4. Қазақ тілі_3сынып_ 1-бөлім Жанды табиғат_5-сабақ Мәтіннің түрлері және құрылымдық бөліктері_Әдістеме
Мұғалімге әдістемелік нұсқау
Бөлім: Тірі табиғат
Сабақ тақырыбы: Мәтін түрлері және құрылымдық бөліктері
Сабақ мақсаттары: тақырып пен сурет бойынша мәтін мазмұнын болжайды;
мұғалімнің қолдауымен мәтіннің тақырыбын, ондағы негізгі ойды анықтайды;
тірек сөздер арқылы әңгімелеу мәтінін, сипаттау мәтінін, пайымдау мәтінін анықтай алады;
үлгі негізінде сызба/кестені, тірек сөздер қолдана отырып сипаттау мәтінін құрап жазады;
кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі орта темппен жазады;
Ресурстар: таныстырылым,дидактикалық материалдар,бейнежазба, доп, Ақбөкен суреті, морж бен қойдың суреті, «SMS – хабарлама» әдісіне арналған кесте, «Бағдаршам әдісі» бойынша үш түсті дөңгелектер, аудиожазбалар
Қауіпсіздік және денсаулық сақтау жағдайын назарда ұстап оқушылардың сыныпта топқа біріккенде, топтық жұмыста және оқу құралдарын қолдануда қауіпсіздік ережесін атап кету.
Сабаққа қажетті теориялық материалдар
Ғылыми-танымдық мәтіндер – ғылыми тұрғыдан негізделген, деректік қоры айқындалған, оқушының таным өрісін кеңейтетін қызықты мәтіндер. Мәтіннің түрлерінің ерекшеліктері.
Сабаққа қатысты ескертпелер;
Ұйымдастыру кезеңін оқушыларға ширату жаттығуын орындату арқылы бастау.
«Көңіл-күйді анықтау» әдісінің сабақ басында оқушылар бір параққа көңіл – күйін келтіретін сурет салады. Олар суреттерін бір-біріне көрсетеді. Оларға сабақтың аяғына дейін көңіл – күйлерін көтеріңкі деңгейге жеткізу жұмысы тапсырылады.
«Шеңбердегі доп» әдісі арқылы өткен тақырыпты пысықтау. «Торғай» мәтіні туралы және «Қоян» ертегісінен бір сөйлем айту. Ашық сұрақ пен жабық сұрақты қоя отырып, оқушыларға қолдау жасау.
Әңгімелеу, сипаттау, пайымдау деп жазылған парақшаларды таңдау арқылы оқушылар үш топқа біріктіріледі.
Мәтін түрлері туралы біліміңді еске түсіру барысында 19-жаттығуда берілген сөз тіркестерін, сұрақтар, сөйлемдерді тиісті мәтін түріне орналастыру арқылы кластер құрастырады.
«Ойлан. Жұптас. Пікірлес» жұптық жұмыс барысында «Салыстыр» әдісі бойынша мәтіндерді оқып, өзара салыстыруға және мәтін түрін анықтауға үйрету. Қайсысы әңгімелеу мәтіні, қайсысы сипаттау мәтіні екенін дәлелдеуге бағыттау.
Жұптар өзара смайлик арқылы мәтіндерді салыстыруын бағалайды.
Ұжымдық жұмыс. Бейнежазба көрсету ( морж туралы)
«Домино» әдісі арқылы берілген сөйлемдерден доминоны ретімен қою арқылы мәтінді құрастырып шығады.
Мәтін тақырыбына сай келмейтін бөлікті алып тастау керек. Мәтінді қайта құрастырып жазу жіне құрастырған мәтінге ат қою арқылы болжауға үйрету.
Жұптық жұмыс. Бейнежазба көрсету ( қой туралы)
Жұптық жұмыс.Сызбаның көмегімен қойды сипаттап жазу. Ол үшін оның ерекше белгілерін санамалап көрсет; мінез-қасиетін (жуас), бойын (аласа), ерекше белгісін ( жүні қалың) сызба арқылы сипаттап көрсету.
