4. Қазақ тілі_3-сынып_1-бөлім_Жанды табиғат_Әңгімелеу мәтіні және оның құрылымдық бөліктері._Әдістемелік нұсқаулық
Әдістемелік нұсқаулық
Сабақ . 1-бөлім. Жанды табиғат.
Сабақ тақырыбы «Әңгімелеу мәтіні және оның құрылымдық бөліктері.
Оқу мақсаттары
3.2.1.1 тірек сөздер, көмекші сөздер арқылы мәтін түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) және оның құрылымдық бөліктерін анықтау;
3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету;
3.3.7.1 қаратпа, қыстырма сөздерді ажырату және тыныс белгілерін дұрыс қою.
Бағалау критерийлері
-Мәтін түрін ажыратады;
-Мәтіннің құрамды бөліктерін анықтайды;
-Қаратпа сөздерді ажыратады;
-Қаратпа сөздердің тыныс белгілерін қояды;
-Каллиграфиялық нормаларды сақтап жазады.
Құндылықтар Табиғатты қорғауға баулу, еңбексүйгіштікке үйрету.
Пәнаралық байланыс. Әдебиеттік оқу, дүниетану.
Ресурстар кесте, суреттер, маркер, түрлі түсті қарындаштар, жұмыс дәптері.
Сабақ барысы
1 Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару үшін «Миға шабуыл» жүргізіледі. Оқушылар берілген сөзге сәйкес келмейтін сөзді табады. Себебін түсіндіреді. Бұл тапсырма «иә», «жоқ» әдісі бойынша жүргізіледі. Мұғалім әр жолда берілген сөзді бөліп-бөліп оқиды.Мысалы: Сағат – «ұйықтайды» деген сөзді оқыған кезде, оқушылар «жоқ» деп, ал қалған сөздерді оқығанда «иә» деп жауап береді.Мұндағы «тер» сөзі сабақ барысында мәтінді түсіну үшін алынды.
Сағат – ұйықтайды, тұрды, жүреді, асығады.
Күн-жылиды, соғады, шашады, жарқырайды.
Жел-соғады, гуілдейді, үндемейді, құлатты;
Өзен-жүгіреді, ағады, қозғалады, жылжиды;
Тер –ағады,сорғалайды,тамады,өзгереді.
Бұл тапсырмадан кейін мұғалім сабақ тақырыбын және оқу мақсаттарын таныстырады. Оқушыларға бағалау критерийі айтылады.
2. (Т) 3.3.7.1 қаратпа, қыстырма сөздерді ажырату және тыныс белгілерін дұрыс қою. Оқушылар қыздар мен ұлдар болып екі топқа бөлінеді. Оқушылардың назарына төрт сөйлем беріледі. Берілген сөйлемдерді оқушылар зерттейді
1.Жәмила демалыста ауылға барды.
2.Жәмила, демалыста ауылға бардың ба?
3.Түлкі қарғаны мақтады.
4.Даусың неткен әдемі, қарға!
Бұл жұмыс «Венн диаграммасы» арқылы жүргізіледі. «Венн диаграммасы» арқылы берілген сөйлемдердің ұқсастығы мен айырмашылығын анықтап, дәлелдеулер жасайды.
Оқушыларға Венн диаграммасы сызылған қағаз бен түрлі түсті маркерлер, қарындаштар беріледі. Оқушылар белгіленген уақыт ішінде жұмыс жасайды. Топтан бір оқушы шығып қорғайды. Мұғалім оқушылардың жауабын қадағалайды.
(МК). Оқушылар жұмысы қорғалған соң мұғалім екінші мен төртінші сөйлемдегі сөздердің қаратпа сөз болатындығын түсіндіреді. «Қаратпа» түбірі «қара», яғни маған қара мен саған бір нәрсе айтамын деп тұр, ол біреуге қаратып айтылатын сөз. Ол біреуді қарату үшін оның есімін, атын атайды. Қаратпа сөздің ерекшелігін, тыныс белгісін түсіндіреді.
(Теориялық білім)Қаратпа сөз — біреудің назарын өзіне аудару үшін қолданылатын сөздер. Қаратпа сөз болатындар: адам есімдері, туыстық атаулар, жан-жануарлар ертегісіндегі кейіпкерлер, жер-су атаулары т.б. Қаратпа сөз сөйлемнің басында келсе, одан кейін үтір, не леп белгісі, ортасында келсе, екі жағынан үтір белгісі, соңында келсе, оның алдынан үтір қойылады.
[ , ............] |
[........... , ,...........] |
[ ......... , .] |
(Ж).Қаратпа сөз туралы ұғымды кеңейту үшін оқушылар назарына суреттер көрсетіледі. Әр суретке бір сөйлемнен құрастырады. Сөйлем ішінде қаратпа сөз болуы тиіс. Қорғау барысында сызба бойынша сөйлейді. Жұмыс жұппен орындалады. Балмұздақ таяқшалары арқылы немесе қабілеті төмен оқушылардан сұралады. Мысалы,
- Апай, тапсырманы аяқтадым!
- Сендерге жақсы хабарландыру бар, балалар, тыңдаймыз!
- Ыстық шай әкелдім, ата.
- Амансың ба, алтын күн!
- Сәлем,Серік!
- Сиыр, сиыр, маған сүт берші!
Қабілеті жоғары оқушылардан сұралады:
- Қаратпа сөз сөйлеудің қай түрінде көбірек кездеседі: ауызша сөйлеуде ме, әлде жазбаша сөйлеуде ме? Неліктен олай ойлайсыңдар?
(Ө)3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету.
