Қазақ тілі_3-сынып_1-бөлім_Жанды табиғат_№9сабақ_Мәтін түрлері мен құрылымдық бөліктері_Әдістемелік нұсқау
Әдістемелік нұсқаулық
Сабақ №9. 1-бөлім. Жанды табиғат.
Сабақ тақырыбы Мәтін түрлері мен құрылымдық бөліктері.
Оқу мақсаттары
3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;
3.2.1.1 тірек сөздер/көмекші сөздер арқылы мәтін түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) және оның құрылымдық бөліктерін анықтау;
3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің қолдауымен тауып, түзету.
Бағалау критерийлері
- Мәтіннің тақырыбын қояды. Мәтіннің негізгі ойын анықтайды.
- Көмекші сөздер арқылы мәтін түрін және құрылымдық бөліктерін анықтайды.
- Қате берілген сөздерді түзетіп, сауатты жазады.
Құндылықтар Табиғатты қорғауға, жануарларға қамқор болуға баулу.
Пәнаралық байланыс музыка, дене шынықтыру, ғылымға кіріспе, дүниетану.
Ресурстар Интерактивті тақта,компьютер/ноутбук, қағаз,түрлі түсті маркерлер,қима қағаздар, оқулық«Балық қаңқасы» суреті, суреттер, балмұздақ таяқшалары
Сабақ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі өтеді. Оқушылар жақсы көңіл-күймен, бір-біріне тілек айтады.
2. (Ұ) Берілген сөздерден қателерді анықтап, түзету арқылы сауатты жазуға дағдыландыру мақсатында «Орфографиялық минут» жүргізіледі. Интерактивті тақтадан төрт сөйлем жазылып көрсетіледі. Оқушы әр сөйлемнен бір «орфографиялық түзету» жүргізеді. Жұмысты мұғалім арнайы дайындаған қағаздарға немесе жұмыс дәптеріне жазады.
Қарыны тойған қозы ойнақтай жөнелді. Танертен салқын болды. Тышқан азықын ініне тастады. Құтжол мектепке диін еріп барды.
1) қарыны -қарны
2) танертен - таңертең
3) азықын- азығын
4) диін-дейін
Бұл жұмыс «Жауап беретін әріптес» әдісі бойынша бағаланады. Бұл ауызша бағалау әдісіне жатады. Оқушылар әріптесін өз жұмысына түсініктеме беруге немесе талқылауға балмұздақ таяқшалары арқылы шақырады. Онда оқушының есімі жазылулы тұрады. Ортаға шыққан оқушы түзетілген сөзді оқып, оның жазылу емлесін айтады. Егер оқушы айта алмаса, келесі оқушы шақырылады. Мұғалім жұмысты орындау кезінде үлгерімі төмен оқушыларға көмек береді. Қабілеті жоғары оқушылар осы сөздерге ұқсас сөздерден мысалдар келтіреді. Жұмыс талқыланып болған соң, оқушылар сөйлемдерді жұмыс дәптеріне қатесіз көшіріп жазады.
Дескриптор:
- Сөйлемдегі қате берілген сөздерді түзетеді;
- Сөйлемдерді сауатты жазады.
3.Мұғалім сабақтың тақырыбы және оқу мақсаттары таныстырады, бағалау критерийін айтады.
4.Оқушылар топқа бөлінеді. Мұғалім үстел үстіне суда, құрлықта мекендейтін, ұшатын жануарларды ортаға тастайды. Оқушылар осылайша үш топқа бөлініп, тапсырмалар орындайды. Әр топқа бір қысқа мәтіннен беріледі. Алдымен, оқушылар мәтінді іштей өз беттерімен оқып шығады. Мәтін компьютер немесе ноутбоктен көрсетіледі. Тапсырма мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау.
1-мәтін. Жайын - жалқау балық. Ол екі ұртындағы ұзынша келген мұртшаларын құрт тәрізді жыбырлатады. Себебі оны балықтар құрт екен деп жемекші болғанда, аңдып тұрған жайын оларды жеп үлгіреді. Демек жайындар жемін осылайша аулайды.
(«Жануарлар туралы» энциклопедия)
2-мәтін. Сүңгуір тұқымды иттер болатынын білесің бе? Олар суда жақсы жүзіп, сүңги алады. Сол себепті оларды адамдарды судан құтқару үшін арнайы үйретеді.
