4. Қазақ тілі_3 сынып_1-бөлім Жанды табиғат_№2 сабақ Тіл және сөйлеу_Әдістемелік нұсқау
Мұғалімге әдістемелік нұсқау
Бөлім: Тірі табиғат
Сабақ тақырыбы: Тіл және сөйлеу (2-сабақ)
Ресурстар: әріптер кассасы, сызба, таблицалар, түрлі түсті қарындаштар, А4 қағазы
Қауіпсіздік және денсаулық сақтау жағдайын назарда ұстап оқушылардың сынып ішінде қозғалысын ұйымдастыру қажет. Оқушылардың оқу әрекетінің түрін жүйелі алмастырып, шаршамауын қадағалау үшін сабақта («Айна» әдісі. Шығармашылық үзіліс «Көңілді алфавит» ойыны») ұйымдастырылады.
Сабаққа қажетті теориялық материалдар
- Орфографиялық сөздікпен жұмыс.
- Ақпараттық мәтін үлгісі.
Сабаққа қатысты ескертпелер
«Көңілді алфавит» ойыны
Оқушылардың білімді ой елегінен өткізіп, саралауға негізделген. Есте сақтау қабілетін дамытатын жаттығудың бірі. Жұпта өзара ақылдасып, ойларымен бөлісіп, шешім қабылдайды.
Оқушылар әрқайсысы алфавиттің бір-бір әрпін алып, сабақта оқыған материалдарынан өздеріне түскен әріпке сәйкес тақырыптарды айтып, тақырып туралы білімдерін ортаға салады. Мысалы, «Тіл, сөйлеу, ауыз екі сөйлеу, жазбаша сөйлеу, негізгі ой т б»
Көркем жазу
Кең жолды дәптерге жазу үлгісін көрсету. Дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу үлгісі тақтада көрсетіледі. Қолдауды қажет ететін оқушыларға дәптеріне үлгі көрсету, бастырып жазуға арналған материалдар ұсыну арқылы үйрету.
Кестемен жұмыс
Жаттығу жұмыстары арқылы сөйлеудің қай түрі жүзеге асырылғанын анықтатып, дәлелдеулер жасатылады.
1. Кестеге сөйлеу түрі мен оған сәйкес тапсырма тұсына «+» таңбасын қояды.
2. Жұмыстарын топта жариялап оқиды.
3. Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы сабаққа қызығушылығы артады.
4. Қате жауап кездескен жағдайда нақтылау сұрағы қойылады.
«Айна» әдісі
Оқушылардың ым, дене қимылы арқылы ширату жаттығуларын орындай отырып, дене сергітуіне көңіл бөлінеді.
Оқушылар жұптасып, бір-біріне қарама-қарсы тұрады (немесе партада отырып та болады). Олардың біреуі қолдарымен, аяқтарымен, денесімен, бет-әлпетімен әртүрлі қимылдар жасайды, ал екінші оқушы оларды айна секілді қайталайды: оңды сол қылады, солды оң жасайды. Бір минуттан кейін оқушылар рөлдерімен алмасады.
Тыңдалым мәтінімен жұмыстың ерекшелігі оқушылардың тыңдалым дағдыларын дамыту, қажетті ақпаратты қабылдау. Өз ойын ортаға сала білуге дағдыландыру.
1. «Тіл- қарым-қатынас құралы» тақырыбындағы мәтінді тыңдау.
2. Тыңдаған ақпараттың мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған ашық және жабық сұрақтар құрастыру және жауап беру. Мысалы:
- Ауызекі сөйлеу қалай жүзеге асады?
- Жазбаша сөйлеудің қандай тиімділігі болуы мүмкін?
- Екеуінің ерекшеліктері қандай?
- Қай сөйлеу түрі бұрын пайда болған деп ойлайсың? Неліктен?
- Ерте кез бен қазіргі кездегі сөйлеу түрлері туралы қандай ой қоырытындысын жасауға болады?
3. Топта идея алмасу, құраған сұрақтар қатарын толықтыру.
4. Ауызекі сөйлеу мен жазбаша сөйлеудің ерекшеліктерін біледі;
5. Мәтінге жоспар құрады; Мысалы:
Жоспар
1. Ауызекі сөйлеу түрі
2. Жазбаша сөйлеу түрі
3. Ерте кез бен қазіргі кездегі адамдардың хабарласуы
6. Шағын мазмұндама жазады;
Саралау
3-жаттығу
Оқушыларға мүмкіндігіне қарай белгіленген уақыт аралығында, яғни 3 минут ішінде тапсырманы орындауды ұсыну.
1. Ақпаратты ой елегінен өткізу.
2. Оларды сөйлеудің ауызша және жазбаша түрлеріне ажырату.
Шығармашылық үзіліс.
Шығармашылық үзіліс «Бәрімізге бір сөйлем» әдісі арқылы жүзеге асады. Бұл әдістің шарты қол көтеріп,тақтаға шыққан оқушы бір сөз жазады. Осылайша оқушылар ретімен шығып алдымен сөз, содан кейін сөйлем құрап жазады. Мысалы: Алма апасына хат жазды. Басқа топтағы оқушылар сөйлемнің сөйлеудің қай түріне жататынын дәлелдеп айтады. (– Бұл жазбаша сөйлеу түріне жатады. Себебі, Алма хат жазды.)
Саралау
Оқушылардың ойлау және жазу жылдамдығын ескере отырып, тапсырманы орындау.
Қалыптастырушы бағалау
Оқушылардың әр тапсырманы орындау барысындағы жетістіктерін мадақтауға назар аударып отыру қажет. Оқушылар өзара бағалауды жүзеге асырады. Сызбадағы дескриптордың қайсысын таңдадың? Не себепті таңдадың? Қандай ұсыныс жасар едің?» сұрақтары арқылы, бағалаудың шынайы болуына көңіл бөліну керек.
Оқушыларға сабақ барысында қиындық тудырған мәселелер болса дер кезінде қолдау көрсетіп, бағытталған топпен жұмыс ұйымдастыру тиімді болатыны туралы ойланыңыз. Оқушының сабақтағы оқу мақсатын игеруіне тиімді шараларды жоспарлаңыз.
Бағалау критерийлері | Қолымнан келеді | Көмек қажет етемін |
Өз бетінше мәтіннің тақырыбын қоя аламын, негізгі ойды мұғалімнің көмегімен анықтаймын; | ||
Оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша мұғалімнің көмегімен жоспар құрамын, мазмұндама жаза аламын; | ||
Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырып, жауап беремін; | ||
Кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі, шапшаң жазамын. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?