4.Қазақ тілі_3-сынып_1-бөлім_Жанды табиғат_№14сабақ_Мәтін және оның түрлері_Әдістемелік нұсқау
Мұғалімге әдістемелік нұсқау
Бөлім: Жанды табиғат
Сабақ тақырыбы: Мәтін және оның түрлері
Сабақ мақсаттары
Ресурстар: Кестелер, жанды және өлі табиғат бейнеленген суреттер т.б.
Қауіпсіздік және денсаулық сақтау жағдайын назарда ұстап оқушылардың сынып ішінде қозғалысын ұйымдастыру қажет. Оқушылардың оқу әрекетінің түрін жүйелі алмастырып, шаршамауын қадағалау керек.
Сабаққа қажетті теориялық материалдар
Мәтіндер:
- Жазбаша және ауызша ойды жеткізу.
- Мәтін бірнеше сөйлемдерден құралады.
- Мәтіндегі сөздер бір- бірімен мағынасы жағынан байланысып тұрады.
- Мәтіннің тақырыбы болады.
Мәтін негізінен үш бөлімнен тұрады: кіріспе; қорытынды; негізгі. Мәтін азат жолдан, бас әріптен басталып жазылады.
Мәтіндер 3 түрге бөлінеді:
- Әңгімелеу мәтіні (не істеді?)
- Сипаттау мәтіні (қандай?)
- Пайымдау мәтіні (неліктен?)
Сабаққа қатысты ескертпелер
«Екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясы
Екі жұлдыз – екі ұнаған нәрсе (жасаған жұмысқа байланысты айтылады)
Бір тілек – жақсартуды қажет ететін нәрсе (жұмыста орын алған кемшіліктерге байланысты айтылады)
«Джигсо» әдісі
Берілген тақырыпты топ ішінде талқылап, әр түрлі тәсілдермен топтық жұмыс жасау. Басқа топтарға өкілдерді жіберіп, өз жұмысы туралы топта талқылау, идеялармен бөлісу, ынтымақтастықты дамыту.
Кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу үлгісі тақтада көрсетіледі. Қолдауды қажет ететін оқушыларға дәптеріне үлгі көрсету, бастырып жазуға арналған материалдар ұсыну арқылы үйрету.
«Менің сөзім» стратегиясы
Мақсаты: оқушылардың сабақта алған білім, білігін бағалау.
Сипаттамасы: Сыныптан бір оқушы тұрып, оқушылардың топтық жұмысы туралы өз көзқарасын білдіреді. Тақырыптың ашылуы тірек сөздерді орынды қолдана алуына талдау жасайды. Айтып болған соң, басқа бір оқушының атын атайды. Сөзді сол оқушы жалғастырып, сабаққа рефлексия жасайды. Барлық оқушы сабақты қорытындылауға осы ретпен қатысады.
Суреттермен жұмыс
Оқулықта немесе өзге де дереккөздерден алынған жанды тбиғаттың өлі табиғатқа айналатынына байланысты берілген суреттерге оқушылардың назары аударылады. Ақпараттармен өзара алмасып, талдау жұмыстары ұйымдастырылады.
1. Суреттер көрсетіліп, сұрақтар қатары, үлгі ретінде берілген кейбір жауаптарымен беріледі.
Талқылау сұрақтары:
1) Табиғат туралы 1 сөйлемнен тұратын түсініктеме бер. (Табиғат – бізді қоршаған орта.)
2) Табиғат неше топқа бөлінеді? (Жанды табиғат және өлі табиғат)
3) Жанды табиғат пен өлі табиғатты байланыстыр, мысал келтір. (Мысалы: Сусыз адам да, өсімдік те, жан-жануарлар да тіршілік ете алмайды.)
4) Не себепті жанды табиғат өлі табиғатқа айналады? (Тіршілік етуін тоқтатады. т.с.с.)
2. Оқушылар шағын топта (4 оқушыдан) ақылдасады. Топ жауабын дайындайды.
3. Бір топ мүшелері бірінші сұраққа жауап береді. Қалған топтарға толықтыруға және нақтылау сұрағын қоюға мүмкіндік беріледі. Осылай келесі топтар жауап беруді жалғастырады. Оқулықта берілген жоспарды толықтырады.
4. Ассоциация құру. «Жанды табиғат» және «Өлі табиғат» ұғымдарына ассоциация құрады.
5. Әр топ өз ойларын қағазға түсіреді. Әр топтан бір-бір оқушыдан қағазға жазғанын оқиды. Суреттегі детальдар бойынша толықтыру жолдарын көрсетуге бағыт беріліп, оқушыларға қолдау көрсетіледі. Ұтымды жауапты сыныппен бірге құрастыруға болады.
Саралау
Оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, тапсырманы орындау барысында қолдау көрсетіледі.
Оқылым. Мәтінмен жұмыс.
1. Оқушыларға таңдау негізінде жеке оқуға 3 түрлі мәтін ұсынылады.
2. Таңдап алған мәтінді түсініп оқиды.
3. Мәтінге ат қойып, мәтін түріне қарай ажыратады. Өз ойын дәлелдейді. Жазбаны дәптерге түсіреді.
4. Дәптерлерін жұптарымен ауыстырып, қатесіз, сауатты жазылуын тексереді. Өзара бағалау.
Саралау
Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек көрсету. Не істеді? Қандай? Неліктен? сұрақтарына назар аудару ұсынылады.
Қалыптастырушы бағалау
Оқушылардың әр тапсырманы орындау барысындағы жетістіктерін мадақтап, жетелеп отыру. Рефлексиялық-бағалау кезеңінде орындалатын «Өзін өзі бағалау» кестесін толтыруда бағалау дескрипторларын басшылыққа алу көзделеді.
Бағалау критерийлері | Қолымнан келеді | Көмек қажет етемін |
Берілген тақырып пен суреттің негізінде мәтіннің мазмұнын болжаймын | ||
Тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеп, ашық және жабық сұрақтарға жауап бере аламын | ||
Кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жаза аламын |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?