1. Қазақ тілі_3 сынып_ 1-бөлім Жанды табиғат_№2- сабақ Тіл және сөйлеу_ ҚМЖ


Қысқа мерзімді жоспар

Пән:Қазақ тілі

Тыңдалым және айтылым:

Бөлім:Тірі табиғат

Сабақ тақырыбы: 2-сабақ.

Тіл және сөйлеу

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні :

Модератор Каирова К.

Күні:

Сынып: 3

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;

3.3.3.1 оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша мұғалімнің көмегімен жоспар құрып, мазмұндама жазу;-

3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;

3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету;

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • мәтіннің тақырыбын қоя алады, мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады;
  • мұғалімнің көмегімен оқып, тыңдаған материалдар бойынша жоспар құрады, мазмұндама жазады;
  • мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастыра алады,

пікір білдіруге бағытталған сұрақтарға жауап береді;

  • кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазады;

Оқушылардың көбі:

  • мәтіннің тақырыбын табады, мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады;
  • оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар

бойынша жоспар құрады, мазмұндама жазады;

  • мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады, оларға

жауап береді;

  • кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі қарқынмен жазады;

Оқушылардың кейбірі:

  • мәтіннің тақырыбын табады, өз бетінше негізгі ойды анықтай алады;
  • оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жоспар құрады, мазмұнын сауатты жазады;
  • мәтін мазмұнына сай сұрақтарды өз бетімен құрастырады және нақты тұжырыммен жауап береді;
  • кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазады;

Бағалау критерийлері

  • өз бетінше мәтіннің тақырыбын қояды, негізгі ойды мұғалімнің көмегімен анықтайды;
  • оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша мұғалімнің көмегімен жоспар құрады, мазмұндама жазады;
  • мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырып, жауап береді;
  • кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазады.

Тілдік мақсаттар

Пәндік сөздер

мәтін тақырыбы, негізгі ой, тілдік норма, көркем мәтін, жүйелі сөз, жоспар, мазмұндама, ашық және жабық сұрақтар

Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл:

Талқылау үшін сұрақтар:

Мұндай болжам жасауыңа не негіз болды?

Ерте кез бен қазіргі кездегі адамдардың хабарласу ерекшеліктері қандай? Салыстыра сипатта. (саралау)

Құндылықтарды дарыту

Табиғатқа қамқор болуға баулу;

Оқушыларды жанашырлыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу

Пәнаралық байланыстар

Жаратылыстану

Алдыңғы меңгерілген білім

Тіл және сөйлеу тақырыбына негізделіп меңгертіледі.

Адамдардың бір-біріне қарым-қатынасы сөйлеу арқылы жүзеге асатынын біледі.

Тілдің қарым-қатынас жасау құралы екенін түсінеді.

Сөйлеудің ауызекі және жазбаша түрге бөлінетінін және оларды ажырата біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

4 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі.

(Ұ) Ауызекі және жазбаша сөйлеу түрін салыстыру. Ой қорытындысын жасау. «Венн диаграммасы» әдісі.

3-слайд

Сабақтың негізгі бөлімі

4 минут

4 минут

5 минут

4 минут

10 минут

5 минут

ІІ. Негізгі бөлім

(МК, Ө) Көркем жазу.

Кең жолды дәптерде жазу машығын қалыптастыру. Әріп элементтері мен сөздер:

6-жаттығу Мұқият тыңда. Сөйлеу мәнері кімге тән екенін анықта.

(Т. Ж) 7-жаттығу Мәтінді тиісті дауыс ырғағымен оқы. Орфографиялық сөздікпен жұмыс ұйымдастырылады.

(Хал, салем хат, даңғыл) сөздерінің жазылуына назар аудартылады. Талдау жасалады.

Халдеріңіз қалай, ата, әже? Ауырмай, сырқамай жүрсіздер ме? Көкем жұмысын істеп жатыр ма? Бізде аман-саумыз...

Өтепберген Ақыпбекұлы

  • Хатты әрі қарай жалғастырып, жаз.

