Қазақ тілі_3-сынып_1-бөлім_Жанды табиғат_Қыстырма сөз_Әдістемелік нұсқау
Мұғалімге әдістемелік нұсқау
Сабақ тақырыбы: Жанды табиғат туралы мәтін құрастырамын.
- Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме):
3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету;
3.1.6.1 интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды (қимыл, ым-ишара), қаратпа сөздерді қолдана отырып, тақырыпқа тыңдарманның назарын аударту;
- 3.3.7.1 қаратпа, қыстырма сөздерді ажырату және тыныс белгілерін дұрыс қою;
2. Қауіпсіздік және денсаулық сақтау нұсқаулығы, оқушыларға қолайлы ортаны қалай ұйымдастырылады
Шаттық шеңберінде тұрып бір-біріне сәттілік тілеу, психологиялық жағымды ахуал орнату.
Қауіпсіздік ережелері таныстыру.
Сабақта оқушыларды жалықтырып алмас үшін және денсаулығын сақтау мақсатында сергіту сәтін ұйымдастыру.
Сергіту сәті. «Ой сергек» (Мұғалім қимылмен көрсетіп тұрады.)
3 . Сабаққа қажетті теориялық материалдар: ереже, анықтамалар, түсіндірмелі сөздік, т.с.с.
Пәндік сөздер
Қыстырма сөздер
Диалог пен жазу үшін пайдаланылатын сұрақтар:
Қыстырма сөз дегеніміз не?
Қыстырма сөздерден соң тыныс белгісі қалай қойылады?
Оқушылардың тыңдалым дағдыларын дамыту, көмекші сөздер мен жоспар бойынша мәтін құрау, мәтін мазмұны бойынша сұраққа жауап беруге, өз ойын ортаға сала білуге дағдыландыру.
Тыңдалым барысында көмекші сөздер арқылы мәтін түрін анықтау.
Ережемен жұмыс
Сөйлемдегі айтылған ойға сөйлеушінің қалай қарайтынын (сену, мақұлдау, күмәндану) білдіретін сөзді қыстырма сөз дейді. Қыстырма сөздер сөйлем мүшесі бола алмайды. Қыстырма сөздер: меніңше, оның ойынша, бәлкім, әйтеуір,әрине, жаңылмасам, шынында, шынын айтсам, шіркін,бәсе, айтпақшы, қысқасы, әлбетте, демек, рас, ең алдымен, тоқ етері,сәті түсіп біріншіден, екіншіден. Мысалы: Әрине, ол қуанды.
Қыстырма сөздер сөйлемде үтір арқылы ажыратылады. Сөздің басында келсе,одан соң үтір қойылады. Мысалы: Меніңше, бұл дұрыс.
Ортасында келсе, екі жағынан үтір қойылады.
Мысалы: Маған, шынын айтсам, бұл сурет ұнамады.
4. Әдіс-тәсілдерді ұйымдастырудың егжей-тегжейлі нұсқаулығы
«Сұрақ ілмегі» әдісі
Мақсаты: Оқушылардың ойын ашық білдіруіне дағыландыру
Тиімділігі: Оқушы сабақтың қай бөлігін немесе тақырыпты түмінбегенін болмаса сабақ төңірегінде ойландырып жүрген сұрақтарын ашық айтады.
Қолданылуы: Бұл әдісті жазбаша немесе ауызша өткізуге болады. Сұрақ қою арқылы баланың сабақты қалай меңгергенін немесе меңгермеген жерлерін білуге болады. Керісінше бала өз ойын ашық іліп кетуіне болады. Түрткі болу, сынақтан өткізу немесе қайта бағыттау техникаларын пайдаланады.
«Дұрыс жазамын» әдісі
Мақсаты: диктантты жазу арқылы оқушылар сол сөздердің жазылуына ерекше мән беруге үйренеді.
Қолданылуы : берілген тапсырманы әр оқушы қатесіз жазады. Жазар алдында міндетті түрде нақты бағалау критерийлер беріледі. Соңынан сол бағалау критерийге сәйкес екендігі туралы кері байланыс жасауға болады..
«Төрт сөйлем» әдісі
Мақсаты: берілген сұраққа өз ойын дәлелдеп жауап беру.