(«Иттер туралы» энциклопедия)
3-мәтін. Құлагер – жылқының аты. Сол себепті Құлагер сөзі бас әріппен жазылады. Демек ереже бойынша кісінің аты-жөні, жер-су аттары, жан-жануарларға қойылған атаулар бас әріппен жазылады.
5. Мәтінді оқып болған соң топқа кесте беріледі. Сол кестені толтыру қажет. Алдымен кестеге оқушылар бірнеше варианттарын жазады. Содан соң бір-бірімен ақылдаса отырып, ортақ тақырыпты жазады, негізгі ойды анықтайды.Жұмыстарын ортаға шығып, жариялап, дәлелдеулер жасайды.
Мәтіннің тақырыбы | Мәтіннің негізгі ойы | |
1-мәтін | Жалқау балық | Жайындар мұртшалары арқылы жемін аулайды. |
2-мәтін | Сүңгуір ит | Сүңгуір иттерді адамдарды судан құтқару үшін пайдаланған. |
3-мәтін | Бас әріппен жазылатын сөздер | Бас әріппен жазылатын сөздерді еске сақтап жүру керек. |
Бұл қалыптастырушы бағалау тапсырмасы болғандықтан мұғалім оқушыларды дескриптор бойынша бағалайды. Оқушылар кестемен жұмыс жасау барысында қадағалайды, көмек береді, мадақтайды.
Дескриптор:
- Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды.
- Мәтінге тақырып қояды.
6. Мәтін талданып болған соң, мұғалім оқушылардан үш мәтіннің ұқсастығын сұрайды.
7. Оқушылар пайымдау мәтіні екенін еске түсіреді. Оқушыларға қима қағаздар беріледі. Кейбір оқушылар әлі де нақты түсінбегендіктен пайымдау мәтіні бөліктерінің (көмекші сөздерімен) кестесін дұрыс құрастыру тапсырылады. Кесте бойынша топ мүшелері қорғайды.
8. Мұғалім алдыңғы берілген мәтіндерге қайта оралады. Мұнда мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын оқушылар анықтаған болатын. Оқушылар осы мәтіндер бойынша пайымдау мәтінінің бөліктерін орналастырады. Әр топ өздеріне берілген мәтін бойынша жұмыс жасайды. Кестені толтырады. Мұғалім көмегін қажет ететін оқушыларға мұғалім жәрдем береді. Оларға қолдау жасап отырады. Ортаға шығып қорғайды, қорытынды жасайды.
- Пайымдауда түсіндіргелі тұрған бөлімі – дәлелденетін пікір қайсысы?
- Оны дәлелдеп тұрған пікір қайсы?
- Дәлелденетін пікір мен дәлелдеу бөлімдері қандай көмекші сөздер арқылы байланысқан?
- Жайын балығына мұртшалар не үшін қажет?
- Бұл дәлел нақты екендігін қайдан білеміз?
- Бұл мәтін қандай стильге жатады?
Дәлелденетін пікір | Дәлелдеу | Мәтіннің негізгі ойы-қорытынды пікір | |
1-мәтін | Балыққа мұртшалар не үшін қажет? | Өйткені балықтар мұртшаларын құрт екен деп ойлайды. | Демек жемін аулау үшін осылай жасайды. |
2-мәтін | Сүңгуір иттер болады | Неге десеңіз жақсы жүзеді, жақсы сүңгиді. | Сондықтан сүңгуір иттерді адамдарды судан құтқару үшін пайдаланған. |
3-мәтін | Бас әріппен жазылатын сөздерді біл | Себебі ереже бойынша ... | Сол себепті есіңе сақтап жүр. |
9.Сергіту сәті. Оқушылармен бірге “Еден-төбе-мұрын” ойыны ойналады. Мұғалім сұқ саусағымен біресе төбені, біресе еденді, біресе мұрнын көрсетеді және “төбе”, “еден”, “мұрын” деп айтып тұрады. Мұғалім кейде айтқан сөзі мен қимылын керісінше жасап, оқушыларды жаңылыстыруға тырысады. Кім қателессе, әрі қарай ойынға қатыспай, ойыннан шығады. Соңында қалған үш оқушы жеңімпаз деп танылады.
