Қазақ тілі_3 сынып_Жанды табиғат_4-сабақ Мәтін_Дидакт. материалдар
Қосымша № 1
Қосымша № 1.1
Құрылымдық бөліктері | Мазмұны |
Басы | Әңгімелегенде, түсіндіргенде немесе суреттегенде тыңдаушыны одан кейінгі айтылатын ойға дайындайсың, келесі ойдың не туралы болатындығын аңдатасың. |
Негізгі бөлім | Сол негізгі айтайын деген ойыңды ашып, мазмұндайсың. |
Соңы | Мәтін бойынша айтайын деген ойыңды барлығына түсінікті етіп қорыта аяқтайсың. |
Қосымша № 2
Суретпен жұмыс. Мәтінді ойша өрбітіп көр.
-Бұл суретке қандай тақырып қоюға болады?
-Балалардың еңбек ету әрекетіне қарап не айтар едің?
-Өзің табиғатқа қандай қамқорлық жасадың?(саралау)
Қосымша № 3
Өздік диктант.
Жақшадағы сөздерді сөйлем мағынасына қарай өзгертіп жаз. Сөйлемдегі сөздердің байланысын сызбамен көрсет.
Арнұр (өзен) барды. Ол (өзен) балық аулады. (Өзен) балық көп екен. Шелекті (балық) толтырды. Түске жақын (үй) қайтты.
Қосымша № 4
Бұл қандай мәтін?
Қамқорлық
Мамыр айы. Ауыл шетіндегі ағашы мен қамысы мол өзен үсті құстар әуеніне толған. Диқан келе жатып, жағалаудан екі үрпек балапанды көзі шалды. Ұясын іздеді, таба алмады.
Содан соң балапандарды үйге алып келді. Ақ ұлпа мақтадан ұя жасады. Ұсақ жемдерді шашып, шағын ыдысқа су құйды. Бір айдан соң қос балапанның жүндері түлеп, қанаттары шыға бастады.
Диқан тырнаның балапанын күткенін сонда ғана түсінді.
«Балдырған» журналынан
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?