Қолданылуы: бұл тапсырманы орындауда көмекші сөздерді пайдаланып, мәтін құрайды.
«Бірлесіп жазу» стратегиясы
Мақсаты: Оқушылар көмекші сөздерді таңдай білуі үшін бірлесіп жазу әдісін қолдану .
Қолданылуы: бірлесе отырып, көмекші сөздерді пайдаланып мәтін құрайды, өзін өзі тексереді, алмасып тексереді, бағалайды.
- Қосымша деңгейлік тапсырмалар, жағдаяттар, ықтимал жауаптар
Жазылым (Ұ,МК)
Графикалық сызбамен жұмыс
- Қыстырма сөздері бар сөйлемдердің графикалық сызбасын сызу. Сызбаға сәйкес сөйлем құрастырып жазу.
(қыстырма сөздердің тыныс белгілеріне назар аудару және одан қорытынды шығару.)
_____ ______ _____ ______ , ______.
______ , _______ ______ ______ ______.
____ ______ ,______, ______ _____.
_______ ______ ______ ,______ , ______.
Жауап:
Ол тапсырманы ерте орындаған-ау, сірә.
Шіркін, табиғат неткен тамаша еді.
Осының бәрін, әрине, өзі жасады.
Балалар жарысқа дайындалыңдар, жаңылмасам, сәрсеннбі.
- Кестені қолдана отырып, қыстырма сөздер сөйлемге қандай мағына үстеп тұрғанын анықтайды.
- Жазған жұмыстарын өзара тексереді. Мұғалім орындаған жұмысты өз бетінші тексеру үлгісін ұсынады.
- Сөйлемді сызба бойынша дұрыс құрастыра алды ма?
- Қыстырма сөздерді дұрыс қолданды ма?
- Қате кездеседі ме?
Саралау.
1. Сызба бойынша сөйлем құрастырады, қыстырма сөздер сөйлемге қандай мағына үстеп тұрғанын анықтай алады.
2. Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек көрсету.Кесте бойынша қыстырма сөздер сөйлемге қандай мағына үстеп тұрғанын айтқызу.
(МК,Ұ) «Төрт сөйлем» әдісі
- «Адамдар Жанды табиғатсыз өмір сүре ала ма?» тақырыбында көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін ауызша құрастыру.
(«Біріншіден», «екіншіден», «үшіншіден», «меніңше», «шындығында» т.б. қыстырма сөздері арқылы «Адамдар Жанды табиғатсыз өмір сүре ала ма?» тақырыбында пайымдау мәтінін ауызша құрастыруды ұйымдастыру.)
Жауап:
Менің айтуымша, адамдар жанды табиғатсыз өмір сүре алмайды.
Себебі, барлық тіршілік иелері тығыз байланыста болады.
Мен оны былай дәлелдеймін, адамдар аң-құс етімен қоректенеді, жеміс-жидектерін жейді, терісін өңдеп киім тігіп киеді.
Қорытындылай келе, адам және табиғат егіз.
Конец формы
Начало формы
Конец формы
- Қалыптастырушы бағалауға ұсыныстар:
Қалыптастырушы бағалау дескриторлары негізінде бағалаймын.
қаратпа, қыстырма сөздерге сөйлем құрастыра алуын, тыныс белгілерін қоя алуын, сызба бойынша сөйлем құрай алуын анықтап, бағалау.
Қабілетті оқушылар мәтінді оқып, есте сақтап, грамматикалық, орфографиялық қателерді түзетіп жазады. Сызба бойынша сөйлем құрастырады, қыстырма сөздер сөйлемге қандай мағына үстеп тұрғанын анықтай алады.
Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек көрсету (кеспе қағазға жазылған мәтінді үш-төрт рет оқуға мүмкіндік беру, кей жағдайларда тыныс белгілеріне, сөздердің жазылуына көңіл аудартып, қатесіз көшірту, есте сақтау)
Кесте бойынша қыстырма сөздер сөйлемге қандай мағына үстеп тұрғанын айтқызу.
7. Қосымша сілтемелер:
Бейнежазба /iMektep.kz/ Қыстырма сөз
Жер –Ана мәтіні (Қ. Сәрсекеев)
.
.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?