4.Қазақ тілі_3-сынып_1-бөлім_Жанды табиғат_Қаратпа сөздер_Әдістемелік нұсқау
Мұғалімге әдістемелік нұсқау
Сабақ тақырыбы: Қаратпа сөздер (Жанды табиғат туралы мәтін құрастырамын тақырыпшасы).
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме):
- 3.1.4.1 тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау
- 3.2.1.1 тірек сөздер, көмекші сөздер арқылы (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) мәтін түрлерін және құрылымдық бөліктерін анықтау
- 3.3.7.1* қаратпа сөздерді ажырату және тыныс белгілерін дұрыс қою..
2. Қауіпсіздік және денсаулық сақтау нұсқаулығы, оқушыларға қолайлы ортаны қалай ұйымдастырылады
Шаттық шеңберінде тұрып бір-біріне сәттілік тілеу, психологиялық жағымды ахуал орнату.
Қауіпсіздік ережелерін таныстыру.
Сабақта оқушыларды жалықтырып алмас үшін және денсаулығын сақтау мақсатында сергіту сәтін ұйымдастыру.
Сергіту сәті. «Көңілді күн?»
3 . Сабаққа қажетті теориялық материалдар: ереже, анықтамалар, түсіндірмелі сөздік, т.с.с.
Тілде біреудің назарын аудару үшін қолданылатын сөздер болады. Ондай сөздерді қаратпа сөздер дейді. Ол сөйлемнің басында, ортасында, аяғында келеді.
(Бірнеше мысалдар келтіру. Мысалы:
1. Балалар, сабақтарыңды оқыңдар.
2. Сабақтарыңды, балалар, оқыңдар.
3. Сабақтарыңды оқыңдар, балалар.)
- Мәтін бойынша да, мысал келтіру 1. Балам-ау, мұның не? Ағашты жарақаттадың ғой, енді ол жылайтын болды?
- 2. Мұның не, балам-ау, ағашты жарақаттадың ғой, енді ол жылайтын болды?
- 3. Мұның не? Ағашты жарақаттадың ғой, енді ол жылайтын болды ғой, балам-ау?
МК: Балам-ау деген сөздің орнын құлыным-ау, Нұржан-ау, күнім-ау т.с.с. сөздермен ауыстырып айтуға болады.
- Кәне, айтып көрейікші? Құлыным-ау, мұның не? Ағашты жарақаттадың ғой, енді ол жылайтын болды?
4. Әдіс-тәсілдерді ұйымдастырудың егжей-тегжейлі нұсқаулығы
Оқушылардың тыңдалым дағдыларын дамыту, тірек сөздер арқылы мәтін түрлерін ажырату, мәтін мазмұны бойынша сұраққа жауап беруге, өз ойын ортаға сала білуге дағдыландыру.
Тыңдалым барысында тірек сөздерді тауып, мәтін түрін анықтау.
«Сұрақ ілмегі» әдісі
Мақсаты: Оқушылардың ойын ашық білдіруге дағдыландыру
Тиімділігі: Оқушы сабақтың қай бөлігін немесе тақырыпты түсінбегенін болмаса сабақ төңірегінде ойландырып жүрген сұрақтарын ашық айтады.
Қолданылуы: Бұл әдісті жазбаша немесе ауызша өткізуге болады. Сұрақ қою арқылы баланың сабақты қалай меңгергенін немесе меңгермеген жерлерін білуге болады. Керісінше бала өз ойын ашық жазып, іліп кетуіне болады. Түрткі болу, сынақтан өткізу немесе қайта бағыттау техникаларын пайдаланады.
«Кезбе тілші» әдісі
Мақсаты: Оқушылардың ойын ашық білдіруіне, жылдамдыққа дағыландыру.
Қолданылуы : Әр топтан бір оқушы тілші ретінде сұрақ қойып, жауаптарын жазып, қайта өңдеп, дұрысын айтады.
«Дұрыс-бұрыс» әдісі жазба жұмыстарын тексеру
Мақсаты: бұл қаратпа сөз туралы білімдерін бекітіп, оқушылардың қаратпа сөздерді қолдануы мен түсініктерін тексеру тәсілі.
Қолданылуы: бұл тапсырманы орындауда қаратпа сөздердің қолданылуына зер салып, олардың орынды қолданылуын тексереді.
«Менің сөзім» әдісі
Мақсаты: оқушылардың сабақта алған білім, білігін бағалау.
Қолданылуы: сыныптан бір оқушы тұрып, оқу мақсаты бойынша критерийлерге негіздеп сабақтан бүгінгі үйренгендерін айтады. Айтып болған соң, басқа бір оқушының атын атайды. Сөзді сол оқушы жалғастырып, сабаққа рефлексия жасайды. Барлық оқушы сабақты қорытындылауға осы ретпен қатысады.
- Қосымша деңгейлік тапсырмалар, жағдаяттар, ықтимал жауаптар
(МК, Ө, Т, Қ) Суретпен жұмыс.
Жоспар мен суреттердің көмегімен «Жанды табиғат өлі табиғатқа айналуы мүмкін» тақырыбында әңгіме құрау.
Жоспарды жалғастыр.
- Жанды табиғаттың өлу себептер.
3.
Мысалы:
Табиғат жанды жансыз болып бөлінеді. Екеуі бір-бірімен тығыз байланысты. Тірі табиғат- тіршілік иелері. Олар тіршілік етеді, өседі, өледі, көбееді, дамиды, қоректенеді. Өсімдіктер қозғалыссыз көрінгенімен, өздеріне тән баяу қозғаласы бар. Жанды табиғат жансыз табиғаттан көбеюімен ерекшеленеді. Жанды табиғат өлі табиғатқа айналуы мүмкін. Өсімдіктің тіршілік мерзімі өсу және көбею.
Біріншіден өсу кезеңінде жапырақтары, сабақтары, тамырлары қалыптасып, көбееді, бұтақтанады, гүл мүшелері қалыптасады. түптенеді. Екіншіден өсімдік гүлденіп жемістенеді. Кейін өзгеріске ұшырап бірте- бірте өсуі тоқтайды, қурайды. қартайады, жойылады.....Сондықтан тірі табиғат өлі табиғатқа айналады.т.с.с
Саралау.
- Қабілетті оқушылар өз бетінше суретті пайдаланып жоспар құрайды, жоспар бойынша әңгімелей алады.
- Қолдауды қажетететін оқушыларға сурет бойынша алдын ала тірек сөздер жазылған кеспе қағаздар таратылады. (Жоспарды жалғастыру үшін жетелеуші сұрақтар қоюға болады қажет еткен жағдайда)
Сұрақтар:
(Ж, Ө, Қ) Сөйлемді жетілдір.
(сөз қосу (тыңдаушыға бағыттау, эмоция қосу), тыныс белгілерін қою, шашыраңқы берілген сөздерден сөйлем құрау)
Сөйлемді қаратпа сөздермен толықтыру.
- Жіберші, маған, көмектесіп.
- Ертегі, маған, айтып беріңізші.
- Өте, ертегі, айтыңызшы, көп.
4. Саяхатқа, сенбі күні, шығыңдар.
Ықтимал жауап:
- Маған көмектесіп жіберші, балам.
- Әже, маған ертегі айтып беріңізші.
- Әже, өте көп ертегі айтыңызшы.
- Оқушылар, сенбі күні саяхатқа шығыңдар.
.
Саралау.
- Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек көрсету. (ережені қайталап, мысал келтіру.)
- Қалыптастырушы бағалауға ұсыныстар:
Қалыптастырушы бағалау дескриторлары негізінде бағаланады.
Жеке жұмыс барысында қаратпа сөздерді қатыстырып сөйлем құрастыра алуын, тыныс белгілерін қоя алуы; берілген мәтін түрі және оның құрылымдық бөліктерін анықтай алуын, жоспар бойынша әңгімелеуін бағалау. Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек көрсету (ережені қайталап, мысал келтіру.)
Қабілеті жоғары оқушылар жеке жұмыста өз бетінше мәтін бөліктерін анықтап, жоспар құрайды.
Оқушылардың оқу мақсатын меңгеруін бақылау, жақсы жақтарын атап өту, қандай оқу мақсаттары бойынша іздену керектігін ескерту, қолдау қажет ететін оқушылардан топ құрап, оларға қарапайым тапсырмалар арқылы түсінік, дағды қалыптасуына көмек болатын жаттығулар әзірлеу.
7. Қосымша сілтемелер:
Бейнежазба /iMektep.kz/қаратпа сөздер
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?