10. Оқушылар оқулықтан 34-жаттығуда берілген мәтінді оқиды. Мәтіннен пайымдау мәтінінің бөліктерін тауып (дәлелденетін пікір, дәлелдеу және қорытынды пікір), әр бөліктің арасын байланыстырып тұрған көмекші сөздерді атайды. «Балық қаңқасы» стартегиясы бойынша іздену жұмысы ұйымдастырылады. Бұл стратегия – проблемаларды анықтау және одан шығу жолдарын қарастыру моделі болып табылады. Сондай-ақ оқушылардың ортақ тақырыпты талқылауына септігін тигізеді. Бұл балық сүйектерін тігінен және көлденең орналастыруға болады. Балықтың басына: дәлелденетін пікір жазылады. Қабырға сүйектеріне дәлелдеу бөлігі жазылады. Балықтың құйрығына қорытынды пікір жазылады.
Дәлелдеу
Дәлелденетін пікір Қорытынды пікір
Балықтың басына: Құмырсқаның қыста қарны ашпайды. Қабырға сүйектеріне: Өйткені ол жазда таңертеңнен кешке дейін тапқан азығын илеуіне тасып алады. Балықтың құйрығына: Сондықтан оны еңбекқор жәндік деп атайды.
Жұмыс топта талқыланады. «Автор орындығы» стратегиясы бойынша топта жариялайды. Әр топтан бір оқушы шығып өз жазғандарын оқиды.
- Мәтінде құмырсқаның қыста қарны ашпауына бір ғана дәлел келтірген? Тағы қандай дәлел келтіре аласыңдар?
- 2-дәлел.Қанағатшыл жәндік
- 3-дәлел.Олар ешқашан ұйықтамайды.
- 4-дәлел.Аз қоректенеді.
- Неліктен құмырсқаны қорғау қажет?
Мүғалім дескриптор бойынша оқушыларды бағалайды. Бұл екінші оқу мақсатына байланысты қалыптастырушы бағалау болатын.
Дескриптор:
-Көмекші сөздер арқылы мәтін түрін анықтайды;
-Мәтіннің бөліктерін ажыратады.
Мұғалім кішкентай жәндіктің табиғат үшін пайдасын айта отырып, оны қорғау қажеттігі ескертіледі, яғни көрсе, өлтірмей, илеуін бұзбау керек.
11. Осы тапсырмадан соң оқушылар өз бетімен жұмыс орындайды. Саралау тапсырмасы беріледі. Оқушылар оқулықтан 35-жаттығуды өз бетімен орындайды.Мәтіннің пайымдау бөлігін тауып, көшіріп жазады. Оқушылардың көркем әрі сауатты жазуы қадағаланады.
Қабілеті жоғары оқушыларға суреттер беріледі. Бір суретті таңдап алып, сол сурет бойынша көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін құрастырады.
1-сурет.Құмырсқа - ерекше жәндік.
2-сурет.Жаңбыр жауғанда иттер тасалайтын жер іздейді.
3-сурет. Мысыққа арналған ескерткіш бар.
12. Жұмыс орындалып болған соң жұмыс дәптерлері жинап алынады.
13. Үй тапсырмасына жаңа материал туралы түсініктерін кеңейту үшін оқулық бойынша 36 және37-жаттығу беріледі.
- пайымдау мәтінінің бөліктерін тауып, сызбамен көрсету;
- пайымдау мәтінінің бөліктерін тиісті сөздерді қою арқылы байланыстыру.
14. Сабақ соңында рефлексия жүргізіледі.Мұғалім оқушыларға төмендегідей сұрақтар қояды. Оқушылар сұрақтарға ауызша жауап береді.
- Сіз өзіңіз үшін жаңа не білдіңіз?
- Сіз үшін не жеңіл болды?
- Сізге қай жерде көмек қажет болды?
- Сіздің қандай да бір сұрағыңыз бар ма?
Қосымша әдебиеттер
1.Қазақ тілі. Оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында). Бастауыш білім беру (2-4 сыныптар)
2.«Назарбаев Зияткерлік Мектептері »ДББҰ. Қазақ тілі.Оқу жоспары.2018-2019 оқу жылы. 3-сынып.
2.«Қазақ тілі» оқулығы 3-сынып. Жұмабаева Ә.Е., Алматы «Атамұра», 2018 ж
3.«Қазақ тілі» оқулық-тест.2007,
4. Н.М.Сламбекова.Тіл дамыту бағдарламасы мен әдістемелік нұсқауы.Аруна,2008
5. Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер. Әдістемелік кітапша
6. Сын тұрғысынан ойлау білім үрдісінде. Оқу-әдістемелік құрал.
7. «Жануарлар туралы» энциклопедия
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?