Көркем жазу. Үлкен жол көзді дәптерге бас әріп пен кіші әріптің биіктігін мен көлемін көрсету.Үлгі бойынша жазу.
Суретпен жұмыс
Сипаттау мәтінінің құрылымын анықтау үшін, ақбөкен, морж, қой суреттерімен жұмыс жасайды. Оларды сипаттау үшін ашық сұрақтар қолданылады.
Тыңдалым мәтінімен жұмыстың ерекшелігі
Сағат тілімен допты бере отырып, «Торғай» мәтіні туралы және «Қоян» ертегісінен бір сөйлем айту.
Ашық сұрақ пен жабық сұрақты қоя отырып, оқушыларға қолдау жасаймын.
Тыңдалым материалынан мәлімет алу
Бейнежазба көрсету ( морж туралы). Бейнежазба арқылы морж туралы мәлімет ала отырып, тыңдаған және көрген ақпаратты келесі тапсырманы орындауда қолданады.
Мәтін тақырыбына сай келмейтін бөлікті алып тастап, оны қайта құрастырып жаз. Құрастырған мәтінге ат қой.
Сызбамен жұмыс.
Жұптаса отырып, сызбаның көмегімен қойды сипаттап жаз. Ол үшін оның ерекше белгілерін санамалап көрсет; мінез-қасиеті (жуас), бойы (аласа), ерекше белгісі ( жүні қалың).
Мәтін түрлері туралы біліміңді естеріне түсіртіп.Берілген сөз тіркестерін, сұрақтар, сөйлемдерді тиісті мәтін түріне орналастыру арқылы кластер құрастырады. Сызбамен жұмыс жасағанда оқушы өткенді және талқыланатын тақырыпты түсінуге мүмкіндік береді.
Оқылым. Мәтінмен жұмыс.
Мәтіндерді оқып шығады. Екі мәтінді түсініп оқу арқылы өзара салыстыр алады. Салыстыру барысында мәтіннің түрін анықтауға мүмкіндік туады. Қайсысы әңгімелеу мәтіні, қайсысы сипаттау мәтіні екенін дәлелдейді
Саралау; «Шеңбердегі доп» әдісінде өткен тақырыпты пысықтауда саралаудың қорытынды тәсілі жүреді, өйткені тапсырма бірдей беріледі, алайда жауаптар әр түрлі болуы мүмкін.
19-жаттағығуда қабілетті оқушылар күрделі дереккөздермен жұмыс жасай алады.
Топтық жұмыста саралаудың қарқын тәсілі жүреді, негізгі тапсырмаларды түсіндіруде көмек қажет ететін оқушыларға біршама уақыт беріледі.
Қалыптастырушы бағалау. Бағалау критерий:
- Мұғалімнің көмегімен әңгімелеу ,сипаттау мәтін түрлерін және құрылымдық бөліктерін анықтайды.
- Өз бетінше мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтайды.
- Сызбаны қолдана отырып тірек сөздер арқылы сипаттау мәтінін құрап жазады.
- Кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтайды.
Әр тапсырманы орындау барысында тиімді кері байланыс беру арқылы, оқушыларды ынталандырып отырамын.Және топтар бір-біріне кері байланыс беруін ұсынып отырамын,жұптар бір-бірін бағалауын ұйымдастрамын.
Топтық жұмысты қалыптастырушы бағалау тапсырмасы ретінде аламын.
«SMS – хабарлама» әдісі, «Бағдаршам әдісі» арқылы арқылы сабақты қай деңгейде меңгергені туралы жеткізеді.
«Бас бармақ» әдісі арқылы топтар бір-біріне тиімді кері байланыс береді. Сабақтың соңын «SMS – хабарлама» әдісі арқылы мәтіннің түрлерін қаншалықты меңгергенін анықтау.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?