Қазақ тілі _3 сынып_ 1-бөлім Жанды табиғат_ Жанды табиғат туралы мәтін құрастырамын _ҚМЖ
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Қазақ тілі Бөлімі: Жанды табиғат ТАҚЫРЫБЫ: Жанды табиғат туралы мәтін құрастырамын (1) | Мектеп: | ||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Ршымбетова Гулбану | ||||||||||||||||||||||
Сынып: 3 | Қатысқандар саны: | Қатыспаған оқушылар: | |||||||||||||||||||||
Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес) | 3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап диалогке қатысу; 3.2.1.1 көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін және оның құрылымдық бөліктерін анықтау; 3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру; 3.3.6.1 бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету. | ||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты: |
| ||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||||||||||||||||
Тірек сөздер |
| ||||||||||||||||||||||
Құндылықтар | Табиғатты зерделей білуге, қорғауға тәрбиелеу. | ||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Дүниетану | ||||||||||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Мәтін, мәтін түрлері мен құрылымдық бөліктерін біледі. | ||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті | Дереккөздер | |||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 1-5 минут 5 минут | (Ұ) Ширату жаттығуы. Психалогиялық ахуал. Аққу болып ұшамыз Көлге келіп қонамыз. Көлдің бетін құшамыз Қайта самғап ұшамыз. (Ұ) «Ақыл тасы» әдісі бойынша алдыңғы білімді пысықтау. Мәтін дегеніміз не? (ауызша немесе жазбаша ойды жеткізу) Мәтін түрлерін ата. (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) Мәтін неше бөліктен тұрады? (үш бөліктен: басы, негізгі бөлімі, соңы) Мәтіндегі сөйлемдердің орындарын ауыстырып айтуға бола ма? Неліктен? (Сөйлемдердің орнын ауыстыруға болмайды, себебі мәтіннің құрылымы бұзылса, не туралы айтылғанын түсіну қиын болады)Мұғалімнің сабақ тақырыбы және мақсаттарымен таныстыру. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Мәтін құрастыру», мақсаты түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап диалогке қатысу; көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін және оның құрылымдық бөліктерін анықтау; мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру; көркем жазу дағдыларын дамыту; | 2-слайд Доп 3-слайд 4-5 слайд | |||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 5-35 минут 3 минут 3 минут 3 минут 1 минут 5 минут 3-минут 5 минут 5 минут | (Т) «Ойлан, тап» (Т) Оқушыларды 3 топқа біріктіру. «Біріктіру» тәсілі (1,2,3 деп санау арқылы)
1-тапсырма (Т) Үш топқа суреттер көрсету, сол суреттер арқылы пайымдау мәтінін құрасыру. (әр топқа пайымдауға жетелейтін проблемалық сұрақтар қою, жауабын тыңдау, дәлелдету.) 1-топ Жапырақ неге жасыл түсті болады? (Жапырақ жасыл түсті. Себебі, оның құрамында жапыраққа жасыл түс беретін хлорофилл болады.)
