Қазақ тілі_3-сынып_1-бөлім_Жанды табиғат_№ 15 сабақ,_Сөйлеу мәдениетін үйренемін_Әдістемелік нұсқау_КМЖ


 Мұғалімге әдістемелік нұсқау

 

Бөлім: Жанды табиғат

Сабақ тақырыбы: Сөйлеу мәдениетіне үйренемін (15-сабақ)

Сабақ мақсаттары

1. Түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап диалогке қатысу;

2. Өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;

3. Қаратпа, қыстырма сөздерді ажырату және тыныс белгілерін дұрыс қою

Ресурстар: Интерактивті тақта «Тіл және сөйлеу» тақырыбындағы бейнетаспа, сюжетті суреттер, құстардың суреттері, А4 қағазы

Қауіпсіздік және денсаулық сақтау жағдайын назарда ұстап оқушылардың сынып ішінде қозғалысын ұйымдастыру қажет. Оқушылардың оқу әрекетінің түрін жүйелі алмастырып, шаршамауын қадағалау керек. (Сергіту сәті «Жаңбыр»)

Сабаққа қажетті теориялық материалдар

  • «Тіл және сөйлеу» тақырыбындағы бейнетаспаны көрсету.
  • 56-жаттығу. Өлеңдегі ащы сөз, тұл сөздерінің мағынасын түсіндіру; қарамен жазылған сөздердің антонимдік тіркестерін табу.
  • 57-жаттығу. Мәтінді түсініп оқып, топпен жұмыс жасау.
  • 58-жаттығу. Мәтінді түсініп оқып, жұптық тапсырманы орындау.
  • 59-жаттығу. Көңіл күй лебіздері мен олардың атауларын сәйкестендіру.

Сабаққа қатысты ескертпелер

«Сыпайы адам» жаттығуы

1. Оқушыларға түстері төрт түрлі болатын стикер таратылып беріледі. Сол стикер түстері бойынша оқушылар топқа бөлініп отырады.

2. Тақтада адамның бейнесі салынған сурет ілініп тұрады. Оқушылар сыпайы адам қандай болу керек екен екенін стикерлерге сипаттап жазып, тақтадағы суреттің қасына жабыстырады.

Жағдаяттарды шешу

Оқушыларға жағдаятты кезекпен оқып беру.

1. Айдар үйден шыға сала, аялдамада тұрған автобусқа үлгеру үшін жүгіре жөнелді. Жүгіріп келе жатып, автобус күтіп тұрған бір баланы қағып кетті. Автобуста адам көп екен. Артқы есіктен кірген ол, автобустың алдыңғы жағына өту үшін қыстырылыса жөнелді. Жолда біреудің аяғын басып кетті.

2. Мектеп дәлізінде жүгіріп жүрген Талғаттың артынан Қуандық қуалай жөнелді. Қуып жетіп, желкесінен бір соқты. Ал, Аружан Талғатқа тілін көрсетті

2. Оқушыларды өз ойларын ортаға салуға төмендегі сұрақтар арқылы тарту:

- Айдардың асығуының салдары маңайындағы адамдардың көңіл күйіне қалай әсер етті?

- Талғаттың көңіл күйі қалай өзгереді деп ойлайсыңдар?

- Неге?

- Қуандық пен Аружанның қылықтары дұрыс па? Өз пікіріңді дәлелде.

3. Жауап нұсқаларынан қорытынды жауапты бірге тұжырымдау

Талқылауға өзіне сенімді емес оқушыларды жауап беруге ынталандыруға назар аудару.

Оқушылардың жауабын «дұрыс» немесе «бұрыс» деп бағаламай, өмірден алған тәжірибелерін ортаға салуларына жағдай жасау.

Тыңдалым.

Тыңдалым мәтінімен жұмыстың мақсаты: мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтарға жауап беру, қорытынды шығару.

1. Интерактивті тақтадан «Тіл және сөйлеу» тақырыбындағы https://www.youtube.com/watch?v=W6lfYCpsuBo

сілтеме бойынша 2 минут тақырыбындағы бейнетаспаны тыңдату.

2. Тыңдаған ақпараттың мазмұны бойынша сөйлеу мәдениеті туралы пікір білдіру.

Оқулықпен жұмыс

56-тапсырманы орында (Тапсырманы топта орындайды. Топта талқылап, жауаптарын сыныпқа айтады. Топқа стикердің түстеріне байланысты бөлінеді).

1. Өлеңді мұқият тыңда.

2. Ащы сөз, тұл сөздерінің мағынасын түсіндір.

Ащы сөз - қатты айтылған сөз, ызалы сөз.

Тұл (ауыспалы мағына) керек емес, бос

Жылы жүрек - мейірімді, қайрымды жүрек

Тәтті тіл - жақсы сөз

3. Қарамен жазылғандардың антонимдік тіркестерін тауып көр.

Бағалау критерийі

- ащы сөз, тұл сөздерінің мағынасын түсіндіреді;

- қарамен жазылғандардың антонимдік тіркестерін табады;

- топта бірін-бірі тыңдайды.

Жұптық тапсырма

1. Оқулықтағы 58-тапсырмадағы мәтіндегі әдеп сөздерін пайдаланып, парталас көршісімен жанды табиғат кейіпкерлерін таңдап алып, солардың рөлінде диалог құрастырады.

2. Диалог құрастыру үшін ойланады.

3. Құрастырған диалогты сыныпқа оқиды.

4. Өзара кері байланыс беру.

Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы сабаққа қызығушылығы артады.

1. Оқушыларға сұрақтар қойылады. (Сөйлеу не үшін қажет? Ол не арқылы жүзеге асады?)

2. Қате жауап кездескен жағдайда нақтылау сұрағы қойылады.

Әр топқа түрлі жағдаяттарда кездесетін сыпайы сөздерді қатыстырып диалог жазуға тапсырма беру

1-топ. Киім ілгіште

2-топ. Асханада

3-топ. Автобуста

4-топ. Кітапханада

Бағалау критерийі

- 3-тен артық сыпайы сөздерді біледі;

- кем дегенде 2 қаратпа сөз қолданады;

- диалогке белсенді қатысады.

Осы төрт тақырыптағы суретті бере отырып, оқушыларға сыпайы сөздерді қатыстырып диалог жазуға жағдай жасау.

Сергіту сәті. «Жаңбыр»

57-тапсырма. Топтық жұмыс.

Әрбір оқушы мысалды түсініп оқиды.

1-топ. Мәтіндегі көңіл күйді білдіретін сөздерді теріп жаз.

2-топ. Радио әдепті кейіпкер болатын әңгіме жаз.

3-топ. Радиоға сөйлеу мәдениетін түсіндір.

4-топ. Радиоға сыпайы сөздерден сыйлық жасаңыз.

Әр топқа телефон арқылы

1-топ - ата-анасымен

2-топ – сыныптасымен

3-топ – көршісімен

4-топ - ата-әжесімен диалог құрастырып, сахналау ұсынылады.

Бағалау критерийі

- 3-тен артық сыпайы сөздерді біледі;

- кем дегенде 2 қаратпа сөз қолданады;

- диалогке белсенді қатысады.

Саралау

Оқушыларға талқылауға қойылатын сұрақтар арқылы жүргізіледі.

1. Сұраққа жауап алу барысында оқушы белсенділігіне назар аудару.

2. Қоршаған ортада сөйлеу мәдениетін сақтау маңыздылығын түсінуіне назар аудару.

- Өз жолдастарымен жиі ұрыссасыңдар ма?

- Оның себептері неде деп ойлайсыңдар?

- Өз көзқарасыңды дәлелдеуге мүмкіндігің болды ма?

- Ол неге байланысты болды?

- Әңгімелескен адамды өз пікіріңнің дұрыстығына көндіре алдың ба?

- Адамның мәдениеті туралы оның сөйлеу мәнеріне қарап білуге бола ма?

- Дау жанжалға айналып кетпес үшін ұсыныс бер.

59-жаттығу. Көңіл күй лебіздері мен олардың атауларын сәйкестендіру.

Алғыс

Құттықтау

Сәлемдесу

Қошамет, қостау, таңдану

Келісу

Аман-саумысыз? Сәлем!

Ассалаумағалейкүм! Сәлеметсіз бе?

Алла разы болсын! Рақмет. Көп жаса! Өркенің өссін!

Жаса-жаса! Айтқаның келсін! Керемет! Жарайсың, қызым (ұлым)!

Сау бол! Келесі кездескенше!

Әрине... Иә... Мақұл ...

Қоштасу

.... құттықтаймын! ... тілеймін.

Қалыптастырушы бағалау

Оқушылардың әр тапсырманы орындау барысындағы жетістіктерін мадақтауға назар аудару. Әр тапсырмадан соң анықталған бағалау критерийлеріне оқушы жауаптарының сәйкестігін сынып болып анықтау арқылы бағалаудың әділдігін қамтамасыз етуге көңіл бөліну керек.

Оқушылар қолдау қажет ететін мәселелер бойынша дер кезінде немесе бағытталған топ немесе жұп құру арқылы ұйымдастыру тиімді болатыны туралы ойланыңыз. Оқушының оқу мақсатын игеруіне тиімді шараларды жоспарлаңыз. Көмек қажет еткен оқушылармен жеке жұмыс жүргізіңіз.

Бүгінгі сабақтың басында орындаған «Сыпайы адам» жаттығуындағы жауаптарының дұрыстығына көңіл аудартыңыз.

Бағалау критерийлері

Қолымнан келеді

Көмек

қажет етемін

түрлі жағдаяттағы қатысымдық әрекеттерде өз сөзімді жоспарлай аламын

түрлі жағдаяттағы қатысымдық әрекеттерде диалогке қатыса аламын

түрлі жағдаяттағы қатысымдық әрекеттерде сөйлеу мәдениетін сақтай аламын

үлгі бойынша сөйлем құрамында қаратпа сөзді ажырата аламын

сөйлем сызбасы негізінде тыныс белгісін қолдана аламын



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу