік қасиеттері
Д) Құрбақаның пайдасы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?