2- топ Балықтар неге сөйлемейді? (Балықтар суда тіршілік етеді. Сондықтан олар сөйлей алмайды.) 3-топ Неліктен, үкі күндіз ұшпайды? (Үкі түнде жемін аулайды. Сондықтан күндіз ұшпайды.) Бағалау дескрипторы
(МК, Ұ) Оқиға, құбылыстардың себебін дәлелдейтін мәтін пайымдау мәтіні деп аталады. Сөйлемдер себебін ашып көрсетеді. Сұрағы: Неліктен? (Ж, Т) Оқылым. Мәтінмен жұмыс «Дауыстап ойлау» әдісі 2-тапсырма Пайымдау мәтіні бөліктерін табу
Мәтіннің пайымдау мәтіні екенін қалай анықтадыңдар? Не себепті? – Қалай дәлелдейсіңдер? Бұл - пайымдау мәтіні. Себебі, бірінші сөйлемде негізгі ой айтылады. Ал, қалған сөйлемдерде сол ой дәлелденеді. (пайымдау мәтіні бөліктерін мәтіннен тауып оқиды ) Жауап Сондықтан да, бүркіттің балапандары ыстық пен суыққа шынығып, сомдалып өседі. Жауап Сол себепті оны түтінсіз жерде ұстайды. Қыста қора мен сарайда, жаз кезінде ашық далада ұсталады. (МК, Ұ) «сондықтан», «сол себепті» көмекші сөздер болып табылады. Көмекші сөздер арқылы мәтін түрлерін, құрылымдық бөліктерін ажыратуға болады. Сергіту сәті. «Кім зерек?» ойынын ұйымдастыру. Оқушыларға жанды табиғат және жансыз табиғатқа қатысты сөздер айтылады. Егер жанды табиғатқа жатса, орнынан тұрып, шапалақ соғады. Жансыз табиғатқа жатса, орнында отырып аяғын топшылап, тізесін қағады. Мысалы: күн, үй, тас, адам, ағаш, гүл, ауа, түйе, киім, торғай т.б. (Ө, Ж, Т, Қ) «Оқиық және жауап берейік» 3-тапсырма Әр топқа 2 мәтінді оқып, мәтін түрін анықтау ұсынылады. (Өз бетінше іштей оқуға 1 минут уақыт беріледі. Жұпта ақылдасып, пайымдау мәтіні бөлігін табады) 1-топ «Аққу» және «Лашын»2-топ «Тоты» және «Оқпақ» 3-топ «Қайың» және «Ақбөкен» Орындау реті: -Мәтінді оқып, мәтін түрін және оның құрылымдық бөліктерін өзара анықтау. -мәтін түрін анықтап, дәлелдеу. Саралау. Мәтін түрін ажырататынын бақылау, қолдауды қажет ететін оқушыға көмек көрсетуін ойластыру. Оқылым 4-тапсырма (Ө, Т) Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру. Топ пайымдауларын ортаға салу. (Мәтінді қайта оқу) Саралау. Оқушылардың мақсатқа жетуіне ықпал жасау. Жауап
(Себебі, балапандары ыстық пен суыққа шынығып, сомдалып өседі.)
(Кеудесін түтін шалса өледі, себебі бүркіт қыста қора мен сарайда, жаз кезінде ашық далада ұсталады.) -Неліктен ең мықты құс кеудесін түтін шалса, өліп қалады? - Неге ең мықты құс деп ойлайсың? т.б. Бағалау дескрипторы
Топтық кері байланыс: 2 жұлдыз, 1 тілек. Шығармашылық жұмыс 5-тапсырма (Ө, Ж) Берілген суретті пайдаланып, жанды табиғат туралы мәтін құрау. Құрылымдық бөліктерін анықтау. Тірек сөздері неге? неліктен? деген сұраққа жауап беретін пайымдау мәтіні болу керек. Саралау. Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек көрсету, бағыт беру. Мысалы үшін, «Жылқы адамға пайдалы, себебі....» әрі қарай жалғастыру. Бағалау дескрипторы -мәтін құрастыра алады; -құрылымдық бөліктерін анықтай алады; (МК, Ө, Ж) Көркем жазу. Құрастырған мәтінді дәптерге жазу. Жазылым. Бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу түсіндіріледі. Бағалау дескрипторы -Каллиграфиялық нормаларды сақтайды; -Тез жазуға дағдыланады; | 6- слайд Суреттер 7-слайд Қосымша №1 8- слайд 9-слайд Қосымша №2 10-слайд 11-слайд Қосымша №3 12-слайд 13-слайд 4 -слайд Дәптермен жұмыс 15- слайд | |||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 35-40 минут 5минут | Рефлексия Бүгін сабақта нені сәтті орындадың? Не қиын болды? Өзін өзі бағалау кестесі
Үйге тапсырма: Пайымдау мәтініне 2 сұрақ дайындап келу. | 16- слайд 17- слайд 18-слайд | |||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||||||||
Топтық жұмыс кезінде қолдауды қажет ететін оқушыларға бағыт беру. Қабілетті оқушыларға өз бетінше жұмыс жасауға мүмкіндік жасау. | «Ақыл тасы» әдісі «Ойлан, тап» әдісі «Оқиық және жауап берейік» әдісі 2 жұлдыз, 1 тілек Бағалау дескрипторлары негізінде жүзеге асыру. | Қауіпсіздік ережелерін сақтау. Бірін-бірі тыңдау. «Кім зерек?» сергіту сәті | |||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | |||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?