2. Қазақ тілі_3 сынып_1-бөлім_Жанды табиғат_№16 сабақ_Сөйлеу мәдениетін үйренемін_Презентация
Қазақ тілі
3-сыныпЖанды табиғат№16 сабақ
Сөйлеу мәдениетін үйренемін
(Ә.Е.Жұмабаева, Г.И.Уайсова, Г.Т.Сәдуақас. Қазақ тілі. Алматы: Атамұра, 2018.
Құрастырған Жангазакова Ж.М.
Оқу мақсаты
Тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау;
Жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету;
Өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау.
«Жүгіртпе» жаттығуы
Таңертең оянғанда не дейсің?
Қоштасқанда не дейсің?
Мектеп дәлізінде байқамай басқа оқушыны қағып кетсең де дейсің?
Ас ішкенде не айтасың?
Кезек соңын қалай сұрайсың?
Ұйықтар алдында қандай тілек тілейсің?
Біреуді ренжітсең не дейсің?
Әңгімені жалғастыр
Көшеде екі таныс адам кездесіп қалды. Олар бір-бірінен хал жағдайларын сұрастырды. Бір-біріне «Жақсы» деп жауап берді. Әңгімені жалғастыруға бола ма? Егер біреуі «Жағдайым нашар» десе, онда қалай жалғастырар едің.
Әңгіменің үлгісі:
1-үлгі
- Ассалаумағалейкум, Серік?
- Уағалейкумусалам, Әсет.
- Серік, бала-шаға, мал-жан аман ба?
- Шүкір, Әсет. Өз қалың қалай?
- Рахмет, жақсы.
2-үлгі
- Сәлем, Ілияс!
- Сәлем Ғазиз!
- Қалың қалай?
- Жақсы, Ғазиз. Өз қалың ше?
- Қазақ тілінен екілік деген баға алып, жағдайым нашар болып тұр.
Оқулықпен жұмыс
60-тапсырмаМысалды мұқият оқы.
Қарамен жазылған сөздерді басқа сөздермен алмастыр.
Мысалды жалғастырып жаз.
Мысалға ат қой.
Жанды табиғатты ата.
Ықтимал жауаптар
Жер Тауға мұңын шақты.
Жер Тауға жағдайын айтты.
Өзендерім суалды, теңіздерімнің суы тартылды.
Өзендерім суалды, теңіздерімнің суы азайып қалды.
Жердің мұңы.
Жер жылады.
Жердегі шық қайдан пайда болды?
Оқулықпен жұмыс
61-тапсырмаМәтінге ат қой.
Әңгімені жалғастырып жаз.
Әңгімедегі негізгі ойды анықта.
Сұхбат дегеніміз – бағытталған диалог немесе пікірталас, әңгімелесу.
Ол ақпарат жинау үшін қолданылады.Сұхбат алуда мынандай қағидаларға сүйену қажет:
1. Сұхбат алуға бармас бұрын не сұрайтыныңды жоспарлап ал.
2. Сұхбатты көз алдыңа елестет.
3. Міндетті түрде сәлемдесуді, қоштасуды ұмытпа.
4. Сұхбат алатын адамның атын жиі атаған жөн.
5. Сұхбат барысында дөрекілікке жол берме.
Сұхбат сұрақтарының үлгісі
- Мәдениетті адам дегеніміз қандай адам?
- Мәдениетті адамның бойында қандай қасиеттер болады?
Оқулықпен жұмыс
62-тапсырмаЖурналистің 3-сынып оқушыларынан әдептілік туралы алған сұхбатын оқы.
Қай жауап өзіне көбірек ұнағанын айтып, дәлелде.
Әдептілік туралы сұхбат құрастырып жаз.
Сергіту сәті. «Күн ашылды»
Күн ашылды жарқырап,
Түтін көкке өрледі. Қарлығаштай қанатын Жайып көкке ұшырды.Талқылау сұрақтары
Сыпайы сөздер адам өмірінде не үшін қажет?
Сыпайы сөздер арқылы дау-жанжалды шешуге болады ма?
«Әдеби тіл-дұрыс сөйлеудің үлгісі» - дегенді қалай түсінуге болады?
Әдеби тілді қалай меңгеруге болады?
Оқылым
Бағалау критерийлері
Үйге тапсырма
60-тапсырмадағы әңгімені жалғастырып жазып келу
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?