(Қ).«Көркем жазу минуты» жүргізіледі. Оқушылар жұмыс дәптерлеріне хабарлы сөйлемдерді қаратпа сөзі бар сөйлемдерге айналдырады.
Жазуды үйренуде мына принциптерді сақтаған жөн(теориялық білім):
1. Көрнекілік принципі: мұғалім тақтаға, дәптерге таблицаға көрнекіліктер арқылы жазып көрсетеді.
2. Сапалық принципі: мұғалім басында не үшін қиғашынан жазады, әріптерді қалай басқарады, әріптердің биіктігі қандай болу керек екенін түсіндіреді. Қиғашынан жазу тез, әрі ыңғайлы.
3. Қайталау принципі: жаттығуды орындау кезінде пайдаланады. Жазылған нәрсеге міндетті түрде анализ беріледі. Оқушының жазған жазуының дұрыстығын тексеріп отырады.
5. Жеке дара ерекшелігін ескеру принципі; оқушылардың көз нашарлығы, бас ауруы, жүрек ауруы. т. б ескеріп отыруы қажет. Барлық оқушы бірдей емес, олардың жас ерекшеліктері, ойлау қабілеттері әр түрлі Сондықтанда жазу каллиграфиялары әр түрлі. Біреуі өте жақсы, енді біреулері өте нашар жазады. Нашар жазатын оқушылармен жеке жұмыс жасау талап етіледі.
Сабақта каллиграфикалық жазуды қалыптастырудың негізгі әдісідайын үлгіден көшіру әдісі жүргізіледі.
Жандос кітапханадан алған кітаптарын өткізді. Аймаш әжейге орын берді. Ағам терезені жапты. Шынар сабаққа дайындалды. Оқушы ұстазбен амандасты.
Дескриптор:
- сөйлемдерді қатесіз көшіреді;
- бас әріп пен кіші әріптің биіктігін сақтайды;
- бас әріп пен кіші әріптің мөлшерін сақтайды;
- сөздерді, әріптерді үзбей, көлбеу жазады;
- әріптердің дұрыс байланысын көрсетеді.
-мәтіннен қаратпа сөздерді анықтайды;
-сөйлемдегі қаратпа сөздердің тыныс белгілерін дұрыс қояды.
Сергіту сәті. Осы тапсырмадан кейін оқушылар сергіту сәтін орындайды. Оқушылар қимыл жаттығуларын жасайды.
Иілеміз оңға бір, иілеміз солға бір
Бір анда, бір мұнда, Өзінді өзін айнала.
Бас аяқты топ,топ, Шапалақтап хоп,хоп
Бір анда бір мұнда,Өзінді өзін айнала
Басымызды иеміз,би билейміз күлеміз,
Бір анда бір мұнда, Өзінді өзін айнала
(Т)3.2.1.1 тірек сөздер, көмекші сөздер арқылы мәтін түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) және оның құрылымдық бөліктерін анықтау.
Оқушылардан өткен материалдар еске түсіріледі.
- Мәтіннің қандай түрлерін білесіңдер?
- Әңгімелеу мәтінінң ерекшелігі қандай?
Оқушылар «Маңдай тер» мәтінін оқиды.
Оқушылар мәтінді іштей оқиды. Мәтін мазмұнымен жұмыс жүргізіледі. Оқушылар мәтәндегі түсінбеген сөздерін сандықшаға салады. Оқушылар көмегімен мағынасын түсіндіреді. Соңғы екі сөйлем бойынша сұрақ қою және жауап беру жұмыстары ұйымдастырылады.
-Маңдай тер деген не?
-Неліктен Хамит атасын құшақтады?
-Мәтіннің қай түріне жатады?
-Неліктен әңгімелеу мәтініне жатады?
- Оқиға неден басталды?
- Әрі қарай не болды?
- Соңы немен аяқталады?
Оқушылар мәтіннің түрін ажыратады. Сұрақтарға жауап берген соң оқушылар мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтайды. Жай қарындашпен әр бөліктің басталар тұсын басы (Б), ортасы (О), соңы (С) деп белгілейді немесе қарындашпен қоршауға болады. Қаратпа сөздерді табады. Мұғалім барлық оқушыны тексеріп шығады. Балмұздақ таяқшасы арқылы оқушының есімін айтып, оқушының жауабы арқылы тапсырманы пысықтайды.
Қабілеті жоғары оқушылар мәтін бойынша тірек сөздерді табады.
Дескриптор
-Мәтін түрін анықтайды;
-Мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажыратады
Сабақ соңында рефлексия жүргізіледі. Мұғалім оқушыларға төмендегідей сұрақтар қояды. Оқушылар сұрақтарға ауызша жауап береді.
- Сіз өзіңіз үшін жаңа не білдіңіз?
- Сіз үшін не жеңіл болды?
- Сізге қай жерде көмек қажет болды?
- Сіздің қандай да бір сұрағыңыз бар ма?
Үй тапсырмасына жаңа материал туралы түсініктерін кеңейту үшін қаратпа сөзі бар бес сөйлем жазып келу тапсырылады. «Маңдай термен келген еңбек» туралы мысалдар ойлап келеді.
Қосымша әдебиеттер
- Қазақ тілі. Оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында). Бастауыш білім беру (2-4 сыныптар)
- «Назарбаев Зияткерлік Мектептері »ДББҰ. Қазақ тілі.Оқу жоспары.2018-2019 оқу жылы. 3-сынып.
- С.Рахметова. Қазақ тілін оқыту әдістемесі.
- «Қазақ тілі» оқулығы 3-сынып. Жұмабаева Ә.Е., Алматы «Атамұра», 2018 ж
- «Қазақ тілі» оқулық-тест.2007,
- Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер. Әдістемелік кітапша
- Балдырған журналы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?