(МК. Т. Ж) 8-жаттығу

8-жаттығу. Тапсырмалар арқылы сөйлеудің қай түрі жүзеге асырылғанын анықтатып, дәлелдеулер жасатылады. Кестеге сөйлеу түрі мен оған сәйкес тапсырма тұсына «+» таңбасын қояды. Жұмыстарын топта жариялап оқиды.

Сөйлеу түрлері

6-жаттығу

7-жаттығу

1 тапсырма

ауызша

жазбаша

Бағалау дескрипторы:

- Берілген ақпарат бойынша рольге енеді;

- Сөйлеу мәнері кімге тән екенін табады;

- Хатты жалғастырып жазады;

- Сөйлеу түрлеріне ажыратады;

- Тілдік және этикалық нормаларды сақтап сөйлейді;

- Кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазады.

Сергіту сәті (Ұ, Ж, қ) «Айна» әдісі

Мақсаты:Оқушылардың ым, дене қимылы арқылы ширату жаттығуларын орындай отырып, сабаққа қызығушылығын аудару.

(Ө. Т, Ж, қ) Тыңдалым. Тіл- қарым-қатынас құралы

Мақсаты: Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырып, жауап береді. Дайындаған сұрақтарын топ алдында айтып, сұраққа жауап алады. Ақпаратты есте сақтай отырып, сөйлеу мәнеріне зер салады. Оқушылар мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтайды, жоспар құрады. Жоспар бойынша мазмұндама жазады.

Бағалау дескрипторы:

  • Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады және жауап береді;
  • Ауызекі сөйлеу мен жазбаша сөйлеудің ерекшеліктерін біледі;
  • Мәтінге жоспар құрады;
  • Мазмұндама жазады;
  • Кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жаза отырып, жазу қарқынын жеделдетеді.

(ЖЖ) Шығармашылық үзіліс. «Көңілді алфавит» ойыны

Мақсаты:Оқушылардың білімді ой елегінен өткізіп, саралауға негізделген. Есте сақтау қабілетін дамытатын жаттығудың бірі. Жұпта өзара ақылдасып, ойларымен бөлісіп, шешім қабылдайды.

Оқушылар әрқайсысы алфавиттің бір-бір әрпін алып, сабақта оқыған материалдарынан өздеріне түскен әріпке сәйкес тақырыптарды айтып, тақырып туралы білімдерін ортаға салады. Мысалы, «Тіл, сөйлеу, ауызекі сөйлеу, жазбаша сөйлеу, қаратпа сөз т б»

. Бағалау дескрипторы:

  • тақырып туралы білімдерін ортаға салады;
  • өтілген тақырыпты есте сақтайды;
  • тіл және сөйлеу тақырыбындағы білімді меңгереді.

Қосымша 1

Қосымша1.2

4-слайд

5-слайд

6-слайд

«Қазақ тілі» оқулығы 3-сынып. Жумабаева А., «Атамұра баспасы» 2018 ж.

Орфографиялық сөздік

7-слайд

Қосымша №2

дәптермен жұмыс

8-слайд

дәптермен жұмыс

Сабақтың соңы

4 минут

Рефлексия:

Бағалау критерийлері

Қолым

нан келеді

Көмек

қажет етемін

Өз бетінше мәтіннің тақырыбын қоя аламын, негізгі ойды мұғалімнің көмегімен анықтаймын;

Оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша мұғалімнің көмегімен жоспар құрамын, мазмұндама жаза аламын;

Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырып, жауап беремін;

Кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі, шапшаң жазамын.

Үй тапсырмасы

9-жаттығуды оқып, жоспар құру.

9-слайд

10-слайд

Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтық тапсырмаларды саралау бойынша беру.

Мәтінмен жұмыста ұжыммен,өздік жұмыстарда және мәтіндер бойынша оқушылар білімі сараланды. Қабілеті жоғары оқушыларға одан әрі дамуы үшін,қабілеті төмен оқушыларға қайта түсіндіру арқылы қолдау көрсетіледі.

Дескрипторлар, қалыптастырушы бағалаулар негізінде өзін-өзі бағалау, жұпта бағалау, мұғалімнің бағалауы негізінде жүзеге асырылады.

Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу