4. Қазақ тілі_3сынып_ 1-бөлім Жанды табиғат_ 6-сабақ Мәтін түрлері және құрылымдық бөліктері_Әдістеме


Мұғалімге әдістемелік нұсқау

Бөлім: Жанды табиғат

Сабақ тақырыбы: Мәтін түрлері және құрылымдық бөліктері

Сабақ мақсаттары: жетекші сұрақтар көмегімен сурет бойынша мәтін мазмұнын болжайды;тірек сөздер арқылы әңгімелеу мәтінін анықтай алады;мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді

Бағалау критерийі:

  • Мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер бойынша мәтіннің мазмұнын болжайды
  • Көмекші сөздер арқылы мәтіндердің құрылымдық бөліктерін анықтап, жіберілген қателерді түзетеді

Құндылықты дарыту; Қоршаған ортаны қорғау және тірі табиғатты суреттеуде сын тұрғысынан ойлануға баулу.

Ресурстар: ою-өрнектер суреті, «Табыс» ағашының макеті, стикер

Қосыша материалдар:

  • таныстырылым
  • дидактикалық материалдар

Қауіпсіздік және денсаулық сақтау: топтық жұмыста, жұптық жұмыста қауіпсіздік техникасын сақтау.Оқу құралдарын қолданудағы сақтық ережелерін сақтау.

Сабаққа қажетті теориялық материалдар;

Зат ғылыми мәтінде нақты, ал көркем мәтінде бейнелі суреттеледі.

Ғылыми мәтінде заттың қайда кездесетіні, сыртқы бейнесі (түрі), адамның қалай пайдаланатыны ескереледі.

Сабақтағы ескертпелер;

Ұйымдастыру кезеңінде оқушылардың сабаққа ынталандыру үшін, шаттық шеңберін құрылады. Және бір – біріне бүгінгі сабаққа сәттілік тілеу арқылы, өзіне де жауапкершілікті сезінеді.

Өткенді пысықтау барысында мәтін түрлерін қайталау мақсатында ұжымдық жұмыс ұйымдастырылады. Сызба тірек бойынша ақпаратты жеткізеді. Және алдыңғы білімді байланыстыру үшін үйге берліген тапсырманы қаншалықты орындағандары анықталады. Сызба арқылы бұзаудың белгісі, түрі, түсі, ерекшелігін атап, .берілген тиісті сөзді орналастырады.

Сызбамен жұмыс. Сызба арқылы бұзаудың белгісі, түрі, түсі, ерекшелігін атау.Және берілген тиісті сөзді орналастыру

Топтық жұмыс ұйымдастыру үшін, оқушыларды «Мозайка» әдісі арқылы топқа біріктіріледі. Жаңа тақырыпты ашу үшін оюларды мозайка арқылы біріктіріп, оюда бейнеленген жанды заттар туралы ақпарат айтқызылады. Сол оюдағы жануралар арқылы үш топқа біріктіріледі. Оюда кездескен жануарларға байланысты өлең шумағын оқытылады. Өлеңді оқи отырып жылқы, түйе, қарлығашты сипаттайды.Осы тапсырмаларды орындау арқылы, заттың ,ғылыми мәтінде және көркем мәтінде қалай суреттелетіні түсіндіріледі. Айырмашылығын қорғаған жұмыстары арқылы дәлеледеп көрсетіледі.

  Суретпен жұмыс; Таныстырылым арқылы суреттерді сипаттау арқылы тыңдалым мен айтылым дағдылары артады

24-жаттығу «DEAL» әдісі арқылы тақырып пен суретке қарап, өлеңнің мазмұнын болжап, сипаттау мәтіні екенін дәлелденеді.

«DEAL» әдісі мақсаты: өлеңнің мазмұнын болжауға және сипаттау мәтіні екенін дәлелдеуге қолданылады.

D - Describe – баяндау, суреттеу ( оқығанды, көргенді сипаттау, сынау, өлшеу).

E - Explain - түсіндіру (құбылыс немесе оқиға бойынша не білетіндерін, түсінгендерін суреттеу).

A - Anallyse – талдау (ақпаратты талдау, қорытынды жасау, себептерін атау).

L – Links – байланыс (болжамдар немесе қорытынды жасау, өзінде бар біліммен байланыстыру).

Тыңдалым мәтінімен жұмыстың ерекшелігі; Мәтінді оқып, «Бүркіт» мәтінімен салыстырып, айырмашылығы мен ұқсасытығын жаз. Мәтіннің соңғы сөйлемін жазады.

25-жаттығу «Венн диаграммасы» әдісі бойынша екі мәтіннің айырмашылығын және ұқсастығын салыстыру мақсатында қолданылады.

Көркем жазу; Үлкен жол дәптерде жазу үлгілерін еске түсірту. Бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу керектігі қарасытырылады.

Еркін жазу диктанты арқылы оқушылар оқып, есте сақтау қабілетін арттыру мақсатында, 26-жаттығу «Кім жылдам?» әдісі арқылы жаңылтпашты жаттайды, жатқа жазады. Кейін жазған жаңылтпашын өзі тексереді.

Саралау; Жұптық жұмыста саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі жүреді, өлеңнің мазмұнын болжап, сипаттау мәтіні екенін дәлелдеуде кейбір оқушыларға көмек қажет болады.

Мәтіндерді салыстырып, айырмашылығы мен ұқсасытығын жазуда «Қарқын» тәсілі жүреді, кейбір оқушылар басқаларына қарағанда жылдам жұмыс істейді.

Қалыптастырушы бағалау; Әр тапсырманы орындау барысында тиімді кері байланыс беру арқылы, оқушыларды ынталандырылады.Және топтар бір-біріне кері байланыс беруін ұсынылады, жұптар бір-бірін бағалауын ұйымдастырады.

Ою-өрнектер арқылы ынталандыру, «Басбармақ» әдісі арқылы жұптар бір-біріне кері байланыс береді, өзін-өзі смайлик арқылы бағалайды, «Табыс ағашы» арқылы бүгінгі тапсырмаларды қаншалықты меңгергендерін бағалау.

«Стикер» әдісі арқылы кері байланыс аламын.

  • Мен не үйрендім?
  • Маған не қиын болып көрінеді?
  • Не күрделі болды?
  • Мен енді нені үйренгім келеді?

Қосымша әдебиеттер

1.Қазақ тілі. Оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында). Бастауыш білім беру (2-4 сыныптар)

2.«Назарбаев Зияткерлік Мектептері »ДББҰ. Қазақ тілі.Оқу жоспары.2018-2019 оқу жылы. 3-сынып

4.«Қазақ тілі» оқулығы 3-сынып. Жұмабаева Ә.Е., Алматы «Атамұра», 2018 ж

Әдіс-тәсілдер қоймасы

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу